Қысқа мерзімді
ДД, ДҚ, биометриялық сәйкестендіру саласындағы терминдер мен анықтамалардың біріздендірілген глоссарийін қабылдау.
Биометриялық сәйкестендіру мәселелерін реттейтін ҚР нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, мәселен, «ҚР заңнамалық актілеріне ДД және БД қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚРЗ қабылдау арқылы «ДД туралы ҚРЗ-ға, Ақпараттандыру туралы ҚРЗ-ға, Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы ҚРЗ-ға, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ҚРЗ-ға, ҚР ҰБ туралы ҚРЗ-ға, Банктер туралы ҚРЗ-ға, Төлемдер туралы ҚРЗ-ға және т. б. өзгерістер енгізу, олар мынадай мәселелерді қарастыра алады:
ҚР бірыңғай нормативтік құқықтық актісі шеңберінде ДД және БД жинау, өңдеу (сақтау, тарату және т.б.) мәселелерін реттеуді біріктіру.
ДД және БД сәйкестендіру, верификациялау және аутентификаттау кезінде жүзеге асырылатын рәсімдерді айқындау.
Ішкі істер, Ұлттық қауіпсіздік органдарының, ҚР ҰБ, ҚР ЦДИАӨМ құзыреттері тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу.
Банктер мен өзге де қаржы ұйымдарының ДД мен БД жинау мен өңдеуді жүзеге асыру тәртібін айқындау.
Биометриялық сәйкестендіру мәселелері бойынша ұлттық стандарттарды қабылдау.
Мемлекеттік органдардың (платформаға қатысушылардың) операциялық дерекқорларына қол жеткізу, өзге де операциялық дерекқорлармен және Бақылау биометриялық жүйесімен өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындай отырып, олардың жұмыс істеуінің жекелеген қағидаларын бекіту және қабылдау.
Азаматтың цифрлық бейінінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту және қабылдау.
Дербес тіркеу жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту және қабылдау.
ДД және БД жинауға және өңдеуге келісімнің үлгілік нысанын бекіту.
Қазақстан Республикасының уәкілетті министрліктері бекіткен жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті ДД тізбелерін қайта қарау және қызмет көрсету кезінде талап етілетін ДД және БД-ға қажетті тізімімен тізбелерді толықтыру.
Ұзақ мерзімді
1. Платформаның жұмысы мен жұмыс істеп тұруын, ҚР заңнамасы талаптарының сақталуын бақылау және қадағалау.
2. Платформаның жұмыс істеуін талдау, жетілдіруді және пысықтауды талап ететін аймақтарды анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |