Бағдарламасы мектеп тренеріне арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет9/163
Дата05.08.2020
өлшемі1,1 Mb.
#76190
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   163
Байланысты:
билеты по истории Казахстана, Презентация, Презентация, Презентация, Презентация, Презентация, Презентация, «Двадцать Вершин Независимости»
Бағамдау әдістері
Мектеп  тренерлері  өздерінің  жұмыс  әдістерін  дамытып  жетілдіру  үшін  оқыту  мен 
оқуды  бағамдауды  жоспарлайды  және  дайындалады.  Әртүрлі  дереккөздерден  алынатын 
ақпаратты талдай отырып, оқу жоспары мен жеке сабақтарды бағалайды. 
Оқытудың  тиімділігін  бағамдау  кез-келген  оқыту  шарасының  маңызды  бөлігі  болып 
табылады. Бағамдау тәсілдері алуан түрлі болуы мүмкін, бірақ олардың барлығы тәжірибені 
дамытуға ықпал ету үшін қолданылады. Сондықтан ол жиынтықтан гөрі, қалыптастырушы 
үдеріс болып табылады. Бағалау төмендегі қызмет түрлерінен тұрады: 
•  күннің  соңында  мұғалімдерден  стикерлерге  өз  пікірлерін  жазу  сұралады.  Оларды 
«оқуда маған көмектескен тиімді іс-шаралар» және «менің оқуым барынша табысты 
болу үшін нені өзгерту керек» деген санаттарға топтастыруға болады;
•  мұғалімдерге  нақты  жаттығуды  орындау  кезінде  немесе  ол  аяқталған  соң  бірден  ол 
туралы сұрақ қойылады; 
•  мұғалімдерден оқуы туралы есеп жазу немесе оқу соңында болмаса аптаның соңында 
өз бейнесін салу сұралады.
Бағамдаудың  қандай  тәсілі  пайдаланатындығына  қарамастан,  мектеп  тренерлері 
мұғалімдердің  жауаптарын  талдап,  алынған  деректерді  алдағы  кәсіби  дамуды  жоспарлауға 
негіз ретінде пайдаланады. Мұғалімдер олардың пікірі назарға алынғанын үнемі біліп жүруі 
үшін  мектеп  тренерлері  тыңдаушылардың  бағамдауы  мен  кері  байланысының  нәтижесінде 
қандай шаралар қабылданғанын түсіндіреді.
Курстың  соңына  қарай  мектеп  тренерлері  Бағдарламаның  жүзеге  асуын  сыни  бағалау 
үшін  және  оқытуды  жақсарту  үшін  қандай  шаралар  қабылдау  керектігін  шешу  мақсатында 
жинақталған бағалау деректерін пайдаланады. 
Мектеп  тренерлері  әртүрлі  дереккөздерден  алынған  ақпаратты  пайдалана  отырып, 
өзінің оқуы мен тәжірибесі туралы ойланып, оны бағамдайды. Олар бағамдау нәтижелерін 
болашақта оқу бағдарламаларын, тыңдаушылардың білім алу үдерісін және өзінің жұмыс 
әдістерін жетілдіруді жоспарлауда пайдаланады.
Мектеп тренерлері курс өткізу барысында не білгені туралы ойланады. Жаңа білім, мысалы: 
•  кәсіби даму бағдарламасын жүзеге асыру;


| 14 |
•  мұғалімдердің тәжірибесі мен қабілеттері;
•  тыңдаушыларды тиімді оқыту және оқу;
•  мұғалімдердің кәсіби даму үдерісі және т.б. мәселелерге қатысты болуы мүмкін.
Жоғарыда  сипатталған  бағалау  қызметіне  қосымша  мектеп  тренерлері  тренер  ретіндегі 
өз  тәжірибесін  бағамдайды.  Мысалы,  мұғалімдерден  олардың  білімді  қалай  қабылдағанын 
анықтауға көмектесетін сауалнаманы толтыруды немесе сұхбат беруді сұрауға болады. Мектеп 
тренерлері бұл ақпаратты өздерін тренер ретінде түсініп, дамыту үшін қолданады. 
Мектеп  тренерлері  алдағы  уақытта  өзінің  жұмыс  тәжірибесін  жетілдіру  үшін  тренер 
ретіндегі өзі туралы және оқу бағдарламасының тиімділігі туралы білімін пайдаланады. Олар:
•  өздерінің мұғалімдермен қарым-қатынастарын;
•  жаттығулар мен ресуртардың лайықтылығын;
•  оқуға арналған материалдың қамтылуын;
•  сабақтардың құрылымын;
•  оқыту әдістері мен тәсілдерін;
•  қарым-қатынастың тиімділігін;
•  ұсынылған қолдаудың жеткіліктілігін;
•  бағалау үдерісінің дұрыстығын, ақиқаттылығы мен негізділігін және т.б. зерделейді.


| 15 |
Center
of Excellence


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет