93. Жалпы білім беру сапасының ішкі қасиеттеріне сипаттама беріңіз.
Білім сапасы – бұл кешенді түсінік, ол қызмет түрінің тиімділігін, яғни 5 білім беру стратегиясын әзірлеу, оқыту процесін ұйымдастыру және т.б әрекеттерді жан жақты сипаттайды. Білім сапасы білім беру процесінің мақсаттары, міндеттері мен мазмұнына; мұғалімдердің шеберлік деңгейі мен қызметтің ұйымдастырылуына; білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасының жағдайы мен оқу процесінің ғылыми-ақпараттық базасының деңгейіне байланысты болады. Жалпы білім беру сапасының ішкі қасиеттеріне мыналар жатады: білім беру үдерісінің негізгі шарттары, білім беру үдерісін басқару, ғылымиәдістемелік жұмыстар, маманмен қамтамасыз ету, оқушылардың психикалықсоматикалық денсаулығы, мектепке дейінгі білім беру, педагогикалық еңбекті ынталандыру, білім беру үдерісін жүзеге асыру және қаржыландыру, оқыту, оқу; білім беру үдерісінің нәтижелері: білім, дағды, шығармашылық жұмыстың шараларын игеру, тұлғаның тәрбиелілігі және дамуы. Жалпы білім беру сапасының ішкі қасиеттерін қамтитын білім беру сәйкестігі: оқушылардың білімдік қажеттілігіне, ата-аналардың білімдік сұранысына, қоғамдық институттардың қажеттіліктеріне, мемлекеттің талаптарына, аймақтық еңбек нарығының және кәсіптік білім берудің талаптарына; білім сапасына кепілдік беретін заманауи мектептің имиджіне.
Достарыңызбен бөлісу: |