бағдарламасындағы әр бөлімді/ тақырыпты аяқтағаннан кейін оқушының оқу жетістігі деңгейін анықтауға бағытталып, баға мен балл қою арқылыөткізілетін бағалау түрі. Оқушының жұмысына қойылған баға нәтижесі оның тоқсандық бағасын қоюда ескеріледі.
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың ұйымдық құрылымы келесіде көрсетілген: Тоқсан ішіндегі белгіленген бағалау рәсімдері.
3. Тоқсандық баға шығарудағы нәтижелерді ескеру және тіркеу.
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар бөлімдегі оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерінесәйкестендіріліп құрастырылады. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының үлгілері ҚР Білім және ғылым министрлігібекітуімен ұсынылған жиынтық бағалаудың әдістемелік нұсқаулығында беріледі. Әр мектеп жиынтық бағалаудың әдіс-тәсілдері мен тапсырмаларынөз еркімен дайындай алады. Мектеп ішіндегі әдістемелік бірлестік оқу жылына арналған, барлық бағалау түрлері, оны өткізу кезеңдері, бағалау міндеттерінайқындайтын, бағалаудың әдіс-тәсілдері көрсетілген бағалау жоспарын дайындауы қажет.