Бағдарламасы мазмұны 1Ұлттық цифрлық сәйкестендіру жүйелерін әзірлеу қағидаттары 9


Бағдарламаны іске асырудан күтілетін әсерлер



бет20/71
Дата09.11.2022
өлшемі6,79 Mb.
#157362
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   71
Байланысты:
@ 5 B @ 3@0 K 04.03.22 ( )

Бағдарламаны іске асырудан күтілетін әсерлер


Қазақстанда Ұлттық платформаны және цифрлық сәйкестендірудің жалпы ашық, сенімді және тиімді жүйесін құру азаматтар, бизнес және мемлекет үшін көптеген оң әсерлерді қамтамасыз етеді.


Атап айтқанда, азаматтар мен жеке сектор жақсартылған сәйкестендіру нәтижесінде цифрлық алаяқтық пен ұрлық тәуекелдерін азайту, әкімшілік, комплаенс, транзакциялар және т.б. үшін уақыт пен операциялық шығындарды төмендету арқылы пайда көреді. Күтілетін оң әсерлерге азаматтар үшін цифрлық қызметтердің қолжетімділігін арттыру және бизнес үшін клиенттік базаның өсуін жатқызған жөн. Азаматтар мен бизнестің цифрлық қызметтерге деген сенімінің күтілетін жалпы өсуін, неғұрлым қолайлы бизнес-ахуал қалыптастыруды атап өту қажет. Бұдан басқа, азаматтар мен бизнес үшін келесі күтілетін әсерлерді атап өтуге болады:

  • қызметтердің жаңа түрлерін (оның ішінде төлем түрлерін) толық цифрлық түрде және қашықтағы форматта алу мүмкіндігі;

  • үшінші тараптар үшін дербес деректерге қолжетімділікті өз бетінше басқару мүмкіндігі;

  • мемлекеттік және коммерциялық қызметтерді цифрлық форматта көрсету үшін уақыт пен қадамдарды қысқарту;

  • цифрлық қызметтерді ұсыну процестерін оңтайландыру есебінен олардың құнын төмендету;

  • дербес деректердің сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыру;

  • деректерді өңдеуге негізделген жаңа қызметтер мен бизнес-модельдердің пайда болуы;

  • басқарушылық шешімдер қабылдауда пайдаланылатын деректер көлемін ұлғайту есебінен операциялық тиімділікті арттыру.

Мемлекеттік сектор да әлеуметтік жәрдемақылар мен көмекті бөлу процестеріндегі қателерді азайту және алаяқтық («өлі жандарды» жою, қайталау, мемлекеттік қаражатты заңсыз алушылар), мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен функциялардың қайталануын оңайлату, автоматтандыру және жою есебінен әкімшілік және транзакциялық шығындарды азайту түрінде елеулі пайда алады.
Мемлекет үшін оң әсерге салықтардың жиналуын арттыру және салық салынатын базаны кеңейту, ақылы мемлекеттік қызметтер көрсеткені үшін қосымша кірістер және т.б. жатады. McKinsey8 мен Дүниежүзілік банктің бірлескен зерттеуіне, сондай-ақ дамушы экономикалардағы ұқсас бағдарламалардың тиімділігін бағалауға сәйкес бағдарламаны енгізудің болжамды экономикалық әсері ІЖӨ-нің 3%-ын құрауы мүмкін.
Платформа шеңберінде құрылған инфрақұрылым да мемлекеттік органдардың цифрлық сәйкестендіруді іске асыруға жиынтық шығындарын тиісінше төмендете отырып, қолданыстағы бастамалар арасында қайталанатын функцияларды орындаудан аулақ болуға мүмкіндік береді.
Цифрлық биометриялық сәйкестендірудің ұлттық платформасын енгізу қаржы нарығын дамытуға және қаржылық инклюзивтілікке, жабық экожүйелердің ағымдағы жай-күйінен және жаңа қаржы ойыншылары мен қаржылық-технологиялық инновациялардың пайда болуы мен өсуі үшін кедергілерден пайдаланушылардың жеке дербес деректерін бақылауды және цифрлық бизнеске арналған инновациялар мен өсу үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін жалпы цифрлық қаржылық инфрақұрылымға көшудің арқасында қаржылық көрсетілетін қызметтер бәсекелестігі мен сапасын арттыру ықпал ететін болады.
2022-2024 жылдарға арналған ұлттық цифрлық биометриялық сәйкестендіру платформасын құру бағдарламасы Қазақстанда цифрлық сәйкестендірудің кешенді дамуын көрсететін жүйелі құжат болып табылады. Ұсынылатын бастамалар цифрлық сәйкестендіру процестерінің барлық мүдделі тараптарының – азаматтардың, жеке сектордың және мемлекеттік органдардың қызметіндегі өзгерістерді қамтиды.
Осыған байланысты берілген бағыттарды табысты және тиімді іске асыруға кешенді және біртұтас тәсіл кезінде, тығыз өзара іс-қимыл кезінде және барлық тараптарды барынша жұмылдырғанда ғана қол жеткізуге болады.
Бағдарламаның стратегиялық бағыттарын іске асыру процесі де макроэкономикалық ахуалдың ықтимал өзгерістеріне бейімді болуға тиіс. Осыған байланысты іс-шараларды орындау жалпы экономикалық жағдайға және басқа да макрофакторларға байланысты тәуекелдер мен шектеулерді ескере отырып жүзеге асырылатын және түзетілетін болады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет