Бағдарламасы мазмұны 1Ұлттық цифрлық сәйкестендіру жүйелерін әзірлеу қағидаттары 9



бет38/71
Дата09.11.2022
өлшемі6,79 Mb.
#157362
түріБағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   71
Байланысты:
@ 5 B @ 3@0 K 04.03.22 ( )

Қағидаттар

Сипаты


Қаржылық қолжетімділікке цифрлық тәсілді ілгерілету

Инклюзивті қаржылық жүйелерді дамытуды ынталандыру үшін, оның ішінде үйлестірілген, бақыланатын және бағаланатын ұлттық стратегиялар мен іс-қимыл жоспарлары арқылы цифрлық қаржылық қызметтерді басымдық ретінде ілгерілету.


Цифрлық қаржылық қызметтердің қолжетімділігіне қол жеткізу үшін инновациялар мен тәуекелдер теңгерімін сақтау

Жаңа тәуекелдерді анықтай, бағалай, мониторинг жасай және басқара отырып, цифрлық қаржылық қызметтердің қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін инновациялардың ілгерілеуін теңестіру.


Цифрлық қаржы қызметтеріне қол жеткізу үшін қолайлы және шамалас нормативтік-құқықтық базаны қамтамасыз ету

Тиісті стандарттар мен стандарттау жөніндегі халықаралық органдардың ұсынымдарын ескере отырып, цифрлық қаржылық қызметтерге қол жеткізу үшін қолайлы және шамалас нормативтік-құқықтық базаны қамтамасыз ету.


Цифрлық қаржылық қызметтер инфрақұрылымының экожүйесін кеңейту

Барлық тиісті географиялық өңірлерде, әсіресе қызмет көрсету деңгейі жеткіліксіз ауылдық аудандарда цифрлық қызметтерді қауіпсіз, сенімді және арзан ұсыну үшін қаржылық, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар инфрақұрылымын қоса алғанда, цифрлық қаржылық қызметтер инфрақұрылымының экожүйесін кеңейту.


Клиенттерді қорғау үшін жауапты цифрлық қаржылық тәжірибені енгізу

Цифрлық қаржылық қызметтерге қатысты мәселелерге ерекше назар аударылатын клиенттер мен деректердің құқықтарын қорғаудың кешенді тәсілін әзірлеу.


Цифрлық және қаржылық сауаттылықты және хабардарлықты арттыру

Цифрлық қаржылық қызметтер мен арналардың бірегей сипаттамаларын, артықшылықтары мен тәуекелдерін ескере отырып, цифрлық және қаржылық сауаттылықты арттыратын бағдарламаларды қолдау және бағалау.


Цифрлық қаржылық қызметтер үшін клиенттерді сәйкестендіруді жеңілдету

Рұқсат етілген, бағасы жағынан қол жетімді және тексерілетін клиенттерді, өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді сәйкестендіру жүйелерін әзірлеу және оларды дамытуды қолдау арқылы цифрлық қаржылық қызметтерге қолжетімділікті жеңілдету, сондай-ақ тәуекелді бағалауға негізделген клиенттерді тиісінше тексеру тәсілі үшін көптеген қажеттіліктер мен тәуекел деңгейлерін ескеру.


Цифрлық қаржылық ресурстарды тартудағы прогресті бақылау

Деректерді өлшеу мен бағалаудың кешенді және сенімді жүйесі арқылы цифрлық қаржылық қызметтерге қолжетімділікті кеңейтудегі прогресті бақылау.
Бұл жүйе цифрлық деректердің жаңа көздерін пайдалануы және мүдделі тараптарға цифрлық қаржы қызметтеріне ұсыныс пен сұранысты талдауға және бақылауға, сондай-ақ негізгі бағдарламалар мен реформалардың әсерін бағалауға мүмкіндік беруі тиіс.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет