31. Қорытынды бағалау үдерісін ұйымдастыру әдістемесі және онық өткізілу формаларын түсіндіріңіз.
Қорытынды бағалау оқу тақырыбының бөлімін оқып болған соң білімнің жэне оқу дағдыларының қалыптасу деңгейін анықтауға арналған. Қорытынды бағалау әр түрлі қорытынды жүмыстардың (тесттер, бақылау жүмыстары) нәтижелері бойынша жүргізіледі. Қорытынды жұмыстарға қойылған бағалар пән (курс) бойынша тоқсандық және жылдық бағаларды қою үшін негіз болып табылады. Бағалаудың екі түрін есепке алғанда нақты құзыреттіліктердің қалыптасу нәтижелері қандай бағалау түрімен жүргізілетіндігін анықтап алу қажет. Пәндік нәтижелер белгілі дәрежеде дәстүрлі болып табылатындықтан формативтік бағалау да және де қорытынды бағалау да бойынша анықтала алады. Басты құзыреттіліктер 12-жылдық білім беру мектептерінде тоқсанның соңында, жарты жылдық және оқу жылының соңында бастауыш, негізгі орта білім және жалпы орта білім деңгейінде қорытынды бағалау бойынша анықталады.
Қорытынды бағалауда критерийлер бойынша қойылады. Қорытынды бағалаудың критерийлеріменде оқу үрдісіне қатысушылардың барлығы (оқушы, мүғалім, ата-аналар) таныса алады. Бағалаудың критерийлері формативтік бағалаудың міндетті құрама бөлігі болып табылады. Формативтік бағалау барысында бағалаудың критерийлері оқу материалының нақгы бір фрагментіне (тақырыпқа немесе бөлімге) бағытталады. Ал суммативтік бағалау барысында олар кеңірек болады.
Қорытынды бағалаудың мазмұны ағымдағы бақылаудың (формагивтік бағалаудың) ұйымдастырылу құрылымын бағдарлайды. Себебі, егер талаптарға сай күнделікті бағалау болмаса, онда қорытьнды бағалауда күтілетін нәтижелерді алу мүмкін емес. Төменде 10 балдық жүйе бойынша бағалаудың критерийлерін талдау ұсынылады. Ол жүйеде оқудың мазмұнын игерудің 5 деңгейі және өмірдегі жағдайларда оны қолданудың 5 деңгейі қарастырылады. Ендігі мәселе — оқу үрдісінде жоғарыда көрсетілген жүйені пайдалану. Оны сабақтың барысында тоқсандық, жартыжылдык, жылдық бағаларды қорытындылағанда, орта білімнің деңгейін анықтағанда қолдану үшін нақты нұсқау қажет. Мысалы, Канадада 7-8 сыныптар үшін қоғамтану бойынша стандарттарда стандарттың алдында оқушының осы пән бойынша жетістіктерін бағалаудың критерийлері келтіріледі. Әрбір критерий үшін 4 деңгей қарастырылған. Мысалы, «Бөлім: Білім, білік. Қосымша бөлім: «пәннің негізгі қағидаларын түсіну».1-ші деңгейде оқушылар оқылатын пәннің тек кейбір негізгі қағидаларын ғана түсінетіндігін көрсете алады; ал кей жағдайларда қойьлған сүраққа нақты жауап бере алады.2-ші деңгейде оқушы пәннің кейбір негізгі қағидаларын түсінгенін көрсете алуы керек; кейде қойылған сұраққа нақты жауап бере алады. 3-ші деңгейде оқушы пән бойынша негізгі қағидалардың басым бөлігін түсінгенін көрсете алады; сонымен бірге қойылған сұраққа нақты жауап бере алады.4-ші деңгейде оқушы пән бойынша негізгі қағидалардың барлығын түсінгенін көрсете алуы керек; сонымен бірге барлық қойылған сұрақгарға барлық кезде нақты жауап береді. Оқушылардың өз бетінше зерттеу жүргізе алуы, географиялық карталармен жұмыс істей алуы, алынған білімді анық және дәлелді түрде мазмұндауы; өзінің білімі мен біліктілігін қолдана алуы сәйкесінше бағаланады. Бұл келтірілген мысалдардағы 4 деңгейлік әдіс жетілдірілген нұсқа болып саналмайды. Әйтсе де, оқушының оқу жетістіктерін бағалау барысында бірізді талаптардың қажет екендігін дәлелдейді жэне оқушылардың бағасын қойғанда мүғалімдер оны жетекшілік құрал ретінде қолданулары тиіс. Қазақстандық мектептер үшін кезеңдік және қорытынды бақылау үшін критерийлердің жүйесі қорытынды бағалау барысында келесі жағдайларда пайдаланылады: оқу бағдарламасының бөлімдерін аяқтағанда, тоқсан, жарты жылдық, жьслдық қорьпынды бағалау. Сонымен қатар оны орта білімнің деңгейлерін аяқтау сатысында оқушылардын дайындық деңгейін қорытынды бағалауға негіз ретінде алуға болады. Оны нақты алынған оқушының бекітілген мемлекеттік нұсқаға қатысты алғанда жетістіктерін тіркеп отыру құралы ретінде пайдалануға болады. Яғни, оқушының заңды түрде оның оқу нәтижелеріне табысты қол жеткізгенінің дәлелі ретінде бола алады. Екінші жағынан жекеленген оқушылардың, сыныптың білімінің және мұғалімнің жүмысының сапасын (нормативтік функция) әкімшілік тарапынан қадағалауда болуы.
Достарыңызбен бөлісу: |