Оқу мақсаттарының деңгейлері
|
Осы деңгейге жеткені туралы оқушының нақты іс-әрекеті
|
1. Білім. Бұл категория нақты фактілерден толық теорияға дейін еске сақтау мен оқыған материалды еске түсіру.
|
-терминдерді, нақты фактілерді, негізгі түсінікті, ереже мен ұстанымды, әдісі мен орындау түрін еске түсіру.
|
2. Түсіну
Түсінудің көрсеткіші - материалды бір формадан екінші формаға өзгертіп көрсету, материалды түсіндіру, қысқаша баяндау (интерпретациясы), құбылыс пен оқиғаның әрі қарай барысы туралы ой болуы мүмкін.
|
- фактіні, ережені, ұстанымды түсіндіру;
- мәтінмен берілген материалды математикалық шартты белгіге өзгерту;
- бар мәліметтен келешекте туындайтын болжамды ойды сипаттау.
|
3. Қолдану
Бұл категория оқыған материалдың жаңа ситуация мен нақты жағдайда қолдану іскерлігін көрсетеді.
|
- заңды, теорияны нақты тәжірибе жағдайында қолдану.
- жаңа жағдайда түсінік пен принципті қолдану.
|
4.Талдау
Бұл категория материалдың құрылымы анық байқалатындай, оны құрамды бөліктерге бөлу іскерлігі.
|
- бүтінді бөліктерге бөлу;
- олардың арасындағы өзара байланысты анықтау;
- бүтіннің түзілу принципін анықтау;
-пікір айтқанда кемшілік пен қателікті көру;
- факті мен салдар не нәтиже (следствия) арасындағы айырмашылықты анықтау;
- мәліметтің мәнділігін бағалау.
|
5. Синтез
Бұл категория жаңалықтың нышаны сезілетін элементтерді қиыстырып-құрастыру арқылы бүтінді алу іскерлігі.
|
- баяндама, шығарма, сөйлейтін сөз, мақала, реферат жазу;
- эксперимент жүргізу жоспарын немесе басқа іс-әрекетті ұсыну;
- міндеттің кестесін құру.
|
6. Бағалау
Бұл категория қандай да бір материалдың мәнін бағалау іскерлігі.
|
- жазбаша түрдегі мәтіннің құрылу логикасын бағалау;
- бар мәліметке қорытындының сәйкестігін бағалау;
- іс-әрекет нәтижесінің мәнділігін бағалау.
|