Биометриялық шаблон/биометриялық белгілердің бақылау жиынтығы (biometric template/reference biometric feature set):127 Биометриялық сынаманың биометриялық белгілерімен тікелей салыстырылатын сақталатын биометриялық белгілер жиынтығы.
Верификация (verification): Сұрау үлгісін жүйеде сақталған көрсетілген шаблонмен «бірге-бір» режимінде салыстыратын және нәтижені сәйкестік индексі немесе сәйкестік шешімі ретінде қайтаратын биометриялық жүйенің функциясы.
Жалған сәйкессіздік ықтималдығы; ВЛНС (false non-match rate, FNMR): Жалған сәйкессіздікке әкеп соққан биометриялық қосарлы салыстырудың аяқталған әрекеттер үлесі.
Жалған сәйкестік ықтималдығы; ВЛС (false match rate, FMR): Жалған сәйкестікке әкеп соққан биометриялық қосарлы емес салыстырудың аяқталған әрекеттер үлесі.
Биометриялық тіркеуден бас тарту ықтималдығы; БТБЫ (failure-to-enrol rate, FTE): Биометриялық тіркеу кезінде сәтсіздікке әкелетін биометриялық тіркеу транзакцияларының белгіленген жиынтығының үлесі.
Биометриялық деректерді алудан бас тарту ықтималдығы; БДАБЫ (failure-to-acquire rate, FTA): Сәтсіз болған биометриялық деректерді алу процестерінің белгіленген жиынтығының үлесі.
Түр (mode): Биометриялық сипаттама түрінің, датчик түрінің және өңдеу әдісінің комбинациясы.
Биометриялық жүйенің иесі (biometric system owner): Биометриялық жүйені сатып алуға, енгізуге және пайдалануға толық жауап беретін жеке немесе заңды тұлға.
Биометриялық алмасу деректері; БАД (biometric interchange data; BID): ISO/IEC 19794 кешенінің стандарттарымен анықталғандай, бір немесе бірнеше алмасу стандарттарына сәйкес пішімделген биометриялық деректер.
Биометриялық деректерді жинауға рұқсат етілген әрекет (acceptable biometric capture attempt): Биометриялық деректерді жинау процесінің талаптарын орындайтын биометриялық деректерді жинау әрекеті.
Достарыңызбен бөлісу: |