Сабақтың тақырыбы Төртінші биліктің пайда тарихы



Дата27.02.2020
өлшемі48,57 Kb.
#59198
түріСабақ
Байланысты:
САБАҚ ЖОСПАРЫ
химия 9 сынып бжб, 3,4 -сабақ 2-нұсқа, 3,4 -сабақ 2-нұсқа
Қысқа мерзімді жоспар


Күні: 27.02.2020 ж

Мұғалімнің аты-жөні: Карина Д

Сынып: 9

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Төртінші биліктің пайда тарихы


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.1.4.1 Мәтіннің мақсаты арқылы негізгі ойды анықтау
9.3.6.1 жазба жұмысын абзацтар мен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық түзетулер енгізу, редакциялау.

Сабақтың мақсаттары

Жазба жұмысын абзацтар мен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық түзетулер енгізу, редакциялау.

Сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолдану.



Бағалау критерийі

Жазба жұмысын абзацтар мен бөліктерге бөледі, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп жазады, логикалық түзетулер енгізеді, редакциялайды.

Сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата біледі, түрлендіріп қолданады.



Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология: бұқаралық ақпарат құралдары, журналистика, газет-журнал, радио

Қажетті сөздер мен тіркестері:

Менің ойымша/пікірімше…, Менің көзқарасым тұрғысынан…., Менің көзқарасым бойымша…



Құндылықтарды игерту

Адалдық, құрмет құндылықтары сабақ барысында жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыс

Журналистика

Бастапқы білім

Оқушылар төменгі сыныпта алған білім, білік, дағдыларына сүйенеді.

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 мин

Қызығушылығын ояту. Мұғалім сабақтың тақырыбын хабарлайды. Сабақ мақсатымен таныстырады. Алдыңғы тақырып бойынша сұрақтар қою.




Сабақтың ортасы
20 мин

10 мин

Жазылым алды жұмысы.

Журналистика саласы, оның дамуы, бүгінгі күйі туралы жұпта талқылайды.



Жазылым жұмысы. Мәтінді оқып, Ғалым Боқаш пен Данияр Аланның пікірі туралы өз ойыңды білдір. Кестені толтыр.


Ғалым Боқаш пікірі туралы ойым

Данияр Аланның пікірі туралы ойым

Өз көзқарасым









Мәтін.


Әлеуметтік желілер соңғы кезде БАҚ-тың орнын басады деген сөздер жиі айтылады. Сол фейсбуктың көмегімен шығыстанушы-журналист Ғалым Боқаш пен түрлі сайттарда блог жүргізіп жүрген Данияр Аланның пікірін білген едік.

Сұрақ: Әлеуметтік желілер БАҚ-тың даму құралы ма, әлде бәсекелесі ме?



Ғалым Боқаш, шығыстанушы-журналист: - Екеуі де емес. Әлеуметтік желілер – БАҚ-тың нысанасы. Тауар-ақпаратын өткізетін жаңа нарық. Интернет тұтас халықты қамтыған батыс елдерінде бұл нарықтың коммерциялық мәні зор. Тек ірі қалаларда ғана тұрғындар интернет тұтынатыны болмаса, халық саны аз дамушы елдерде бұл нарықтың маңызы сондай зор емес. Бірақ дамыған елдерде де, дамушы елдерде де әлеуметтік желі бір құбылысты анық қалыптастырды . Әлеуметтік желілердің пайдаланушылары БАҚ-тың соңынан жүрмейді, БАҚ бұлардың соңынан жүреді. БАҚ әлеуметтік желі пайдаланушыларының жаңа платформа арқылы таратып жатқан шұғыл хабарлары мен тапқырлыққа толы реакцияларын аңдитын халге жетті. Қоғамның қандай да бір әлеуметтік-саяси оқиғаға қатысты пікірін дереу білетін орта да осы.


Данияр Алан, блогшы: - Әлеуметтік желілерге екіжақты пікір айтуға болады. Мысалы, өткенде Алматыда болған Rixos-тың алдындағы өрт туралы алдымен әлеуметтік желілерде, сонан соң ғана БАҚ-тарда тарала бастады. Алайда бұл жерде тағы бір мәселе бар, әлеуметтік желілерде ақпаратты тарату оңай (түсірдің - салдың), ал БАҚ-тарға салу үшін ақпараттың тексерілуін не болмаса журналистің оқиға өрбіп отырған жеріне барып, өз көзімен көргенін жазуы, монтаждауы тиіс.   Ол - уақыт. Бір оқиғаны айтайын. Еліміздегі танымал телеарналардың бірінің журналисі бір марапаттауға бара жатып, өртеніп жатқан жанармай таситын көліктің үстінен түседі. Редакцияға хабарлап айтып, оқиға орнынан кетіп қалады. Себеп - марапат алуға асығуы. Егер журналист өз жұмысын кәсіби деңгейде жасағанда, ол телеарна ең алғашқы болып әлгі оқиғаны халыққа жеткізер еді. Сондықтан бұл журналистің кәсіпқойлығына да байланысты. Екінші пікір бойынша әлеуметтік желілерді БАҚ-тар өз пайдасына асыра алады. Яғни, өз жаңалықтарын жарнамалау. Бұл жерде де журналисттердің кәсіпқойлығы көрініс береді. Егер СММ-ді жақсы жүргізетін журналист болса, материал, пост оқылады. Ал жай ғана сілтемені "Оқыңыз, қызық" деген пікірмен шығарса, материал оқылмайды. Яғни, барлығы кәсіпқойлық пен сауаттылыққа, сауатты ,пайдалануға байланысты.

Автор: Ардақ Құлтай
https://massaget.kz/layfstayl/tehno/sholu/11974/

Жазылымнан кейінгі тапсырма

Берілген екі тұжырымның бірін таңдап, дәлелдеп жаз.

  • Жазылым барысында абзацты ескер, ойды жүйелі жеткіз.

  • Тақырыпқа қатысты сөздерді іріктеп қолдан.

  • Жазба жұмысын қайта оқып, түзетулер енгізіп, редакцияла.


Әлеуметтік желілер БАҚ-тың дамуына үлкен септігін тигізеді.

Әлеуметтік желілер БАҚ-тың бәсекелесі екені сөзсіз.



«Дербес пікір» әдісі

Өзіндік пікір /ой,идея/

Дәлел

Өз пікірін айғақтайтын мысал



Өз пікіріне қарсы дәлел

Қарсы дәлелді жоққа шығаратын мысал



Қорытынды

Дескриптор:


  1. Жазба жұмысын жазады.

  2. Жұмысты абзац пен бөліктерге бөледі.

  3. Ойын жүйелі жеткізеді.

  4. Жұмысқа түзетулер енгізеді, қайта редакциялайды.

  5. Жазба жұмысында cабақтас құрмалас сөйлемдерді орынды қолданады.





Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия .

  • Түсіндім

  • Түсінбедім

  • Сұрағым бар

Бағалау.

Үй тапсырмасы




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет