БАҒдарламасы курчатов қаласы, 2016 жыл Мазмұны: Паспорт 3-6 2



бет5/9
Дата01.02.2018
өлшемі2,91 Mb.
#37368
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Негізгі мәселелері:



  1. Қаланы толық жоспарлау жоспарының болмауы.

Экономикалық өсу нүктелерін дамыту

Курчатов қаласы Қазақстан Республикасының атомдық ғылымды дамыту орталығы. «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК және оның филиалдары қаланы құраушы кәсіпорын болып табылады Олардың құрылымында 1,7 мың адамнемесе 23,3 пайыз экономикалық белсенді тұрғындардан.

Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда Министрлігі әзірлеген, өткізілген критерилерге сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінің бағасы бойынша, Курчатов қаласы орташа экономикалық потенциалы бар.

2013 жылы 38, 5 млн теңге сомасында қаражат бөлініп және мынадай жұмыстар жүргізілді: жаңа ойын элементтерін орнатумен Победа көшесі бойынша балалар ойын алаңын ағымдағы жөндеу, қала көшелері бойынша шағын сәулет мүсіндерін орнату, қалаға кіре берісте арка орнату, Буратино балалар саябағын абаттандыру, Абай көшесі бойынша аркалар орнату, қалаға кіре берісте стела орнату, урналар, орындықтар орнату, тұрғын үйлерді көркейту (Абай көшесі, 19, Олимпийская көшесі, 31), Буратино саябағында әткеншектер орнату, су құбырының сыртқы желілерін ағымдағы жөндеу, кәріздердің құбыр желілерін тазарту, Школьная көшесі бойынша жолдарды ағымдағы жөндеу.

2014 жылы 28,0 млн теңге сомасына Победа саябағына ағымдағы жөндеу жүргізілді, 15,0 млн теңге сомасына кірмелі стела орнату, 3,4 млн теңге сомасына Құрлысшылар аллеясы және Буратина саябағын ағымдағы жөндеу.

2015 жылы 18,8 млн теңге сомасына Тәуелсіздік көшесі бойынша скверге ағымдағы жөндеу жүргізілді (ашық аспан астында мұражай жасау үшін), 47,4 млн теңге сомасына «Курчатов қаласының мектеп-гимназиясы» КММ ғимаратының терезелерін бөлшектеу және орнату, екі тірек қабырғаларды күрделі жөндеу.

Курчатов қаласының экономикасын ұзақмерзімдік әртараптандыру үшін «зәкірлі» инвестициондық жобаны іске асыру.

Экономиканы әртараптандырудың перспективалық бағыттары болып өңдеу өнеркәсібінің саласы табылады. Дамытудың бұл бағыты шикізаттық емес секторды дамытудың «зәкірлі» жобасы ретінде анықталды.

«зәкірлі» инвестициондық жобаны жүзеге асыру үшін ұсынылады:

«Гидроксид кальций өндіру бойынша өндірісті модернизациялау», өтініш беруші – «Казхимтехснаб» ЖШС, құны 2940,0 млн. теңге, жүзеге асыру мерзімі – 2015-2017 жылдары.

Синтез-газды пайдаланумен күйдірудің жаңа технологиясы «Казхимтехснаб» ЖШС шығарылатын өнімнің сапасын арттыруға жағдай жасап, шығарылатын өнімдердің номенклатурасын кеңейтеді.

Жоба сонымен қатар:


Жобаны жүзеге асыру кәсіпкерлікті одан әрі қарай дамыту үшін жаңа импульс беріп және толықтай өңірді дамыту мен өндірістің жапсарлас салаларын дамыту үшін қолайлы жағдай жасайды.
SWOT- саланың даму жағдайының сараптамасы:


Күшті жақтары (S):

  1. Жаңа өндірістерді құру бойынша потенциалды мүмкіндіктер бар.

  2. Нарық қажеттілігіне сай шағын және орта бизнестің жедел қайта бағдарлануы.




Әлсіз жақтары (W):

  1. Шағын және орта бизнесті дамыту бойынша заңнамалықтың жетілмеуі

  2. Айналмалы қаражат салудың жетіспеушілігі;




Мүмкіндіктері (O):
      1. 1. Заманауй сауда логистикалық орталықтарын құру, жаңа сауда алаңдарын ашу.


Қауіп-қатер (T):

1.Макроэкономикалық ортада қолайсыз өзгерістер: валюталық курс, пайыздық мөлшерлеме;

2.ШОБ жұмыс істейтін субъектілердің төмендеуі және жұмыссыздықтың ұлғаюы;

3.Сыртқы экономикалық жағдайлардың төмендеу жағдайында жүйе құраушы компаниялардың өнімдеріне сұранымның төмендеуі.



Негізгі мәселелер:

1. Курчатов қаласында жылжымайтын мүлік құнының төмен бағалануы.

2. Қала кәсіпорындарымен көрсетілетін қызметтердің орындалуына жаңадан жасалған шарттардың болмауы:


2.2.2.Әлеуметтік сала

Білім

2016-2019 жылдарға арналған білім және ғылымды дамытуда мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде білім беру саласын дамыту жүзеге асырылады, онда білім берудің сапасын және қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар анықталған.



Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту.

Мектепке дейінгі ұйымдар желісін кеңейту, 5-6 жастағы балаларды мектепалды даярлық сыныптарына қолжетімділігін қамтамасыз ету шаралары қабылданды. 2015 жылы мектепке дейінгі білім, 2013 жылмен салыстырғанда өзгеріссіз қалуда.

Мектепалды даярлық топтарына 5-6 жастағы балаларды қабылдау (261) 100% құрады. Мемлекеттік қызметтер стандартына сәйкес мектепке дейінгі мекемелерге балаларды тіркеу 2013 жылдан бастап толықтай автоматтандырылған.

Мектепке дейінгі балаларды тәрбиемен және оқытумен қамту (570) бала100% - ды құрады .


Мектепке дейінгі ұйымдар желісін дамыту динамикасы 10-кесте


Көрсеткіштері

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2015ж/2013 г.(+,-)

Балабақшалардың бірлік саны.

2

2

2

0

Балалар бақшаларындағы адам саны.

407

433

433

26

Шағын орталықтардағы бірлік саны.

2

2

2

0

Шағын орталықтардағы адам саны.

123

125

137

14

Жалпы балаларды 3 жастан 6 жасқа % қамту

100

100

100

0

3-тен 6 жасқа дейінгі балалардың саны 591баланы құрады. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына 0 – 2 жасқа дейінгі балалардың кезектілігі бар, ол 2015 01.10.жағдай бойынша 436 баланы құрады.

Жалпы орта білім беру

Жалпы орта білім беретін мектептерде 12-жылдық білім беру бойынша қолжетімділігін қамтамасыз ету және білім беру сапасын пилоттық режимде пысықталады, жан басына көшу қаржыландырылады.

2015 жылы 1-ші қаңтарда үш мектеп жұмыс істейді. (11-кесте).


11-кесте - 2013-2015 жылдардағы күндізгі жалпы орта білім беретін мемлекеттік мектептер жүйелерінің динамикасы.



2013жыл

2014 жыл

2015жыл


2015 ж /2013г.(+.-)

Мектептер саны

3

3

3

0

контингент, адам.

1369

1401

1448

47

Үш мектепте 10 сынып-комплект бастауыш сынып ондағы оқушылар саны-228бала, 2013 жылмен салыстырғанда 79 оқушы артты 1369 дейін 1448 адам. Қалада оқушылар контингентінің ұлғайту үрдісі артуда. Қаланың барлық мектептері компьютермен қамтамасыз етілген. Жалпы білім беретін мектептердің компьютермен қамтамасыз етілуі 2015 жылы 10 оқушыға 1 компьютерден.

Барлық мектептер кең жолақты интернетке қосылған (100%). (12-кесте).

12- кесте – Мектептің пән кабинеттерімен жабдықталуы

Көрсеткіштері

саны

Қамтамасыз етілуі,%

Мультимедиалық кабинеттер

3

100

Физика кабинеті

3

100

Химия кабинеті

3

100

Биология кабинеті

3

100

2013 жылдан бастап 2015 жылғы аралықта 95 мұғалім үш деңгейлі біліктілік жүйесінен өтті.

Педагогикалық қызметкерлердің жоғары біліктілік санатты бойынша 29 адам (20,8%), бірінші санатты – 33 адам (23,7%), екінші санатты -38 адам (27,3%), санатсыз -37 адам (26,6 %) құрады.

Бірыңғай ұлттық тестілеу нәтижесі бойынша 2015 жылы орташа балл 60,7 балл көрсетеді.

Қала бойынша оқушылардың жазғы демалысында 1300 адам 98 % құрайды. Жазғы демалысты ұйымдастыру үшін үш мектеп жанындағы лагерлер, бір қала сыртындағы лагерь және үйірмелер мен спорттық секциялар жұмыс істейді.

Курчатов қаласының жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалған. Инклюзивті білім берумен 29 бала қамтылған, бұл көрсеткіш 35,6% - ын мүмкіндігі шектеулі балалар саны (45 бала) құрайды.

Балаларды және жасөспірімдерге қосымша білімберу 62,4 % - ке артып, 2013 жылғы деңгейден шамамен 46 бала, немесе 4 % өсті.


Көптілділікті дамыту

2016-2019 жылдарға арналған ҚР білім және ғылым министрлігінің Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кезең-кезеңмен көптілді білім беру жүйесіне көшу белгіленді. Қазақстанның бірыңғай білім беру кеңістігін кеңейту, ынтымақтастық салаларындағы экономика және мәдениетті қоғам алдында сауатты, бірнеше тілді меңгерген тұлға қалыптастыру. Сондықтан, ағылшын тілін, қазақ және орыс тілдерін білу біздің елімізде бірдей көкейкесті мәселелердің бірі.

Мектептерде көптілділікті дамыту бойынша білікті кадрлармен қамтамасыз етілген.

Қаланың жалпы білім беретін үш мектептерінде қазақ тілі -19 адам, ағылшын тілі -11 адам, орыс тілі – 10 адам жұмыс істейді.


Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау.

2016 жылғы 1 қаңтарда ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны 30 адам, барлық балалар қамқорлық пен қорғаншылықта тұр және патронаттық отбасында.

2012 жылдан бастап облыстық "Мейірім" акциясы және «Территория без сиротства» акциялары іске асырылуда.

Жыл сайын "Қамқоршы күні", тоқсан сайын "Қуан, сәби!", "Асыраушы ата-аналар мектебі" және "Отбасын қолдау қызметі" іс- шаралар бойынша белсенді жұмыс істейді.

Қала бойыншамүмкіндігі шектеулі балалар 0-ден 18 жасқа дейін 45 бала бар. Барлық білім беру ұйымдарында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жағдай жасалған. Үйде 6 оқушы оқиды, олар үшін қашықтықтан оқыту бойынша көмек ғылым негіздері бойынша құрал-жабдық сатып алынды.

SWOT - талдау жағдайы, саланың даму:



Күшті жақтары (S):
1. Шағын орталықтарда қосымша топтар ашу;

2. Балаларды мектепке дейінгі

тәрбиемен және оқытумен қамту;


Әлсіз жақтары (W):
1. Балаларды мектепке дейінгі кезекке қоюды

ұйымдастыру;

2.Қосымша білім беру ұйымдарының жеке ғимараттары болмауы;

3.Қала бюджеті есебінен білім мекемелерін материалдық-техникалық жарақтандырудың жеткіліксіздігі.

4. Қосымша білім беруді дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау, соның ішінде балалар-музыка мектебінің материалдық базасын дамыту.



Мүмкіндіктер (O):

1. Электрондық оқытуды енгізу;

2. Оқушылар орынының тапшылығын жою;

3. Кезектілікті жою

мектепке дейінгі мекемелерде арқылы жекеменшік балабақшалар ашуды;

4. Қосымша білім беру;

5. Жетім және балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету.


Қауіп-Қатер (T):

1. Білікті оқытушылар деңгейінің төмендеуі.

2. Мектептің физикалық және моральдық тозуы;

3. Жас мамандардың көптеп келуі жеткіліксіз:



Негізгі мәселелері:

1. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына балаларды кезекке қою;

2. № 3 орта мектептің және №2 орта мектептің акт және спорт залдары күрделі жөндеу талап етіледі;

3. Білім беру мекемелерін компьютерлік техникамен жабдықталған.



Денсаулық сақтау

Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Курчатов қалалық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны - Курчатов қаласында халыққа білікті медициналық көмек көрсететін жалғыз емдеу мекемесі. Аурухана төрт қабатты типтік ғимаратта орналасқан, 1983 жылы пайдалануға берілген. Орталықтандырылған жылу беру және суық су беру жүйелеріне қосылған.

Қызмет көрсететін халық саны 10125 адам (Курчатов қаласына бекітілген тұрғындар). Қалалық ауруханаға ауысымда 145 адамды қабылдайтын кеңестік-диагностикалық емхана, 38 төсектік стационар, 50 төсектік күндізгі стационар, тәуліктік посты бар жедел және шұғыл көмек бөлімі жатады. Қалалық ауруханада 33 дәрігер, олардың 27-сінің санаты бар және 87 орта медицина қызметкерлері, олардың ішінде 54-нің санаты бар.

2013 жылдан 2015 жылға дейінгі кезеңде демографиялық жағдайдың оң динамикасы байқалады:



  • 1000 тұрғынға шаққандағы халықтың туу деңгейі 15,36-дан (2013

жыл) 14,86 - ға дейін (2015 жыл), немесе 3,2% және облыстық көрсеткіштен 9,2%-ға (ШҚО бойынша 2015 жылға - 16,38) төмендеді.

  • 2013 жылы өлім көрсеткіші 7,68-ге, 2015 жылы 8,46-ға немесе 1,1

есе және облыстық көрсеткіштен 19,2%-ға (2015 жылға ШҚО бойынша – 10,48) өсті.

  • Халықтың табиғи өсу коэффициенті 2013 жылы 7,68-ді құрайды,

2015 жылы 6,4-ке дейін төмендеді және облыстық көрсеткіштен 8,5%-ға (2015 жылға ШҚО бойынша – 5,9) жоғарлады.

Сурет 6 – қала бойынша 2013 - 2015 жылдардағы туу мен өлімнің негізгі көрсеткіштері


Қала бойынша фертильді жастағы әйелдер 24,7 % шамасын құрайды, әйелдер мен балалар денсаулығы мен өнімді денсаулық мәселесінің төмен деңгейін көрсетеді. Соңғы 3 жылда ана өлімі тіркелмеді.

Сәби өлімі көрсеткіші оң динамиканы көрсетеді, 2013 жылы 1000 тірі туғандарға шаққанда 23,1-ден төмендеді, 2015 жылы сәби өлімі тіркелмеді.

Перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар сәби өлімінің негізгі себептері болып табылады. Сәби өлімі құрылымында туа біткен ауытқушылықтар екінші орын алады, бұл ерте жүргізілетін диагностиканың жеткіліксіз деңгейін (туа біткен ауытқушылықты анықтауға жүкті әйелдердің скринингі), жалпы облыста және қалада жайсыз экологиялық жағдайды көрсетеді.

Балалар өлімі көрсеткішінің төмендегені байқалады, 2013 жылы 1-ден 5 жасқа дейін 7,3-тен, 2015 жылы 5,3-ке дейін төмендеген.

Қалада 2013 жылмен салыстырғанда халықтың науқастануы 2015 жылы 72419,7-ден 74291,0-ға дейін арту (алғаш рет тіркелген аурулар).

Өткен жылдарда халықтың әлеуметтік - маңызды аурулардан өлім және олардың таратылу көрсеткіші төмендегені байқалады.



Туберкулезбен ауру көрсеткіші 2013 жылы 94,9-ды, 2015 жылы 41,1-ге дейін немесе 56,7%-ға дейін жыл сайын төмендегені байқалады, облыстық орташа көрсеткіштен 31,4%-ға (2015 жылға ШҚО бойынша – 59,9) төмендеді.

Сурет 7 – 2013 - 2015 ж.ж. туберкулезбен ауру және өлім



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет