Дәріс №1
Көмекші мектептегі қазақ тілінің негізгі жағдайлары мен әдістері.
Қазақ тілінің ғылым ретіндегі арнайы әдістемесі
Қазақ тілінің ғылым ретіндегі арнайы әдістемесі көмекші (түзету) мектебіндегі қазақ тілінің әдістемесі кез-келген басқа әдістемелер сияқты педагогикалық пәнге жатады. Ол ақыл-есі кем оқушыларға қазақ тілінің мазмұнын, мақсаттарын, заңдылықтарын, қағидаларын, әдістері мен тәсілдерін оқытады.
Б.з.б. 50 жылдары әдістемелер жүйесі жеке ғылым бола алмайды деген ұғым қалыптасқан. Әдістемелер педагогиканың құрамдас бөлігі ретінде қаралып жүрді. Академик Л.В.Щерба:« ...шындығында ешқандай сабақ беру әдісі жоқ, бұл берілген немесе басқа мәліметтерге сәйкес келетін дидактика» – деді. Педагогика мен жеке әдістемелердің ортақ белгісі обьектілерді зерттеуінде: оқу жоспарлары, оқулықтар, оқудың қоғамдық жүйесі мен заңдылықтары, бағдарламаларында. Осы себептен әдістердің спецификалық қағидалары дидактиканың жеке қағида ретінде қарастырылады. “Дидактизация” көптеген әдістемелік концепцияларды жасауға негіз болды.
Қазіргі уақытта кез-келген әдіс жеке ғылым ретінде саналады себебі, оның өзінің зерттеу пәні бар. Қазақ тілінің арнайы әдістемесінің мақсаты ақыл-есі кем балаларды ауызша және жазба тілде сөйлеп, жазуын қарым-қатынаста қолдануға үйрету. Сонымен қатар танымдық іс-әрекеттерінде түзету жұмыстарын жүргізу және негізгісі өз-өзіне қызмет ете алатын тұлғаны қалыптастыру. Педагогикамен обьектілерді зерттеу барысында жеке әдістемелерде оларды нақты оқу пәні ретінде қарастырумен ұқсастық табады. Мысалы, олигофренопедагогиканы оқыту кезінде ол көмекші мектептегі жалпы бұйрықтары және жағдайларды белгілейді, оқытады.
Қазақ тілінің арнайы әдістемесі осы жағдайлар негізінде ақыл-есі кем балалардың психологиясы мен лингвистикалық заңдарға сүйенеді. Бұл факторлар негізінде оқулықтағы мәліметтерді жинақтау құрастыру ерекше болады. Нәтижесінде, арнайы дидактиканың мақсаты, мазмұны нақтылана түседі.
Әдістемелердің оқыту мақсаттары келесідегідей тапсырмаларды шешеді:
1. Интелектісі бұзылған оқушыларға қазақ тілінің негізгі бағытын көрсететін анықтамалар;
2. Ақыл-есі кем балалардың қабылдауына сай оқулықтың көлемін, мазмұны туралы ақпарат;
3. Қазақ тілін оқыту кезіндегі жалпы дидактикалық қағидаларды көрсету, осы пәннің арнайы әдістемесінің жұмыс жоспары туралы;
4. Арнайы мектепте оқитын оқушыларға оқытудың әртүрлі әдіс - тәсілдерінің сипаттамасы, сабақты қызықты ұйымдастыруға арналған жаттығулар жүйесі, ақыл-ой мен тілді жетілдіруге бағытталған түзету жұмыстарының жоспарлары.
5. Тіл арқылы балаларға жұмыстар өткізудің жолдары.
Қазақ тіліне оқыту әдістемесі көпреттілі, ежелден келе жатқан ғылым.
Оның бірінші, деңгейін негізгі әдістемелік қағидалар түсінігі құрайды. Мұнда тілге оқытудың негізінде оқу-теориялық жағдайдағы сауаттылыққа үйрету, сөздерді, оқу дағдысын, грамматиканы, жазуды меңгеру жатады.