Педагогтың портфолиосы туралы ЕРЕЖЕ
1. жалпы ережесі
1.1.Ереже портфолионың бірыңғай мақсаты мен міндетін, оның құрылымы мен мазмұнын қарастырады.
2. Портфолионың мақсаты мен міндеттері
2.1.Мақсаты: маңызды кәсіби нәтижелерді сараптау мен ұсыну, педагогтың кәсіби өсу мониторингісін қамтамасыз ету.
2.2.Міндеттері:
Педагогтың-оқыту, тәрбиелеу, шығармашылық, өздігінен білім көтеру секілді түрлі әрекеттегі жеткен нәтижелерін ескеру.
Педагогтың біліктілік категориясын көтеруге немесе растауға қажетті, сонымен бірге, марапатқа ұсыну немесе оқу жылының соңында ақшалай сыйақы тағайындауға ақпараттың жинақталуын қамтамасыз ету. Педагогтың кәсіби шеберлігінің өсуі мен нақты өзгерістерін белгілеп отыру.
3. Портфолио ұсыну формасы
3.1. Мұғалімнің портфолиосы файлды папка-жинаққа ресімделеді.
4. Мұғалім портфолиосының құрылымы мен мазмұны.
4.1.Бірінші бөлім «Педагог жайлы жалпы мәлімет»
Педагогтың аты-жөні, туған жылы
Білімі (қашан және не бітірді, дипломы бойынша алған мамандығы мен біліктілігі).
Жалпы еңбек және педагогикалық өтілі. Осы білім беру мекемесіндегі педагогикалық жұмыс өтілі.
Біліктілігін көтеру (тыңдалған курстың жылы, айы, курс мәселесі).
Курстан өткенін, ғылыми, құрмет, дәрежелерін растайтын құжат көшірмелері.
Марапат, грамота, түрлі деңгейдегі алғыс хаттар жайлы ақпараттар.
Түрлі конкурстардан диплом көшірмелері.
Педагогтың қалауы бойынша өзге құжаттар.
4.2. екінші бөлім «Педагогикалық іс-әрекетінің нәтижесі».
Оқушылардың қосымша білім беру бағдарламаларын меңгеру нәтижелері жайлы материалдар мен оқытуға тиісті курс бойынша өзекті құзырлылықты қалыптастыру.
Педагог қызметкердің 3 жылғы іс-әрекетінің салыстырмалы сараптамасы, келесі негіздермен:
Тәрбиеленушілерінің аудандық, аймақтық және федералдық конкурстарға қатысуы (атап шығу);
Аудандық, аймақтық және федералдық конкурстар бойынша жүлдегерлерінің болуы;
Қосымша білім беру ұйымын бітіргені жайлы құжаты бар түлектерінің болуы;
Бөлімнің материалдары оқытушының белгілі бір мерзімдегі педагогикалық іс-әрекетінің нәтижесінің динамикасы жайлы ақпаратте беруі керек.
3 бөлім «Ғылыми-әдістемелік әрекет»
Бұл бөлімге қосымша білім беру педагогының кәсіби шеберлігін көрсететін әдістемелік материалдар орналастырылады:
Оқу үрдісінде жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану (оқу бағдарламаларын іске асыру барысында пайдаланатын педагогикалық технологияларды сипаттау, қатысқан сабақтары бойынша пікірлер, сараптамалар т.с.с);
Әдістемелік бірлестіктердегі жұмысы, қалалық әдістемелік қызметпен серіктестік (баяндама т.с.с.)
Түрлі деңгейдегі шығармашылық және кәсіби конкурстарға қатысу;
Шебер кластар, дөңгелек столдар, семинар ұйымдастыру мен өткізу;
Авторлық бағдарламалар дайындау;
Шығармашылық есептер, рефераттар, баяндамалар, мақалалар мен өзге құжаттарға (ашық сабақтар, конкурстар, викториналар, тестілер, сценарий, фотосуреттер мен өткізілген іс-шаралары бар видеожазбалар) дайындық;
4 Бөлім «Тәрбие жұмысы»
Бұл бөлімде келесі материалдар ұсынылуы қажет:
Шығармашылық жұмыстар
Рефераттар, зерттеу жұмыстарының, оқушылардың өз бетінше орындаған жобаларының тізімі;
Сабақтан тыс өткізілген сабақтар, мереке сценарийлері,өткізілген іс-шаралары бар видеожазбалар (көрме, саяхат, КТК, брейн-ринг т.с.с)
Өзге құжаттар.
3. портфолио құрудағы педагогтың іс-әрекеті.
Педагог портфолиосы жинақ папкасына рәсімделеді. Портфолиоға енгізілген әр материалдың күні белгіленуі керек. Портфолионың құрамы педагогтың алдына қойған нақты міндеттеріне байланысты болуы керек.
Педагог портфолиосы әдістемелік портфолио конкрусына, біліктілік санатына аттестатталу үшін қызмет жасауы керек. Портфолио материалдары мекемені лицензиялау, аккредитациялау үрдісінде, түрлі конкурстық үрдістер, еңбектің бөліктерін төлеуді бөлу кезінде пайдаланылады.
Барлық білім беру іс-әрекеттің айқындалған нәтижелеріграмоталар, дипломдар, куәліктер, аттестатталушының баспа жарияланымдарының көшірмесін қоспағанда, білім беру мекемесі мөрімен немесе білім беру мекемесі әкімшілігінің қолымен расталуы керек.
Құжаттар арқылы айқындалған іс-әрекет пакеті нәтижелерін аттестатталатын педагог өзі құрастыруы керек. Осыған орай, ол өзі үшін басым болып табылатыніс-әрекеті көрсеткіштері мен факторларын анықтауға құқылы.
Достарыңызбен бөлісу: |