«Бірге бір» салыстыру(one-to-one comparison): Салыстыру нәтижесін алу үшін бір биометриялық деректер субъектісінің биометриялық бақылау үлгісімен (үлгілерімен) салыстырылатын процесс.
«Көпшілікке қатысты біреу» арқылы салыстыру(one-to-many comparison; "one-to-few" алып тасталды): Салыстыру нәтижелерінің жиынтығын алу үшін бір биометриялық деректер субъектісінің биометриялық сынамасын (сынамаларын) биометриялық бақылау үлгісімен салыстыратын процесс.
Стандарт (standard): Консенсус негізінде құрылған және ресми орган мақұлдаған, осы түпмәтінде тәртіптің оңтайлы дәрежесіне қол жеткізуге бағытталған қағидаларды, ұсынымдарды немесе іс-қимыл параметрлерін немесе олардың нәтижелерін жалпы және тұрақты пайдалану үшін ұсынатын құжат.
Ұқсастық дәрежесі (similarity score): Ұқсастықпен өсетін салыстыру нәтижесі.
Субъект(subject): Биометриялық деректері тіркеуге немесе салыстыруға арналған соңғы пайдаланушы.
Биометриялық деректер субъектісі (biometric data subject): Жеке биометриялық деректер биометриялық жүйеде орналасқан жеке тұлға.
Биометриялық деректерді жинауды бұзушы субъект(subversive biometric capture subject): Биометриялық деректерді жинау ішкі жүйесінің тиісті және жоспарланған жүйелік саясатын бұзуға тырысатын биометриялық деректерді жинау субъектісі.
Биометриялық деректерді жинауды бұзушы емес субъект(non-subversive biometric capture subject): Биометриялық деректерді жинау ішкі жүйесінің тиісті және жоспарланған жүйелік саясатын бұзуға тырыспайтын биометриялық деректерді жинау субъектісі.
Биометриялық деректерді жинау субъектісі(biometric capture subject): Биометриялық деректерді жинау процесінің субъектісі болып табылатын жеке тұлға.