Бағалау кезінде мынадай мақсаттар болуы мүмкін: оқытудың қиындықтарын анықтау, жетістікке жеткендегі кері байланыс, уәж, болжау, стандарттарды бақылау, бағдарламаның мазмұны мен стилін бақылау. Бұл келтірілген барлық бағалаудың түрлерінде
бақылау, интерпретациялау, қорытындылауды қамтиды.
«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі білім беру, оқыту
үдерісіндегі әдіс-тәсілдердің барлық түрлерімен байланыста болады. Бұны
меңгеру үшін қалған модульдердің мазмұнын игеру қажет, болжау, сұрыптау,
бақылау, жоспарлау әдістерін меңгеру керек. Оқушылардың алға қарай даму
мақсатында жұмыс нәтижелерін, өз-өздерін бағалай білуі керек. Оқуды
бағалаудың мақсаты — оқушылардың оқып білгенін жинақтау. Бірақ, маңызды мәні бар тест жүйесі арқылы оқушылардың білімін бағалау оқыту үдерісіне кері әсерін тигізуі мүмкін (Assesstment Reform Group, 2002 b.).
Мұғалімнің оқушыларды бағалауы — ол оның білімін топтау, белгілі бір
шаблонмен салыстыру. Мұғалімнің іс-әрекеттеріне қарай, шеберлігіне қарай
оқушыларды бағалауда бірнеше әдістерін қолдана алады: жеке, жұптық, топтық,
жиынтық, қателер талдауын, салыстырмалы түрде, өздерін-өздері, кері байланыс,
т.б. Оқушының мұғалімге деген сенімі артады, көзқарасы өзгереді.
Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау модулі бағдарламаның басқа
модульдерімен тығыз байланысқан. Бұл модульді пайдаланғанда барлық жаңа тәсілдердің мазмұнын дұрыс игеру керек, орынды пайдалану керек. Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау модулі оқушылардың білім деңгейін анықтауға, алдағы жұмыстарды қалай жоспарлау керектігі, алға қойған мақсатқа жету
алгоритмін құру керек. Барлық модульдер бір-бірімен өте тығыз байланысқан.
Сабақ беру кезінде бір модульді пайдаланға басқа модульдің міндетті түрде
кірістірілетінін сеземіз. Екінші жағынан, кез келген модульді пайдаланғанда оныңн әтижесін біліуіміз керек, яғни қаншалықты сабақ беру кезінде таңдап алынған модульді пайдаланғанымызды бағалауымыз тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |