Бағдарламасы мектеп тренеріне арналған нұСҚаулық


Тиімді оқытуға арналған жоспарлау



Pdf көрінісі
бет5/163
Дата05.08.2020
өлшемі1,1 Mb.
#76190
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   163
Байланысты:
билеты по истории Казахстана, Презентация, Презентация, Презентация, Презентация, Презентация, Презентация, «Двадцать Вершин Независимости»
Тиімді оқытуға арналған жоспарлау
Мектеп  тренерлері  тыңдаушылардың  қажеттіліктеріне,  білім  беру  жоспарларының 
талаптарына жауап беретін, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді қамтитын келісілген оқу 
бағдарламаларын жоспарлайды.
Күнделікті  сабақ  жоспары  «Мектеп  тренеріне  арналған  нұсқаулықта»  берілген  және 
Педагогикалық  шеберлік  орталығының  (бұдан  әрі  –  Орталық)  білім  беру  порталында 
орналастырылған. Әрбір аптаның соңында тиісті материалдардың барлығы зерделенген болса, 
мектеп тренерлері «Мектеп тренеріне арналған нұсқаулықта» ұсынылған сабақ жоспарынан 
ауытқи  алады.  Идеяны  толығымен  түсіндіру  немесе  қызықтыратын  тақырыпты  тереңірек 
зерттеп, арнайы білім алу үшін көп уақыт талап етілген жағдайда жекеленген тыңдаушылар 
немесе  бүкіл  топтың  қажеттіліктерін  қанағаттандыру  үшін  Бағдарламадан  ауытқуға  рұқсат 
етіледі. Мектеп тренерлері сабақтардың ұғымдар арасында байланыс орнатып, оларды түсінуге 
ықпал ететіндей етіп құрылуын қадағалайды. Жұмыстың әртүрлі әдістері пайдаланылғанымен, 
Бағдарламада ұсынылған, бірлескен топтық жұмыс, өзін-өзі бағалау және өзара бағалау және 
т.б. сияқты оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер сабақ жоспарларына енгізілген.
Мектеп  тренерлері  сабақтардың  мақсаты  мен  құрылымын,  тапсырмаларды  нақты 
белгілей отырып жоспарлайды.
Әрбір күнгі сабақтың мақсаты мен міндеттері сабақ жоспарларында жазылған. Сонымен 
қатар  күнделікті  екі  сабақтағы  тапсырмаларды  қалай  құру  керектігі  туралы  ұсынымдар 
келтірілген құрылым ұсынылған. Мектеп тренерлеріне бұл құрылымды пайдалануда, сонымен 
қатар арнайы жұмыс пен ресурстарды қолдануда еркіндік берілген. Алайда, олар сабақты әрбір 
мұғалімнің сол күнге қойылған мақсатына жетуіне ықпал ететіндей етіп жоспарлайды.
Мектеп  тренерлері  оқу  материалдары  мен  көмекші  құралдарды  оқыту  үдерісіне 
көмектесетіндей етіп дайындайды. Олар жаңа және инновациялық технологияларды қоса 
алғанда, қолда бар ресурстарды тиімді пайдаланады.
Әр сабаққа арналған оқу материалдары мен ресурстар Орталықтың білім беру порталында 
орналастырылған.  Дегенмен  мектеп  тренерлері  өз  тобының  мұғалімдерінің  қажеттіліктерін 
қанағаттандыру  үшін  тиісті  материалдарды  іріктеп  алып,  бейімдейді.  Олар  сонымен  қатар 
қазақстандық мәнмәтінге лайықты қосымша ресурстарды тауып немесе оларды өздері әзірлей 
алады.  Қазақстан  мұғалімдері  өткізген  сабақтардың  бейнежазбалары  және  қазақстандық 
тыңдаушылардың  жұмыс  үлгілері  мұғалімдердің  кәсіби  даму  курстарында  аса  пайдалы. 
Олармен білім беру порталынан алуға болатын материалдарды алмастыруға немесе толықтыруға 
болады.  Мектеп  тренерлері  оқыту  үдерісіне  ықпал  ету  және  педагогикалық  қызметте  жаңа 
технологияларды пайдалану жолдарын көрсету үшін технологияларды пайдаланады. Барлық 
жаттығулар  және  олармен  байланысты  қосымша  құралдардың  мақсаты  сабақ  жоспарында 
қойылған оқу мақсаттарына жету болып табылады. 
Мектеп  тренерлері  тыңдаушылар  бұған  дейін  меңгерген  білімдерін  жаңадан  алған 
білімдерімен  байланыстыра  алуы  үшін  ақпарат  пен  жаңа  ұғымдарды  мейлінше  түсінікті 
баяндайды.
Мектеп  тренерлері  ақпарат  пен  жаңа  ұғымдарды  түсінуге  ықпал  ететін  түсіндіру  және 
ұсыну  тәсілдерін  жоспарлайды.  Сонымен  қатар  түйінді  идеяларды  құрылымдап  көрсету 


| 9 |
Center
of Excellence
үшін  диаграмма,  модель,  кесте  және  т.б.  пайдаланады.  Бұл  құралдар  тренердің  ауызша 
түсініктемесін  және/немесе  мұғалімнің  өз  бетінше  оқуын  бекітуге  көмектеседі.  Мүмкіндік 
болса, мектеп тренерлері тізім, модель, кесте мен сызбаларды бөлменің ішіне іліп қойғаны 
дұрыс,  бұл  идеяларды  үздіксіз  қабылдауға  ықпал  етіп,  мұғалімдерге  ұғымдар  арасында 
байланыс орнатуға көмектеседі. Бұл байланыс тренердің жоспарларында айқын көрінеді және 
сабақ кезінде мұғалімдер оған көз жеткізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет