Бағдарламасы мазмұны 1Ұлттық цифрлық сәйкестендіру жүйелерін әзірлеу қағидаттары 9



бет28/71
Дата09.11.2022
өлшемі6,79 Mb.
#157362
түріБағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   71
Байланысты:
@ 5 B @ 3@0 K 04.03.22 ( )

Күтілетін нәтижелер


Архитектураның нысаналы жағдайының күтілетін нәтижелері:



              1. Платформа компоненттерінің иелерін анықтау және бекіту.

              2. Мультимодальды биометриялық верификацияны қолдану арқылы верификация нәтижелерінің дәлдігін арттыру.

              3. Түрлі АЖ-да биометриялық ақпаратты беруді болдырмау.

              4. Деректердің қауіпсіздігіне, конфиденциалдығына және тұтастығына қойылатын талаптарды сақтау.

5. Деректерді жинауды, өңдеуді, пайдалануды, мұрағаттауды және жоюды қоса алғанда, биометриялық деректерді басқарудың тиімділігі мен нәтижелілігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету.


    1. Нысаналы архитектураны іске асыру бойынша қорытындылар мен ұсыныстар тізбесін қалыптастыру


Қолданыстағы шешімдердің нысаналы архитектураның компоненттеріне сәйкестігін бағалау және ұсынымдарды әзірлеу мақсатында архитектураның ағымдағы компоненттеріне және халықаралық тәжірибенің ұсынымдарына талдау жүргізілді.


Платформаның инфрақұрылымы оны пайдалану аясын одан әрі кеңейту мүмкіндігін ескере отырып жобалануға және қолданысқа енгізілуге тиіс. Инфрақұрылымды жобалау кезінде бағдарламалық-аппараттық қателерге, техникалық және бағдарламалық құралдардың істен шығуына, қателер мен істен шығулар туындаған кезде оның жұмыс қабілеттілігі мен ақпараттық мазмұнның тұтастығын қалпына келтіру мүмкіндігімен, сондай-ақ жабдық жұмыс істемей қалған жағдайда серверлердің бағдарламалық қамтылымын қалпына келтіруге қатысты тұрақтылықты қамтамасыз ету қажет.
Нысаналы архитектураның шеңберінде сондай-ақ технологиялық сипаттамалар мен өнімділік тұрғысынан да, пайдалану сценарийлері мен тәуекел деңгейлеріне байланысты деректерді аутентификакаттау/верификациялау деңгейлері әртүрлі көп деңгейлі қол жеткізу моделімен қолданылатын сәйкестендіру технологиялары тұрғысынан да жүйені масштабтау көзделуі тиіс.
Нысаналы архитектураны іске асыруды қамтамасыз ету үшін қосымша болжанады:

  1. Терминологияны нақты айқындай отырып және қатысушылардың рөлдерін, жауапкершілік аймақтарын, құқықтары мен міндеттерін бекіте отырып, ағымдағы заңнамаға өзгерістер енгізу.

  2. Іске асырылатын шешімдер шеңберінде қатысушылар мен серіктестер құзыреттерінің бірыңғай деңгейін қалыптастыруды қамтамасыз ету үшін жаңа (өзекті) және қолданыстағы стандарттарды енгізу және қолданылуын қамтамасыз ету.

  3. Аутентификаттау және авторизация туралы ақпарат алмасу үшін ашық стандарттарды пайдалану (OpenID Connect және OAUTH2 сияқты стандарттарды қолдау).

  4. Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының қорғалған контурындағы деректерді өңдеуді жүзеге асыратын жүйелердің орналасуы.

  5. Резервтік серверлердің болуы және олардың бағдарламалық және аппараттық компоненттер бойынша істен шығуға тұрақтылығы.

  6. Ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкестігі тұрғысынан аттестаттау/сертификаттау рәсімдерінен өткен компоненттерге – жүйелерге қолжетімділік беру.

  7. Ағымдағы күйден нысаналы архитектураға көшу бойынша жоспар-кестені бекіту.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет