Бағдарламасы мазмұны 1Ұлттық цифрлық сәйкестендіру жүйелерін әзірлеу қағидаттары 9


ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНА АРНАЛҒАН ЦИФРЛЫҚ БИОМЕТРИЯЛЫҚ СӘЙКЕСТЕНДІРУ



бет37/71
Дата09.11.2022
өлшемі6,79 Mb.
#157362
түріБағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   71
Байланысты:
@ 5 B @ 3@0 K 04.03.22 ( )

ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНА АРНАЛҒАН ЦИФРЛЫҚ БИОМЕТРИЯЛЫҚ СӘЙКЕСТЕНДІРУ
Қаржы секторындағы табысты цифрлық сәйкестендірудің негізгі факторлары қаржылық көрсетілетін қызметтермен қамту болып табылады. Қаржы институттары кірісінің одан әрі өсуі қаржы ұйымдарының жаңа цифрлық қызметтер мен өнімдерді ұсынуы, оның ішінде қашықтан сәйкестендіру арқылы күшейтілетін болады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірлеген Қаржылық технологиялар мен инновацияларды дамыту жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған тұжырымдама шеңберінде қашықтықтан сәйкестендіру және биометрия қаржы нарығын дамытудың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Бұл тетік жеке тұлғаларға қаржылық қызметтерді қаржы институттарының кеңселерінде жеке баруынсыз, бірегей дербес деректердің, оның ішінде биометриялық деректердің (бет әлпетінің, көздің нұрлы қабығының, дауыстың және т.б.) көмегімен адамды растау мүмкіндігі есебінен қашықтықтан алуға мүмкіндік береді.
Қаржы нарығын дамыту мынадай мақсаттарды көздейді:

  • әлемдік озық практика мен халықаралық стандарттар қағидаттарын ескере отырып, Қазақстанның қаржы саласын цифрлық дамытудың жүйелі пайымын, бағыттарын қамтамасыз ету;

  • цифрлық қаржылық қызметтердің қол жетімділігін, сапасын және жиынтығын арттыру;

  • қаржы саласында цифрлық қызмет көрсетудегі тәуекелдер мен шығасыларын азайту;

  • қаржы нарығында бәсекелестікті дамытуға жәрдемдесу;

  • қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында халықтың цифрлық және қаржылық сауаттылығы деңгейін арттыру.

Сеулдегі G20 саммитінде елдердің көшбасшылары қаржылық қолжетімділікті жаһандық күн тәртібінің негізгі тіректерінің бірі деп таныды. Осы күн тәртібін орындау шеңберінде сегіз жоғарғы деңгейлі қағидат әзірленді. Қазақстан Республикасы қаржы секторының кемелдену деңгейін арттыру мақсатында осы қағидаттар негізге алынды.


3-кесте. Цифрлық сәйкестендіру жүйелерін құру қағидаттары







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет