Бағдарламасы мазмұны 1Ұлттық цифрлық сәйкестендіру жүйелерін әзірлеу қағидаттары 9


Биометриялық сәйкестендіруге қатысты ҚР заңнамасындағы проблемаларды, сын-қатерлерді талдау



бет31/71
Дата09.11.2022
өлшемі6,79 Mb.
#157362
түріБағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   71
Байланысты:
@ 5 B @ 3@0 K 04.03.22 ( )

Биометриялық сәйкестендіруге қатысты ҚР заңнамасындағы проблемаларды, сын-қатерлерді талдау


Ұлттық платформаны енгізу заңнамалық базаны қашықтан сәйкестендіру тетігін пайдалану мүмкіндігін кеңейту бөлігінде жетілдіру үшін қажетті серпін болады.


Биометрияны азаматтар күнделікті өмірде жаппай қолданатынына және белсенді түрде масштабталатынына қарамастан, Қазақстанның ағымдағы заңнамасына жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша терминдердің мағынасы толық ашылмайтыны, бірыңғай ұғымдық аппарат пен биометриялық сәйкестендіруде терминдердің бірыңғай біріздендірілген анықтамалары жоқ екені анықталды: миллиондаған адамдар саусақ іздерін немесе өздерінің мобильді құрылғыларын бұғаттаудан ашу үшін, ғимараттарға кіру, шоттар ашу және басқа да қаржылық қызметтерді алу үшін бет әлпетін пайдаланады (тізім толық емес).
Ұлттық платформаның жұмыс істеуінің қауіпсіздігін, тұтастығын және үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін заңнамадағы анықталған сын-қатерлер/олқылықтар мәселелердің тиісті блоктары бойынша бөлінді:

        1. Терминология

Дербес және биометриялық деректер, биометриялық сәйкестендіру/верификация саласында терминдер мен анықтамалардың бірыңғай тізбесі жоқ.
2. Талаптарды стандарттау
ҚР-да биометриялық сәйкестендірудің бірыңғай технологиялық стандартының болмауы.
3. Құқықтық реттеу

  • Биометриялық сәйкестендіру саласындағы қатынастарды, сондай-ақ олардың өзара іс-қимылын реттеу үшін қатысушылардың рөлі, құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі бекітілмеген.

  • Көрсетілетін қызметті алушыны сәйкестендіру тәсілін айқындау үшін Электрондық нысандағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сыныптау қағидаларында ЭЦҚ алу бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті онлайн алу кезінде пайдалануға қарамастан, Digital ID арқылы сәйкестендіру мүмкіндігі айқындалмаған.

  • Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде жиналуы және өңделуі жүзеге асырылған БД-ның сақталу мерзімі заңнамалық түрде бекітілмеген.

  • «Цифрлық із» құқығының болмауы.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет