2-ҚОСЫМША
ОПЕРАЦИЯЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ МОДЕЛЬ
Төменде ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес биометриялық жүйелердің операциялық қызметінің кезеңдері қарастырылған.
ДД және БД жинау және өңдеу
ҚР заңнамасына сәйкес дербес деректерді жинауды және өңдеуді ДД жинау және өңдеу қағидаларында20 айқындалатын тәртіппен меншік иесі және (немесе) оператор, сондай-ақ субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімімен үшінші тұлға жүзеге асырады, бұған ДД туралы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында көзделген жағдайлар қосылмайды, онда:
құқық қорғау органдары мен соттардың қызметін, атқарушылық іс жүргізуді жүзеге асыру;
мемлекеттік статистикалық қызметті жүзеге асыру;
ДД мiндеттi түрде иесiздендiру шартымен оларды статистикалық мақсаттар үшiн мемлекеттік органдардың пайдалануы;
ҚР ратификациялаған халықаралық шарттарды iске асыру;
егер субъектiнiң немесе оның заңды өкілінің келiсiмiн алу мүмкiн болмаса, адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау;
адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету жөніндегі ҚР заңнамасының талаптары сақталған жағдайда журналистiң заңды кәсiптік қызметiн және (немесе) бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін не ғылыми, әдеби немесе өзге де шығармашылық қызметті жүзеге асыру;
ҚР заңдарына сәйкес ДД, оның iшiнде сайланбалы мемлекеттiк лауазымдарға кандидаттардың ДД жариялау;
ҚР заңдарына сәйкес субъект ДД ұсыну жөніндегі өз міндеттерін орындамауы;
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеудi, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын МО ҚР заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан ақпарат алуы;
Салықтық әкімшілендіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыру үшін мемлекеттік кіріс органдарының ҚР заңдарына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан ақпарат алуы;
ҚР заңдарында көзделген жағдайларда, қолжетімділігі шектеулі ДД қамтитын электрондық ақпараттық ресурстардың резервтік көшірмесін электрондық ақпараттық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасына сақтауға беру;
ҚР заңнамасының талаптарын сақтау шарттарымен кәсіпкерлік субъектілерінің тікелей өз кәсіпкерлік қызметіне қатысты дербес деректерін бизнес-әріптестердің тізілімін қалыптастыру үшін пайдалану;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де жағдайлар шеңберінде ДД жинау және өңдеу субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз жүзеге асырылады.
Меншік иесінің және (немесе) оператордың ДД жинауға және өңдеуге жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті ДД тізбесінде айқындалған көлемде жол беріледі.21
Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде субъект «электрондық үкімет» веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті, ДД қауіпсіздігін қамтамасыз ету сервисі арқылы, сондай-ақ субъектінің «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы «электрондық үкімет» веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу немесе біржолғы парольді беру арқылы ДД жинауға келісім беруге құқылы.
Субъектіден ДД сұрату кезінде олардың атауларының, оларды жинау және өңдеу мақсаттарының ДД тізбесінде көрсетілген атауларға, жинау және өңдеу мақсаттарына сәйкес келуінің қажет екенін атап өткен жөн.
ҚР ЦДИАӨМ министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 29 шілдедегі № 278/НҚ бұйрығымен бекітілген жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті ДД тізбесіне, оның ішінде ЦДИАӨМ өзге де ДД сәйкес портреттік бейнені (цифрланған фотосуретті) жинауды жүзеге асырады.22
Банктік/қаржылық қызметтер көрсету кезінде төлем қызметтерін беруші ДД туралы ҚРЗ-да көзделген жағдайларды23 қоспағанда, ДД субъектісінің24 келісімімен ДД жинауды және өңдеуді жүзеге асырады.
Банктер туралы ҚР Заңына25 сәйкес, ДД субъектілерінің немесе олардың заңды өкілдерінің келісімінсіз Банк клиенттерінің ДД жинауды және өңдеуді:
қайта ұйымдастыру рәсімі шеңберінде берілетін құқықтары (талаптары) мен міндеттемелері банк клиенттерінің ДД қатысты қосылу жүзеге асырылатын банк;26
банктің активтері мен міндеттемелерінің бір бөлігін не толық мөлшерін басқа банкке (банктерге) бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу кезінде берілетін құқықтары (талаптары) мен міндеттемелері банк клиенттерінің ДД қатысты сатып алушы банк;27
бас банк клиенттерінің ДД қатысты бас банк пен еншілес банк арасындағы активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу кезінде құқықтары (талаптары) мен міндеттемелері берілген банктік және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге арналған лицензияның қолданысы тоқтатылғаннан кейін бұрын еншілес банк болып табылған заңды тұлға;28
төлемге қабілетсіз банктің активтері мен міндеттемелерін басқа банкке (басқа банктерге) бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу кезінде құқықтары (талаптары) және міндеттемелері берілетін төлемге қабілетсіз банк клиенттерінің ДД қатысты сатып алушы банк жүзеге асырады.29
Ішкі істер, Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін жүзеге асыру кезінде БД жинау және өңдеу БД жинау және өңдеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. ҚР қолданыстағы заңнамасымен ҚР азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды дактилоскопиялық және геномдық тіркеуге байланысты қатынастар реттелген.
ҚР заңнамасына30 сәйкес дактилоскопиялық тіркеуді, сондай-ақ БД жинауды, өңдеуді және жоюды жүзеге асырумен өз құзыреті шегінде мына органдар айналысады:
ішкі істер органдары;
сыртқы саяси қызмет саласындағы уәкілетті МО;
Ұлттық қауіпсіздік органдары;
көлік саласындағы МО уәкілі.
Ішкі істер органдарының өз құзыреті шегінде ДД жинауды және өңдеуді жүзеге асыруға құқығы бар.31 Ішкі істер органдары күдіктілерді, айыпталушыларды, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатқан, ішкі істер органдарының арнаулы мекемелерінде ұсталатын, профилактикалық есепке алынған адамдарды криминалистік есепке қою үшін:32
суретке түсiруге;
дактилоскопия жасауға
дактилоскопировать;
дыбыс жазбасын жүргізуге;
кино- және бейне түсiрiлiмiн жүргізуге;
биологиялық және басқа да үлгілерді алуға құқылы
Дактилоскопиялық ақпаратты жинау адамның екі қолы 10 саусағының және (немесе) екі қолы алақандарының папиллярлық бедерлері құрылымының ерекшеліктері туралы БД дактилоскопиялау арқылы алуды және Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларда белгіленген ДД тиісті ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтиды. Бұл ретте дактилоскопиялық тіркеуден өткен адамның ДД оның екі қолының 10 саусағы және (немесе) алақандарының папиллярлық бедерлері құрылымының ерекшеліктері туралы БД «ЖБС» ААЖ-да дербес сәйкестендіргішпен байланысты болады.33
Дактилоскопиялау процесі мынадай тәсілмен:
қолдардың он саусағын немесе екі қолдың он саусағы мен алақандарын арнайы дактилоскопиялық сканерде сканерлеу арқылы бояусыз әдіспен;34
құжатты формулярдың қағаз бланкісінде ресімдеу кезінде дактилоскопиялық картаның қағаз бланкісіне бояу әдісімен, сондай-ақ қол саусақтарын буындардың деформациялануына байланысты сканерлеу мүмкіндігі болмаған жағдайларда жүзеге асырылады.35
Адамдардың дактилоскопиялық ақпаратын жинау мына жерлерде:36
«Халықты құжаттандыру және тіркеу» тіркеу пункттерінде;
көші-қон қызметі бөлімшелерінің «шетелдіктерді құжаттандыру және тіркеу» тіркеу пункттерінде;
ішкі істер органдарын көші-қон қызметі бөлімшелерінде;
ұлттық қауіпсіздік органдарында;
ҚР шетелдердегі мекемелерінде жүргізіледі.
Дактилоскопиялау кезінде алынған қолдардың 10 саусағының немесе екі қолдың 10 саусағының және алақандарының таңбалары «ЖБС» ААЖ дерекқорына енгізіледі, екі қолының сұқ саусақтарының 2 таңбасы жеке басты куәландыратын құжаттың микросхемасына енгізіледі. Сұқ саусақтары (біреуінің немесе екеуінің) болмаған жағдайда (ампутация, туа біткен патология) микросхемаға ортаңғы не аты жоқ саусақтардың немесе қолдардың 2 бас бармақтарының анағұрлым сапалы таңбасы енгізіледі. Қолдың 1-і болмаған жағдайда (ампутация, туа біткен патология) микросхемаға бар қолының 2 саусағының анағұрлым сапалы таңбалары енгізіледі.37
Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы ҚРЗ заңына сәйкес 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап дактилоскопиялық тіркеуді:38
ҚР азаматының төлқұжатын немесе жеке куәлігін алу үшін алғаш рет жүгінген, сондай-ақ оны ішкі істер органдарында қалпына келтірген, ауыстырған жағдайларда, ҚР шетелдердегі мекемелерінде ҚР азаматының төлқұжатын ресімдеген жағдайларда ҚР азаматына қатысты - сыртқы саяси қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;
2. оларға қатысты ҚР теңізшісінің жеке куәлігін беру туралы шешім қабылдаған ҚР азаматтарына, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қатысты - көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;
3. ҚР тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға; ҚР-да тұруына ықтиярхат, азаматтығы жоқ адамның куәлігін, босқын куәлігін алу үшін немесе оны қалпына келтіру, ауыстыру үшін жүгінген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға; жұмыс берушілерде - жеке тұлғаларда үй шаруашылығы жұмыстарын орындау (қызметтер көрсету) мақсатында ҚР-ға үй жұмыскерлері ретінде келген көшіп келушілерге қатысты - ішкі істер органдары;
4. ҚР шегінен шығарып жіберілуге жататын не ҚР ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шарттардың күші қолданылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты - құзыреттеріне сәйкес ішкі істер органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары;
5. ҚР визаларын алу кезінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты - сыртқы саяси қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар, құзыретіне сәйкес ішкі істер органдары жүргізеді.
Дактилоскопиялық және геномдық ақпаратты жоғалтуды, бұрмалауды және санкцияланбаған қолжетімділік мүмкіндігін жою мақсатында дактилоскопиялық ақпарат жинауды жүзеге асыратын уәкілетті МО қызметкерлері «ЖБС» ААЖ электрондық ақпараттық ресурсының автоматтандырылған жұмыс орындарына дактилоскопиялық ақпаратқа қызметтік жұмысы бойынша тікелей рұқсаты жоқ лауазымды және өзге де адамдарды жібермейді.39
Достарыңызбен бөлісу: |