Мемлекеттік органдар жүйелерімен интеграциялық өзара іс-қимыл:
Дербес деректерге қолжеткізуді ұсыну сервисі. СДАО ұсынатын сервистерді кеңейту үшін клиент туралы жалпы суреті бар KYC сервисін қосу ұсынылады, ол үшін қазіргі сәтте қаржы ұйымы түрлі дереккөздерге жүгінуге мәжбүр. Түрлі дереккөздерді СДАО платформасында бір топқа біріктіре отырып, цифрлық бейінмен интеграциялау арқылы қаржы ұйымдары клиент қол қойған, МДБ верификацияланған дербес деректерінен қалыптастырылған KYC сауалнамасын ала алады. Электрондық сауалнама, өз кезегінде, қаржы ұйымдарына клиентке сервистер ұсыну бойынша шешімдер қабылдау процесін жеделдетуге мүмкіндік береді.
Өңделетін ақпараттың дәйектілігін электрондық растауды болжайтын ҚБЕО УЦ базасында деректерге бұлтты қол қою.
Аутентификаттауды бірнеше модальдықтар бойынша іске асыру дамудағы басым бағыт болып табылады. Қазіргі уақытта СДАО үшін - бет бейнесі пайдаланылады, платформаны жетілдіру мақсатында саусақ іздерін және келешекте көздің нұрлы қабығын пайдалану қарастырылады. Бастапқы дерекөзден дактилоскопиялық ақпарат пен фотобейнелерді алу мақсатында биометриялық деректердің эталондық базасын енгізуге дейін ҚР ІІМ ХҚТ ТП арқылы ЖБС ААЖ-мен интеграцияны жүргізу, сондай-ақ модальдылықтарды өңдеу үшін қаржы ұйымдарын тиісті жабдықпен қамтамасыз ету қажет.
Жоғарыда айтылғандардан басқа, қаржы нарығының ұлттық инфрақұрылымының негізгі байланыстырушы элементі деректермен алмасудың стандартты хаттамаларын пайдалана отырып, әртүрлі ұйымдардың ақпараттық жүйелері арасында ақпарат алуды және беруді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ашық интерфейстер (Open API) болып табылады. Цифрлық қаржылық инфрақұрылымды құру және дамыту қаржы нарығында, оның ішінде шағын және орта ұйымдар үшін қызметтердің тиімді ұсынылуын қамтамасыз етеді, бұл Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қаржылық көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыруға және қаржы секторында бәсекелестікті дамытуға ықпал ететін болады.
Орталықтандырылған API схемасы CV (Central Validator, Орталық Валидатор – ҚБЕО) әзірлеген және қолдайтын аутентификаттауға арналған қосымшаның болуын білдіреді. Бұл бағдарлама схеманың негізгі бөлігі болып табылады, өйткені ол пайдаланушыларға қаржылық мәліметтерін қауіпсіз енгізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қосымша деректемелерге тек пайдаланушының қаржы мекемесінің қолжеткізуі мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Алайда, қауіпсіз аутентификаттауға арналған жеке қосымша шешімді жүзеге асырудың жалғыз мүмкіндігі емес. Бұл шешімді функционалдылықты тысқары тарап ұйымының қосымшасына біріктіру арқылы жүзеге асыруға болады.
Open API архитектурасын енгізу көптеген элементтерді қамтиды. Есептік деректерімен алмасу қауіпсіздігі өте маңызды болса да, аутентификаттау процесінде (CV немесе тысқары тарап ұйымы орындағанына қарамастан) пайдаланушымен (пайдаланушы тәжірибесі) өзара әрекеттесу Open Banking-тің сәтті экожүйесі үшін маңызды емес.
Ашық банктік қызмет көрсетудің ықтимал артықшылықтары маңызды: клиенттерге қызмет көрсету сапасын жақсарту, жаңа кіріс ағындары және дәстүрлі қызмет көрсетілмейтін нарықтар/аймақтар үшін тұрақты қызмет көрсету моделі.
Достарыңызбен бөлісу: |