Бағдарламасы мазмұны 1Ұлттық цифрлық сәйкестендіру жүйелерін әзірлеу қағидаттары 9


ҰЛТТЫҚ ЦИФРЛЫҚ БИОМЕТРИЯЛЫҚ СӘЙКЕСТЕНДІРУ ПЛАТФОРМАСЫН ҚҰРУ Платформаның мақсаттары мен міндеттері



бет18/71
Дата09.11.2022
өлшемі6,79 Mb.
#157362
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   71
Байланысты:
@ 5 B @ 3@0 K 04.03.22 ( )


  1. ҰЛТТЫҚ ЦИФРЛЫҚ БИОМЕТРИЯЛЫҚ СӘЙКЕСТЕНДІРУ ПЛАТФОРМАСЫН ҚҰРУ
Платформаның мақсаттары мен міндеттері


Осы бағдарлама ұлттық деңгейдегі цифрлық сәйкестендірудің тиімді жүйесін – ұлттық цифрлық биометриялық сәйкестендіру платформасын қамтамасыз ету үшін әртүрлі мемлекеттік қатысушылардың бастамалары арасындағы үйлестіруді жүйелендіруге бағытталған.


Ұлттық платформаның негізгі міндеті мемлекеттік органдардың цифрлық сәйкестендіру саласындағы қолданыстағы бастамаларының жиынтығын бірыңғай жүйеге біріктіру болып табылады, ол қатысушы тараптардың өзара іс-қимыл рөлдері мен регламенттерін бір мәнді бөлу негізінде басқарылатын болады.


4-сурет. Ұлттық цифрлық биометриялық сәйкестендіру платформасы шеңберінде мемлекеттік қатысушылардың өзара іс-қимылының нысаналы архитектурасы



Ұлттық платформаны құру мақсаты жеке тұлғалар, бизнес, мемлекет және жалпы қоғам үшін төменде көрсетілген артықшылықтарға қол жеткізу болып табылады:



  • Қазақстан азаматтары мен бейрезиденттердің мемлекеттік және жеке қызмет көрсетулерге қолжетімділігін одан әрі кеңейту, олардың формальды экономикаға қатысу және өздерінің экономикалық, әлеуметтік, азаматтық және өзге де құқықтарын іске асыру мүмкіндіктерін ұлғайту.

  • Айқындылықты нығайту, Қазақстанда мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтер көрсету мен мемлекеттік көмектің, оның ішінде деректердің, процестер мен қызметтердің қайталануын азайту есебінен тиімділігін арттыру, мемлекеттік қызметтер мен көмек көрсету кезінде қателер мен алаяқтық үшін мүмкіндіктерді азайту, мемлекеттік жоспарлау және шешімдер қабылдау үшін қажетті ақпарат пен статистиканың сенімділігін арттыру.

  • Жеке сектор мен көрсетілетін қызметтерді дамытуды қолдау, нарыққа қолжетімділікті теңестіру және жеке секторда бәсекелестікті күшейту, сенімді және релевантты нарықтық ақпаратты генерациялау, пайдаланушылар үшін қолайлылықты арттыру.

  • Қазақстанда цифрлық қаржы және төлем инфрақұрылымын одан әрі дамыту және цифрлық экономиканың өсуі: ашықтықты арттыру және жаңа цифрлық бизнес-модельдерді, қызметтер мен салаларды құру, цифрлық төлемдерді фасилитациялау, open API және Open Banking технологияларын перспективалық енгізу, қолма-қол ақшасыз экономикаға көшуге және транзакцияларға сенімді, олардың сенімділігін, қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыру есебінен өнімділіктің өсуіне ықпал ету.

  • Өңірлік сәйкессіздіктерді теңестіру, Қазақстан азаматтарының еңбек және экономикалық ұтқырлығын арттыру.

  • Қазақстан экономикасының әртүрлі салаларында цифрлық инфрақұрылымға жиынтық шығындарды төмендету.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет