Іс-әрекетті зерттеу: социограмма. Социометрия - кіші топтардағы әлеуметтік құбылыстарды зерттеудің жеткілікті дәрежеде танымал әдісі болып табылады. ХІХ ғасырдың соңында бір топтың басқаларына деген ықпалын зерттеу үшін ағылшын әлеуметтанушысы мен психологы Якоб Мореномен алғашқы рет қолданылады. Социометрия мәліметтерінің пайдалануы еңбектің өнімділігін арттыруға, қақтығыстарды жоюға, топтық шешімдердің қабылдануына мүмкіндік береді. Социометрия нәтижелерінің сауатты қолданылуы ұжымдарды комплектациялауда, олардың іс-әрекеттерінің тиімділігін арттыруда тәжірибелі нәтижелерге жетуге мүмкіндік беретін топтардың қызмет етуі мен дамуы жайлы байсалды теориялық қорытындыларды жасауда арқау болады. Социометрияның көмегімен тұлғааралық өзара әрекеттестікте анықталатын қалаудың, селқостықтың немесе қабылдамаудың сандық өлшемін шығаруға болады. Социометрия топ мүшелерінің арасындағы ұнатуды немесе ұнатпауды анықтау үшін қолданылады.