Нысаналы архитектураны іске асыруды жоспарлау
ЖБС ААШЖ масштабтау биометриялық деректерді жинау, өңдеу, сондай-ақ сақтау және алмасу бойынша міндеттерді орындау шеңберінде ҚР ІІМ базасында болды. Бастапқы кезеңде ЖБС ААШЖ саусақ іздерін өңдеуге мүмкіндік береді деп болжанады. Болашақта көздің нұрлы қабығын жинау және өңдеу мүмкіндігі қарастырылады.
Қазіргі уақытта ЖБС ААШЖ және ХҚТ ТП ҚР ІІМ ведомствоішілік қажеттіліктерін жабады және Платформаны іске асыру нәтижелері бойынша қалыптасатын қосымша жүктемеге есептелмеген.
Ведомстволық деректер базасының жұмыс істеуін бұзбай жеке тұлғаларды верификациялау мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін ЖБС ААШЖ және ХҚТ ТП жаңғырту (оның ішінде инфрақұрылыммен қамтамасыз ету) талап етіледі. Сондай-ақ, дербес және биометриялық деректерді сақтауды және өңдеуді қамтамасыз ету үшін Бақылау биометриялық жүйесін және провайдерлердің операциялық деректер базасын (ҚР ЦДИАӨМ және ҚР ҰБ) құру жоспарлануда.
Бұдан басқа, биометриялық верификация функционалын кеңейту, KYC сервисін іске асыру, электрондық-банктік қызметтерді көрсету кезінде бұлтты ЭЦҚ пайдалану бөлігінде сәйкестендірудің салалық жүйесін – ҚР ҰБ СДАО жаңғырту көзделеді. СДАО жаңғырту бойынша толық сипаттама 8-бөлімде берілген.
DigitalID (ЦДИАӨМ) жобасының функционалдық мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі іс-шаралар тиісті мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында көзделеді және Ұлттық платформаны іске асыру шеңберінде іске асыруға көзделмейді.
Сонымен қатар, мемлекеттік деңгейде верификацияның әмбебап тетігін құру мақсатында Ұлттық платформаның жекелеген инфрақұрылымдық элементтеріне DigidalID қорғалған қолжетімділігін ұсыну көзделеді.
Мерзімдері көрсетілген нысаналы архитектураға көшу жөніндегі іс-шаралардың егжей-тегжейлі тізбесі осы Бағдарламаға Іс-шаралар жоспарында ұсынылған.
Нысаналы архитектураға жету міндеттері
Қойылған мақсат негізінде деректер архитектурасының нысаналы жай-күйіне қол жеткізу бойынша мынадай түйінді міндеттер айқындалды:
биометриялық верификация рәсімдерін реттеуге және жауапкершілікті бөлуге бағытталған ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттарды әзірлеу;
заңнама және стандарттар шеңберінде биометриялық верификация әдістерін анықтау және қолдану;
мақсатты архитектураны іске асыруға арналған бюджетті бағалау және анықтау;
ағымдағы жағдайдан мақсатты жағдайға көшу бойынша жоспар-кестені құру және бекіту.
Достарыңызбен бөлісу: |