Биометриялық деректерді жинау міндеті (capture task): Биометриялық деректерді жинау әрекеті кезінде биометриялық деректерді жинау субъектісінің мінез-құлық схемаларының белгіленген жиынтығы.
Жазба (record): Шаблон және соңғы пайдаланушы туралы басқа ақпарат, мысалы, кіру құқығы.
Биометриялық деректер жазбасы (biometric data record): Биометриялық деректерді қамтитын деректер жазбасы.
Биометриялық бақылау шаблоны деректерінің жазбасы (biometric reference data record): Биометриялық бақылау шаблонын (шаблондарын) қамтитын индекстелетін деректер жазбасы.
Биометриялық тіркеу деректерінің жазбасы (biometric enrolment data record): Биометриялық емес деректерді қамтитын және биометриялық бақылау шаблонының сәйкестендіргішімен (сәйкестендіргіштерімен) байланысты биометриялық деректер субъектісіне байланысты деректер жазбасы.
Тіркеу (enrol): Биометриялық тіркеу қағидаларына сәйкес биометриялық тіркеу деректерінің жазбасын жасау және сақтау.
Тіркелген биометриялық үлгі (captured biometric sample; "raw biometric sample" алып тасталды): Биометриялық деректерді жинау процесінің нәтижесінде алынған биометриялық үлгі.
Деректерді иемдену(capture): Соңғы пайдаланушыдан биометриялық үлгіні алу процесі.
Өтініш беруші (claimant): Биометриялық әдістермен тексерілуі мүмкін мәлімдеме жасайтын адам.
Биометриялық жүйенің құрамдас бөліктері(biometric system components): Жүйенің қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті белгілі бір міндеттерді орындайтын жүйенің бөліктері немесе элементтері.
Соңғы пайдаланушы (end-user): Өзін тіркеу немесе сәйкестендіру үшін биометриялық жүйемен өзара іс-әрекет жасайтын адам.