Бағдарламасы мазмұны 1Ұлттық цифрлық сәйкестендіру жүйелерін әзірлеу қағидаттары 9



бет47/71
Дата09.11.2022
өлшемі6,79 Mb.
#157362
түріБағдарламасы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   71
Байланысты:
@ 5 B @ 3@0 K 04.03.22 ( )

Биометриялық сәйкестендіру (1:N)

Банктік/қаржылық қызметтер көрсету кезінде банктің, ұйымның ақпараттық жүйелеріне қол жеткізу ақпараттық жүйелерді пайдаланушыларды сәйкестендіру және бірегейлендіру арқылы жүзеге асырылады. Банктің, ұйымның ақпараттық жүйелерін пайдаланушыларды сәйкестендіру және бірегейлендіру мынадай тәсілдердің бір арқылы:50



  • «есептік жазба (сәйкестендіруші) - пароль» деген жұпты енгізу немесе екі факторлық бірегейлендіру тәсілдерін қолдану арқылы;

  • биометриялық және (немесе) криптографиялық және (немесе) аппараттық бірегейлендіру тәсілдерін пайдалану арқылы жүргізіледі.

Электрондық банктік қызметтерді көрсету қағидаларының51 14-тармағына сәйкес электрондық төлем қызметтері заңды тұлғаларға сәйкестендірудің мынадай тәсілдерін пайдалана отырып ұсынылады:

  • ЭЦҚ;

  • динамикалық сәйкестендіру;

  • олардың уәкілетті адамдарын биометриялық сәйкестендіру.

Электрондық төлем қызметтері жеке тұлғаларға сәйкестендірудің мынадай тәсілдерінің бірін пайдалана отырып ұсынылады:52

  • ЭЦҚ;

  • динамикалық сәйкестендіру;

  • биометриялық сәйкестендіру;

  • пайдаланушы мен парольдің бірегей сәйкестендіргіші.

СДАО жүйесінің жұмыс істеу қағидаларына53 сәйкес банк биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалана отырып клиентті сәйкестендіруді жүргізу мақсатында СДАО биометриялық процестерді өндіруші компанияның (вендордың) қажетті биометриялық процесін таңдайды және СДАО-ға ҚБЕО бекіткен форматтарға сәйкес сұрату жібереді. Сұрату форматтары ҚБЕО-ның ресми интернет-порталында орналастырылады. СДАО елиенттің ЖСН бойынша оның фотобейнесін алуға қолжетімді көздеріне сұрату жібереді
Клиентпен қашықтан тәсілмен іскерлік қарым-қатынас орнату кезінде, сондай-ақ клиентке электрондық банктік қызметтер көрсету кезінде биометриялық идентификациялау құралын пайдалана отырып клиентті идентификаттаған кезде СДАО қызметін пайдалануға рұқсат етіледі. Сондай-ақ, көрсетілген жағдайда, клиенттің оның дербес деректерін жинауға, өңдеуге, сақтауға және оның ішінде қажет болған кезде үшінші тұлғаларға ұсынуға алынған, сәйкестендіру құралы арқылы расталған келісімі негізінде банк клиентпен клиентте бар құрылғыларды және (немесе) банктің өзге құрылғыларын пайдалана отырып бейнеконференция сеансын жүргізеді немесе клиенттің қозғалысын анықтау технологиясын пайдаланады. Банктер бейнеконференцияның мазмұнды бөлігін (бақылау мәселелерінің тізбесі болған жағдайда), сондай-ақ клиенттерді қашықтан сәйкестендірген кезде банктер көрсететін қызметтің тізбесі мен көлемін дербес белгілейді.54
Банк СДАО-ға клиенттің жеке не бизнес-сәйкестендіру нөмірі және бейнеконференция сеансынан немесе қашықтан сәйкестендіру процесінде қызмет алушының қозғалысын анықтау технологиясының көмегімен алынған клиенттің бейнежазбасын береді.
СДАО бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы бейнеконференция сеансынан немесе клиенттің қозғалысын анықтау технологиясын пайдалану кезінде алынған фотобейненің және клиенттің қолжетімді дереккөздерінен алынған фотобейнесінің биометрикалық көрсеткіштері бойынша сәйкес болу дәрежесін айқындайды. Клиенттер өтініштерінің бейнежазбасы банкте сақталады.
Жеке тұлға республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген АЕК-тің 50 000 еселенген мөлшерінен асатын сомада электрондық ақшаны иемденген жағдайда, электрондық ақша эмитенті оны сәйкестендіруді жүзеге асыруға міндетті. 55
Электрондық ақша эмитенті шарт негізінде КЖТҚҚ туралы ҚРЗ сәйкес қаржы мониторингі субъектісі болып табылатын заңды тұлғаға электрондық ақша эмитентінің атынан және тапсырмасы бойынша электрондық ақша иесі - жеке тұлғаны сәйкестендіруді жүзеге асыруға уәкілеттік беруге құқылы.56
Электрондық ақша иесін сәйкестендіруді электрондық ақша эмитенті және (немесе) электрондық ақша жүйесінің операторы электрондық ақша иесінің өзі қатысқан және жеке басын куәландыратын құжатын көрсеткен кезде не банкаралық ақша аударымдары жүйесінің операциялық орталығынан қолжетімді дереккөздерден алынған мәліметтер негізінде қашықтан сәйкестендіру арқылы немесе оңайлатылған сәйкестендіру жолымен жүргізеді.57
Электрондық ақша иесін оңайлатылған сәйкестендіруді электрондық ақша эмитенті және (немесе) электрондық ақша жүйесінің операторы электрондық ақша иесінің жеке сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтерді тіркеп және жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесін ала отырып, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарын пайдалану арқылы қашықтық тәсілімен жүргізеді.58
Электрондық ақша эмитенті және (немесе) электрондық ақша жүйесінің операторы электрондық ақша иесі - жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтерді тіркеген кезде қолжетімді көздерден алынған мәліметтер негізінде оны салыстырып тексеруді жүзеге асырады.59
Бір адаммен байланысты биометриялық бақылау үлгісінің сәйкестендіргішін (сәйкестендіргіштерін) іздеуге және қайтаруға бағытталған биометриялық тіркеу дерекқоры бойынша іздеу процесі.60
Клиенттің физиологиялық және биологиялық ерекшеліктері негізінде оның электрондық банктік қызметтерді алу құқықтарын бір мәнді растау мақсатында клиенттің жеке басын анықтау рәсімі.61
Өзіне қабылдаған міндеттемелер сомасына сәйкес келмейтін сомаға электрондық ақша шығарғаны үшін, сондай-ақ электрондық ақша иесін сәйкестендірмей 50 000 АЕК-тен асатын сомаға электрондық ақша шығарғаны үшін, сондай-ақ бір операцияның ең жоғары сомасы, электрондық ақшаны электрондық әмиянда сақтау сомасы және электрондық әмиян арқылы пайдаланылған электрондық ақшаның жалпы сомасы бойынша белгіленген шектеулерден асатын сомаға операциялар жасаған кезде электрондық ақша жүйесінде электрондық ақшаны пайдалануға жол бергені үшін электрондық ақша эмитенті Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген негіздер бойынша, тәртіппен және мөлшерлерде жауапты болады.62
Ішкі бақылау шеңберінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында төлем ұйымдары үшін ұсынылған мәліметтердің дұрыстығын тексеру кезінде басқа да операциялардан басқа, клиентпен (клиенттің өкілімен) жеке басын куәландыратын құжатта орналастырылған фотосуретті көзбен салыстыру жүргізіледі.63
Ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін жүзеге асыру кезінде бұрын дактилоскопиялық тіркеуден өткен адамды дактилоскопиялық ақпарат бойынша сәйкестендіру құжаттау барысында, сондай-ақ ҚР ІІМ құзыретті мемлекеттік органдарының сұратулары бойынша жүзеге асырылады.64




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет