Бағдарламасы мазмұны 1Ұлттық цифрлық сәйкестендіру жүйелерін әзірлеу қағидаттары 9



бет61/71
Дата09.11.2022
өлшемі6,79 Mb.
#157362
түріБағдарламасы
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   71
Байланысты:
@ 5 B @ 3@0 K 04.03.22 ( )

Биометриялық жүйе (biometric system):125 Мына мүмкіндіктерді беретін автоматтандырылған (әдетте) жүйе:
1) биометриялық үлгіні тікелей соңғы пайдаланушыдан немесе қандай да бір сараптамалық-криминалистикалық технологияға сәйкес берілген үлгіні алу;
2) алынған үлгіден биометриялық деректерді алу немесе биометриялық деректерден биометриялық белгілерді бір немесе бірнеше бақылау шаблондарымен салыстыруға жарамды түрде шығару;
3) биометриялық белгілерді бір немесе бірнеше бақылау шаблондарындағы белгілермен салыстыру;
4) индекске немесе басқа (метрикалық немесе басқа) көрсеткішке сәйкес ұқсастық дәрежесін анықтау немесе индекс немесе басқа метрикалық көрсеткішпен анықталатын ұқсастық деңгейіне сәйкес шаблондарды саралау;
5) сәйкестендіру және/немесе верификация сәтті орындалғанын көрсете отырып, нәтижені қосымшаға қайтару;
6) биометриялық деректерді және олармен байланысты жүйелік ақпаратты сақтау және осы деректерді басқару.


Биометриялық жүйе (biometric system)126: Мінез-құлқы мен биологиялық сипаттамаларына негізделген адамдарды биометриялық тануға арналған жүйе.


Биометриялық қатысушы (biometric enrollee): Биометриялық деректері биометриялық тіркеу дерекқорында сақталатын биометриялық деректер субъектісі.


Биометриялық функциялар (biometric functions): Биометриялық жүйенің ішіндегі биометриялық тіркеу (3.19), верификация (3.35) және/немесе сәйкестендіру (3.25) бойынша рәсімдер немесе іс-әрекеттер.


Биометриялық сипаттама (biometric characteristic; "biometric" алып тасталды): Адамдарды автоматты түрде тану үшін ерекше, қайталанатын биометриялық белгілер ретінде тіркелуі және қолданылуы мүмкін адамның биологиялық және мінез-құлық сипаттамалары.


Биометриялық шаблон (biometric template): Биометриялық үлгіден немесе биометриялық үлгілер жиынтығынан алынған, кейіннен салыстыру үшін бақылау ретінде сақтауға жарамды биометриялық деректер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет