Бағдарламасы мазмұнын түсіндіріңіз. Халықаралық зерттеу бағдарламасы


Критериалды бағалаудағы қалыптастыратын құзыреттіліктер қатарын атаңыз



бет125/132
Дата11.07.2020
өлшемі0,53 Mb.
#75105
түріБағдарламасы
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   132
Байланысты:
БӨТ (копия)

90. Критериалды бағалаудағы қалыптастыратын құзыреттіліктер қатарын атаңыз.

 Критериалды негізде бағалау – оқушылардың негізгі құзыреттіліктерінің  қалыптасуына жағдай жасайтын, білім берудің мақсаты мен мазмұнына сәйкес нақты анықталған критерийлер бойынша салыстыруға негізделеді.



Критериалды бағалаудың міндеттеріне:

1.Оқу үдерісінің әрбір кезеңінде оқушының дайындық деңгейін анықтау;

2.Оқу бағдарламасына сәйкес оқытудың мақсаты мен нәтижелерінің жетістіктерін оқушылардың өздерінің талдауы;

3.Әр оқушының жеке даму траекториясын бақылау;

4.Оқу бағдарламасын меңгерудегі келеңсіздіктерді жою үшін оқушыларды ынталандыру;

5. Оқу бағдарламасының тиімділігін бақылау;

6.Оқу үрдісін ұйымдастырудың және оқу материалын меңгерудің ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім, оқушы және ата-ана арасындағы үшжақты  кері байланысты қамтамасыз ету;

Критериалды бағалаудың дәстүрлі бес балдық бағалаудан артықшылықтары;

7. Оқушының жұмысы дұрыс орындалған жұмыс үлгісімен (эталон) салыстырылады;

8. Үлгі (эталон) оқушыларға алдын ала белгілі;

9. Оқушыға бағалау алгоритмі алдын ала белгілі;

10. Білім берудің сапасы артады;

Критериалды бағалау:

Мұғалімдерге:

1.Саналы нәтиже алуды қамтамасыз ететін критерийлерді құрастыруға;

2.Өз жұмысын талдау және үшін ақпарат алуға;

3.Оқу үрдісінің сапасын жақсартуға;

4.Әр бір оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқушы үшін оқытудың жеке траекториясын алуға;

Бағалаудың әртүрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға;

Оқу бағдарламасының мазмұнын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге мүмкіндік берсе, оқушыларға: нәтижені талдау үшін бағалау критерийлерін білу және түсінуге;

Рефлексияға қатысу, яғни өзін және өз достарын бағалауға;

Нақты есептерді шешуде білімдерін қолдану, өз ойларын еркін жеткізе білуі, сын тұрғысынан ойлай білуге мүмкіндік береді.

Ата анаға:

Баланың білім деңгейін бақылай алуға;

Баланың оқу үрдісін бақылай алуға;

Баласына оқу үрдісі кезінде қолдау көрсетеуге мүмкіндік береді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   132




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет