Алынған биометриялық деректер (acquire): Биометриялық деректерді алудың сәтті аяқталған процесі.
Пайдаланушы (user): Биометриялық деректерді тікелей бақылайтын соңғы пайдаланушыға қарағанда биометриялық жүйені басқаруға және/немесе енгізуге және/немесе әкімшілік етуге жауапты адам.
Биометриялық жүйенің пайдаланушысы(user of a biometric system; "end user" алып тасталды): Биометриялық жүйемен қандай да бір түрде өзара іс-қимыл жасайтын кез келген жеке немесе заңды тұлға.
Бұзушы пайдаланушы(subversive user): Тиісті және жоспарланған жүйелік саясатты бұзуға тырысатын биометриялық жүйенің пайдаланушысы.
Бұзушы емес пайдаланушы (non-subversive user): Тиісті және жоспарланған жүйелік саясатты бұзуға тырыспайтын биометриялық жүйенің пайдаланушысы.
Биометриялық тексеру әрекеті(verification attempt): Биометриялық мәлімдеме және салыстыру (тексеру) үшін жиынтығында кіріс деректерін құрайтын биометриялық мәліметтерді жинауға әрекет (әрекет ету).
Биометриялық қосарлы салыстыру әрекеті(biometric mated comparison trial): Биометриялық үлгіні және биометриялық бақылау үлгісін бір биометриялық деректер субъектісінің және биометриялық сипаттаманы пайдалану шеңберінде салыстыруы.
Биометриялық қосарлы емес салыстыру әрекеті (biometric non-mated comparison trial): Биометриялық үлгіні және биометриялық бақылау шаблонын пайдалану сынағы аясында салыстыру.
Биометриялық деректерді жинауға тырысу(capture attempt): Тіркелген биометриялық үлгіні жасауға бағытталған әрекет.
Салыстыру әрекеті (comparison trial): Биометриялық үлгіні пайдалану сынақтары кезінде биометриялық бақылау шаблонымен жалғыз салыстыру.
Шек (threshold): Шектік шешімі бар сандық мән (немесе мәндер жиынтығы).
Шекті мән (threshold): Сұрату үлгісімен салыстырылатын бақылау үлгісін автоматты түрде қабылдау немесе қабылдамау туралы шешім қабылдау үшін салыстыру бағдарламасы қолданатын сәйкестік индексінің шекаралық мәні.
Қосымша (application): Талаптардың кеңейтілген тізімін орындау үшін қолданылатын жабдыққа орнатылған бағдарламалық қамтамасыз ету.