34. Сабақта АКТ-ны қолданудың сабақ жоспарлаудағы тиімділігін айтыңыз.
АКТ – оқытудың және қарымқатынастың ерекше құралы. Ол көпфункционалды, оперативті, қолжетімді және өнімді болып табылады. Бұл технология білім алушының өзін-өзі дамытуға және білім траекториясының кеңістігін кеңейтуге даңғыл жол ашады.
Биология сабақтарында АКТ-ларды пайдаланудың тиімділігі: білім алушының өзіндік жұмысы; аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу; білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру; қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы; қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі; іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену; көзбен көріп, қолмен ұстауға мүмкіндік болмайтын табиғат процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі.
Білім беру саласындағы көп қолданылып жүрген АКТ құралдары: интерактивті тақта; мультимедия; интернет кеңістігі; электронды оқулық.
АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында білім алушылардың өзінің жеке іс-әрекетін дұрыс жоспарлауға, дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді. Сабақ барысында интерактивті тақтаның көмегімен биолгиялық диктант беруге болады. Сондай-ақ тақырыптарды бекіту кезінде компьютерлік тесттерді қолдану да жақсы нәтиже береді. Интерактивті тақтаның көмегімен түрлі кроссвордтар, биологиялық есептер, терминологиялық диктанттар беруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |