ҚБЕО базасындағы СДАО сервисі екінші деңгейдегі банктер үшін пилоттық жоба шеңберінде іске қосылды. СДАО – сәйкестендіру рәсімдерін жүргізу үшін қолжетімді көздерден клиенттердің деректерімен алмасу бойынша банктермен өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін операциялық орталық.
Негізгі міндеті жеке тұлғаларды олардың жеке қатысуынсыз онлайн режимінде қашықтықтан сәйкестендіруді қамтамасыз ету болып табылады. Қазіргі сәтте қаржы ұйымы СДАО-ға клиенттің жеке не бизнес-сәйкестендіру нөмірін және бейнеконференция сеансынан не қашықтықтан сәйкестендіру процесінде талқыланған қозғалысты анықтау технологиясының көмегімен алынған клиенттің бейнесін береді. Бұл уақытта СДАО бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы бейнеконференция сеансынан алынған фотобейненің биометриялық көрсеткіштері бойынша немесе клиенттің қозғалысын анықтау технологиясын пайдалану кезінде клиенттің қолжетімді көздерден фотобейнесімен сәйкестік дәрежесін анықтайды және қаржы ұйымдарына салыстыру пайызын қайтарады, осы жауап негізінде қаржы ұйымы верификация туралы шешім қабылдайды.
Қазіргі архитектурасы мынадай құрамдастардан тұрады:
СДАО ядро – СДАО-ның бағдарламалық құрамдастары мен қаржы ұйымдары қатысушыларының арасындағы өзара байланысты орнатуға бағытталған бағдарламалық қамтамасыз ету.
СДАО ядро мыналарды:
бұл ЖТ-ның МДҚ-мен сұраныстарды жіберу және ЖТ МДБ-дан жауаптар алу үшін өзара әрекеттесу интерфейсі. Өзара іс-қимыл 2 кезеңде өтеді: бірінші сұрату САДО дерекқорынан Клиенттің суретін сұрайды; екінші сұрату ЖТ МДҚ-дан Клиенттің дербес деректерін алуға бағытталған.
қатысушылардың сұраныстарының түпкілікті сәйкестендіргіші берілетін сұраныстарды өңдеу модулі, клиентті тіркеу, досье құру, сәйкестендіру процесін басқаруды қамтиды.
Матчинг модулі – алынған фотобейненің ЖТ МДҚ-дан алынған эталондық фотобейнелермен бейне сұхбаттан сәйкестік дәрежесін алуға арналған.
ЖТ МДҚ-дан дербес деректерді өңдеу модулі клиенттің сәйкестендіру деректерін, оның ішінде: ТАӘ, жеке басын куәландыратын құжаттың деректерін, жеке сәйкестендіру нөмірін, сондай-ақ заңды мекенжайын алады. Қажет болса, қажетсіз деректерді (отбасылық жағдайы және т. б.) жояды.
Тұлғаны анықтау модулі – клиент пен қатысушы менеджері арасындағы бейне сұхбаттан бейне ағынын өңдеу және клиентті сәйкестендіру кезінде пайдалану үшін ең жақсы фотобейнені анықтау мақсатында Қатысушы-қаржы ұйымының жағында орнатылған СДАО модулі. Тұлғаны анықтау модулі деректерді цифрлық түрлендірудің болмауына байланысты бейнеконференция сеансынан алынған бейне ағынын бақылайды, бейне ағынын өңдегеннен кейін одан клиенттің ең жақсы жеке фотосуретін алады. Алынған фотосурет Қатысушыға жіберіледі.
6-сурет. СДАО-ның ағымдағы архитектурасы
Талдау шеңберінде СДАО жүйесінде негізгі бақылаулар қалыптастырылды:
Оracle дерекқорының алдыңғы (соңғы емес) нұсқасын пайдалану;
Сұраныс бойынша жауап дайындау және жіберу тек салыстыру пайызы және пайдаланушының жеке деректері түрінде болады, бұл шешім қабылдау процесін шектейді;
Тек бір биометриялық модальдылықты қолдану;
Пайдаланушылардың жеке және биометриялық деректерін пайдалануға арналған сандық келісімдерін жинау, сақтау және басқару компонентінің болмауы;
Тұлғаның «тірілігін» анықтау мүмкіндігінің болмауы.
Достарыңызбен бөлісу: |