Бағдарламасы мазмұны 1Ұлттық цифрлық сәйкестендіру жүйелерін әзірлеу қағидаттары 9



бет53/71
Дата09.11.2022
өлшемі6,79 Mb.
#157362
түріБағдарламасы
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   71
Байланысты:
@ 5 B @ 3@0 K 04.03.22 ( )

Сәйкестендіру провайдерлері

ЦДИАӨМ

ЦДИАӨМ ДД қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық орган болып табылады.

ЦДИАӨ жеке тұлғаның жеке басын сәйкестендіру үшін Digital ID жүйесін пайдаланады.


ЦДИАӨМ ҚР Үкіметіне есеп береді.



ЦДИАӨМ өз құзыреті шегінде:

  1. ДД және оларды қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;

  2. Меншік иесінің және (немесе) оператордың, сондай-ақ үшінші тұлғаның ДД қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру тәртібін әзірлейді;

  3. Меншік иесінің және (немесе) оператордың өздері жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті ДД тізбесін айқындау қағидаларын әзірлейді;

  4. ДД субъектісінің немесе оның заңды өкілінің ДД мазмұны мен оларды өңдеу тәсілдерінің оларды өңдеу мақсаттарына сәйкестігі туралы өтініштерін қарайды және тиісті шешім қабылдайды;

  5. ДД және оларды қорғау туралы ҚР заңнамасының бұзылуына жол берген тұлғаларды ҚР Заңдарымен белгіленген жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдайды;

  6. Меншік иесінен және (немесе) оператордан, сондай-ақ үшінші тұлғадан анық емес немесе заңсыз жолмен алынған ДД нақтылауды, бұғаттауды немесе жоюды талап етеді;

  7. ДД субъектілерінің құқықтарын қорғауды жетілдіруге бағытталған шараларды жүзеге асырады;

  8. Дербес деректерді жинау, өңдеу қағидаларын бекітеді;

9. ҚР ҰҚК-мен келісім бойынша электрондық ақпараттық ресурстарда қамтылған қолжетімділігі шектеулі ДД сақтау, өңдеу және тарату процестерінің қорғалуын қамтамасыз етуді зерттеуді жүзеге асыру қағидаларын бекітеді.

ІІМ және ҰҚК ДД жинауды және өңдеуді жүзеге асырады. Жиналған және өңделген ДД барлық мемлекеттік органдар үшін эталондық болып табылатын ЖТ МДҚ-ға беріледі. ЖТ МДҚ-дан жеке тұлғалардың барлық мәліметтері (тегі, аты және әкесінің аты бөлігінде) сұрату бойынша мемлекеттік органдарға келіп түседі. ЖТ МДҚ Қазақстан Республикасының ведомстволары мен мемлекеттік органдарының 59 ақпараттық жүйесімен біріктірілген, соның ішінде СДАО жүйелері, Digital ID, «Бүркіт» БАЖ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ және басқалары бар.




Әр түрлі қызмет провайдерлері арасындағы өзара танудың мүмкіндігі мен ықтимал модельдері


ҚР ішінде өзара мойындау

«Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қоры (ЖТ МДҚ) – Қазақстан Республикасының азаматтық халін сәйкестендіру және айқындау үшін жеткілікті жеке тұлғалары туралы ақпаратты тіркеудің және сақтаудың бірыңғай жүйесі.


ЖТ МДҚ барлық мемлекеттік органдар үшін эталондық болып табылады. ЖТ МДҚ-дан жеке тұлғалардың барлық мәліметтері (тегі, аты және әкесінің аты бөлігінде) мемлекеттік органдарға келіп түседі. ЖТ МДҚ Қазақстан Республикасының ведомстволары мен мемлекеттік органдарының 59 ақпараттық жүйесімен біріктірілген, соның ішінде СДАО жүйелері, Digital ID, «Бүркіт» БАЖ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ және басқалары бар. ҚР заңнамалық тұрғыда елдегі жүйелерді өзара тану анықталған жоқ.
Негізінен әрбір жүйе азаматтардың ақпаратына қол жеткізу және сәйкестендіру үшін ЖТ МДҚ дерекқорын пайдаланады.


ЕАЭО-ға, ТМД-ға қатысушы елдер арасындағы өзара тану


ICAO аясында жол жүру құжаттарының стандарттары

2002 жылы әлемнің 118 елі ICAO аясында машинамен оқылатын жол жүру құжаттарының стандарттары туралы Жаңа Орлеан келісіміне қол қойды. «Doc 9303. Машинамен оқылатын жол жүру құжаттары.» көрсетілген ерекшеліктерді жеке басты куәландыратын ұлттық құжаттар үшін стандарт ретінде қарауға болмайды. Алайда, сәйкестендіру құжаттарын басқа мемлекеттер жарамды жол жүру құжаттары ретінде таныған мемлекет өзінің жеке басын куәландыратын құжаттарын Doc 9303 құжатының 3 және 4, 5 немесе 6-бөліктеріндегі ерекшеліктерге сәйкес келетіндей етіп әзірлеуі керек.


«Биометриялық сәйкестендіру» термині айырықша биологиялық немесе мінез-құлық ерекшеліктерін өлшеу арқылы оңтайландырылған адам тану құралдарын сипаттау үшін жалпы термин ретінде қолданылады.
Құжат физиологиялық жүйелерді қамтитын биометриялық сәйкестендіру жүйелерінің үш түрін қарастырады:

  • бет әлпетін тану (міндетті);

  • саусақ ізін тану (факультативті);

  • көздің нұрлы қабығын тану (факультативті).

Қазақстан Республикасының азаматы паспортының үлгілерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 шілдедегі № 684 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, босқын куәлігі және оларды қорғауға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының азаматы төлқұжатының мұқабасы тозбайтын материал мен төсемнен дайындалады, олардың арасында Қазақстан Республикасының азаматы төлқұжатының иесі туралы электрондық ақпарат тасығыш ретінде пайдаланылатын антеннасы бар микросхема (байланыссыз интерфейсі бар чип) орналастырылады. Сондай-ақ жадының сыйымдылығы кемінде 64 Кб болатын микросхемада қорғалған түрде Қазақстан Республикасының азаматы төлқұжатының иесі туралы графикалық және мәтіндік ақпарат, құжат иесінің қолының саусақ іздері сақталады.


Жаңа буынның төлқұжаттық-визалық құжаттарының мемлекеттік ақпараттық жүйелерін құрудағы және оларды ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде одан әрі дамыту мен пайдаланудағы ынтымақтастық туралы келісім.

ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 30 наурыздағы № 430 қаулысымен ДД трансшекаралық беру жөніндегі міндеттемелерді орындау тәртібі туралы ескертумен жаңа буынның төлқұжаттық-визалық құжаттарының мемлекеттік ақпараттық жүйелерін құрудағы және оларды ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде одан әрі дамыту мен пайдаланудағы ынтымақтастық туралы келісім бекітілді. Осы Келісімнің мақсаты ДД өңдеу кезінде адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ететін жаңа буынның төлқұжаттық-визалық құжаттарының мемлекеттік ақпараттық жүйелерін құру процестерін үйлестіру болып табылады.


ТМД-ға мүдделі қатысушы мемлекеттерде жаңа буынның төлқұжаттық-визалық құжаттарын енгізу үшін Тараптар:118
- жеке басын куәландыратын құжаттарда биометриялық деректерді пайдалану мүмкіндігі;
- биометрикалық деректерді тіркеу және азаматтар туралы ақпаратты кейіннен автоматтандырылған өңдеу кезінде адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі шаралар, сондай-ақ азаматтар туралы дербес, оның ішінде биометриялық деректерді сақтау жүйесін бақылау қағидаттары;
- жаңа буынның төлқұжаттық-визалық құжаттарын дайындауға, ресімдеуге және бақылауға қатысатын осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің ұлттық атқарушы билік органдарының өкілеттіктері, жауапкершілігі және өзара іс-қимылы;
- мемлекеттік ақпараттық жүйеде қамтылған ақпаратқа қол жеткізу тәртібі;
- жаңа буынның төлқұжаттық-визалық құжаттарына енгізілетін азаматтар туралы ақпараттың құрамы мен мазмұны, оны құжаттау, өңдеу, сақтау, пайдалану және қорғау тәртібі;
- мемлекеттік ақпараттық жүйелерді пайдалану мәселелері;
- ТМД-ға мүдделі қатысушы мемлекеттерде жаңа буынның төлқұжаттық-визалық құжаттарын енгізу үшін қажетті халықаралық стандарттармен үйлестірілген биометриялық деректерді пайдалану саласындағы стандарттарды әзірлеу тәртібін анықтайтын ұлттық заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды.


ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес ДД және БД құқықтары


ДД және БД құқықтары

ДД туралы ҚРЗ ДД субъектісі ұғымын ДД тиесілі жеке тұлға ретінде анықтайды. Сондай-ақ, осы ҚРЗ ДД субъектісінің құқықтары мен міндеттерін анықтады.


ҚР АК-нің119 115.3-бабына сәйкес жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарға: жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, абырой, игі атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге қол сұғылмаушылық, жеке және отбасылық құпия, есім алу құқығы, автор болу құқығы, туындыға қол сұғылмаушылық құқығы және басқа да материалдық емес игіліктер мен құқықтар жатады. Атау ұғымына тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты кіреді.
Өз кезегінде, БД-ға құқықтарды регламенттейтін мәселе ҚР заңнамалық актілерімен нақты реттелмеген, алайда жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарға жататын игіліктер мен құқықтардың тізбесі түпкілікті болып табылмайтындығына және «басқа материалдық емес игіліктер мен құқықтарды» көздейтіндігіне байланысты БД-да осындай басқа да құқықтар мен игіліктер болуы мүмкін.
Осылайша, жеке мүліктік емес құқықтар нысанында жоғарыда баяндалғандарды негізге ала отырып, ДД және БД-ға құқықтар ДД және БД субъектілеріне тиесілі болады.
ДД және БД-ға құқықтар ДД және БД субъектісінен алынған жинауға, өңдеуге келісім негізінде өзге тұлғаларға да тиесілі болуы мүмкін деп ұйғарылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет