Бағдарламасы мазмұны 1Ұлттық цифрлық сәйкестендіру жүйелерін әзірлеу қағидаттары 9


Биометриялық деректер жинаудың кооперативтік субъектісі



бет64/71
Дата09.11.2022
өлшемі6,79 Mb.
#157362
түріБағдарламасы
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   71
Байланысты:
@ 5 B @ 3@0 K 04.03.22 ( )

Биометриялық деректер жинаудың кооперативтік субъектісі (cooperative biometric capture subject): Биометриялық деректерді алу процесінің сәтті аяқталуына қол жеткізуге уәжделген биометриялық деректерді жинау субъектісі.


Биометриялық жүйеге қызмет көрсететін тұлға (biometriс attendant): Биометриялық деректерді жинау субъектісімен тікелей өзара іс-қимыл жасайтын биометриялық жүйе операторының өкілі.


Жеке адам (identity): Жалпы мағынада адамның жеке басы туралы түсінік.


Жалған рұқсат (false acceptance): Биометриялық жүйе адамның жеке басын дұрыс сәйкестендірмейді немесе өзін басқа адам ретінде көрсететін адамның жеке басын қате растайды.


Жалған рұқсат бермеу (false rejection): Биометриялық жүйенің соңғы пайдаланушыны сәйкестендіруден немесе соңғы пайдаланушының тіркелген жеке басын верификациялаудан бас тартуы.


Жалған сәйкессіздік (false non-match): Биометриялық деректерді жинаудың бір субъектісінің биометриялық сынамасы мен биометриялық бақылау шаблонын және оның биометриялық сипаттамаларын салыстыру туралы шешім ретінде сәйкессіздік.


Жалған сәйкестік (false match): Биометриялық деректерді жинаудың әртүрлі субъектілерінің биометриялық сынамасын және биометриялық бақылау шаблонын салыстыру туралы шешім ретінде сәйкестік.


Мультибиометриялық жүйе (multiple biometric): Бірнеше биометриялық технологияны біріктіретін биометриялық жүйені анықтау.


Мультимодальды (multi-modal): Бірыңғай биометриялық жүйеде үш құрамдас бөліктің кем дегенде екеуінің жиынтығына қатысы бар.


Биометриялық деректерді жинауға рұқсат етілмеген әрекет (unacceptable capture attempt): Биометриялық деректерді жинау процесінің талаптарын қанағаттандырмайтын биометриялық деректерді жинау әрекеті.


Сәйкестендірілмеген биометриялық деректер (unidentified biometric data): Биометриялық деректер субъектісі белгілі бір уақытта белгісіз болатын биометриялық деректер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет