ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ Жол картасында Ұлттық платформаны енгізу үшін қажетті индикативтік мерзімдер келтірілген. Іске асырудың нақты мерзімдері мен болжамды шығыстары егжей-тегжейлі пысықтау шеңберінде нақтылауды талап етеді.
Ұлттық платформаны іске асырудың болжамды құны 43 649 792 962 теңгені құрайды, оны қаржыландыру республикалық бюджет пен ҚР Ұлттық Банкінің бюджеті арасында былайша бөлінген:
Республикалық бюджет жалпы сомасы 32 318 405 307 теңгеге ҚР ІІМ есептеу инфрақұрылымын, бақылау биометриялық жүйесін дамытуды және жеке басты куәландыратын құжаттарды дербестендіруге арналған мамандандырылған жабдық сатып алуды қаржыландырады;
ҚР Ұлттық Банкі жалпы сомасы 11 331 387 655 теңге болатын "БИЛ" ААЖ биометриялық модальдылықтарды (көздің нұрлы қабығы) кеңейту бөлігінде жаңғыртуды және биометриялық бақылау жүйесінің пилотын, ҚҚЖО дамытуды қаржыландырады.
Іс-шаралар жоспарына 2 421 156 404 теңге кіреді, олар ҚР ІІМ-нің 2022-2024 жылдарға арналған қаржыландыру жоспарында қарастырылған.
Жол картасының іс-шараларын орындау мақсатында ҚРҰБ, ҚР ЦДИАӨМ, ҚР ІІМ, ҚР ҰҚК мемлекеттік органдарының құрамында Басқарушы комитет құру ұсынылады. Басқарушы Комитет жұмыстарды үйлестіруді және қажеттілігіне қарай іс-шаралар жоспарын уақтылы түзетуді қамтамасыз етеді.