Бағдарламасы мазмұны 1Ұлттық цифрлық сәйкестендіру жүйелерін әзірлеу қағидаттары 9


Қазақстан Республикасының ағымдағы заңнамасын талдау



бет30/71
Дата09.11.2022
өлшемі6,79 Mb.
#157362
түріБағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   71
Байланысты:
@ 5 B @ 3@0 K 04.03.22 ( )

Қазақстан Республикасының ағымдағы заңнамасын талдау


Бүгінгі таңда Қазақстанда биометриялық және цифрлық сәйкестендіруді пайдалану терминдері мен тәртібі айқындалған бірқатар нормативтік-құқықтық актілер бар. Қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілердің тізбесі 1-қосымшада келтірілген.


ҚР заңнамасымен реттелген қандай да бір дәрежеде биометриялық сәйкестендіруді қолдану саласы:

  • Мемлекеттік қызметтерді көрсету;

  • Электрондық-банктік қызмет көрсету;

  • Құқық қорғау қызметі.

Дербес деректер саласындағы қоғамдық қатынастарды «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі. ҚРЗ сәйкес дербес деректерге (бұдан әрі – ДД) олардың негізінде айқындалған немесе айқындалатын дербес деректер субъектісіне жататын, электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық жеткізгіште тіркелген мәліметтер жатады.10
Биометриялық деректер (бұдан әрі – БД) субъектінің физиологиялық және биологиялық ерекшеліктерін сипаттайтын дербес деректер болып табылады, олардың негізінде оның жеке басын анықтауға болады.11
«Шекара саласында ТМД-ға қатысушы мемлекеттер пайдаланатын терминдер мен ұғымдардың глоссарийі туралы» ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Парламентаралық Ассамблеясының 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 47-13 қаулысына сәйкес адамның жеке басын анықтауға болатын оның физиологиялық ерекшеліктерін сипаттайтын мәліметтер: цифрлық фотосурет, саусақ іздері, көздің нұрлы қабығының бейнесі және өзге де биометриялық деректер биометриялық деректер болып табылады; дербес деректер субъектісінің жазбаша нысандағы келісімі болған кезде ғана және ұлттық заңнамаға сәйкес өңделуі мүмкін. Осындай анықтама ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде жаңа буынның паспорттық-визалық құжаттарының мемлекеттік ақпараттық жүйелерін құруда және оларды одан әрі дамыту мен пайдалануда ынтымақтастық туралы келісімде қолданылады.12
«Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» ҚРЗ13 талаптарына сәйкес адамның немесе танылмаған мәйіттің жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін саусақтарының және (немесе) алақандарының папиллярлық үлгілері құрылымының ерекшеліктері туралы биометриялық деректер де дактилоскопиялық ақпарат болып табылады.
ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес биометриялық жүйелердің операциялық қызмет сатыларының толық сипаттамасы Бағдарламаға 2-қосымшада сипатталған, олар мынадай үлгілерді қамтиды:

  • дербес және биометриялық деректерді жинау және өңдеу;

  • дербес және биометриялық деректерді сақтау;

  • биометриялық сәйкестендіру (1: N);

  • биометриялық верификаттау (1:1);

  • дербес және биометриялық деректерге қолжетімділік;

  • дербес және биометриялық деректері бар іс-әрекеттер туралы хабарлама;

  • дербес және биометриялық деректерді пайдалану;

  • дербес және биометриялық деректері бар ақпаратты тарату;

  • дербес және биометриялық деректерді өзгерту және толықтыру;

  • дербес және биометриялық деректерді бұғаттау;

  • дербес және биометриялық деректерді иесіздендіру;

  • дербес және биометриялық деректерді жою;

  • дербес және биометриялық деректерді қорғау.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет