Базалық стандарт (base standard): Опциялар/қолайлы нұсқалар қамтылған элементтер бар негізгі стандарт.
Бейтарап ұсыну (indifferent presentation): Биометриялық деректерді жинау субъектісіне биометриялық деректерді жинау процесі жүргізілетіні туралы хабарланбаған ұсыну.
Биометриялық деректерді жинаудың бейтарап субъектісі(indifferent biometric capture subject): Биометриялық деректерді алу процесінің оң нәтижесіне қол жеткізуге бей-жай қарайтын биометриялық деректерді жинау субъектісі.
Биометрия (biometrics): Адамның мінез-құлқына немесе биологиялық сипаттамаларына негізделген жеке басын автоматтандырылған тану.
Биометриялық дерекқор(biometric database): Биометриялық деректер жазбаларының дерекқоры.
Биометриялық верификация (biometric verification): Салыстыру кезінде биометриялық мәлімдемені растау процесі.
Биометриялық деректер (biometric data): Биометриялық үлгіден алынған және бұрын алынған шаблон салыстырылатын шаблонды құру үшін пайдаланылатын ақпарат.
Биометриялық деректер (biometric data):121 Биометриялық үлгі немесе өңдеудің кез келген кезеңіндегі биометриялық шаблондар жиынтығы, мысалы, биометриялық бақылау шаблоны, биометриялық сынама, биометриялық белгі немесе биометриялық ерекшелік.
Биометриялық мәлімдеме (biometric claim): Биометриялық деректерді жинау субъектісі белгіленген немесе белгіленбеген биометриялық бақылау шаблонының нақты көзі болып табылатындығы немесе табылмайтындығы туралы мәлімдеме.
Биометриялық өтініш беруші (biometriс applicant): Өзінің биометриялық деректерін биометриялық тіркеу дерекқорына енгізуге үміткер адам.