Топ мүшелері: Куратор-топты басқарады. Спикер-жобаны қорғайтын оқушы. Хатшы –жазба жұмыстарын орындайды. Суретші-топ жұмысының нәтижелерін плакатқа маркермен түсіруші. Тайм менеджер - жұмысқа берілген уақытты қадағалап отырады.
Топтық жүмысты ұйымдастырудың артықшылықтары: Игеретін материалдардың көлемі мен оларды түсіну қажеттілігі артады; Жаппай оқытуға қарағанда,ұғымдарды, түсініктерді,дағдыларды қалыптастыруға аз уақыт жұмсалады; Жұмыс атмосферасын қалыптастыру; Оқушылардың танымдық белсенділігі мен шығармашылықпен жұмыс істеуі артады; Оқушылардың өзара қарым-қатынасы жақсарады; Өзіне сын көзбен қараушылық артады,құрбылармен жұмыс істеп үйренген оқушы өзінің қабілетін дұрыс бағалай және жақсы бақылай алады; Өмірге қажетті дағдыларды үйренеді.
Достарыңызбен бөлісу: |