1.3 Қазақ тілі сабағындағы негізгі дидактикалық принциптер
Оқу бағдарламасында мұғалім мен оқыту әдістемесінің негізі - дидактикалық принциптер болып табылады. Принциптер жалпы заңдылықтар сияқты сабақтың әрбір іс – әрекеті түрінде қолданылады.
Әдіскерлердің дидактикалық принциптерді үйдің фундаментімен салыстырулары жай емес себебі, нақты емес, қате принциптер білім мен дағды қалыптастыруда құрылыстың қисық, әлсіз фундаменті сияқты болады. Олигофренопедагогика – ақыл – есі кем балаларды оқытатын болғандықтан келесі дидактикалық принциптерді қолданады:
оқуға тәрбиелеу;
оқу материалын оқушылардың игеруі кезіндегі белсенділіктері мен түсінулері;
сөз тіркестерін қолданудағы ерекшеліктерін ескеру;
нақты білімнің болуы;
оқудың ғылымилығы мен жүйелілігі;
топтық және жекелей жұмыстар жүргізу ерекшеліктері.
Барлық дидактикалық принциптер бір – бірімен тығыз байланысты және нақты бір жүйені құрайды. Арнайы білім беру мекемелерінде ақыл –есі кем оқушыларға бұл принциптер негізінде барлық пәндер оқытылады, сонымен қатар қазақ тілі пәні де. Дидактикалық принциптердің негізінде қазақ тілі пәнінің мазмұны және оқушылардың психологиялық ерекшеліктері ескеріледі.
Олигофренопедагогикадағы негізгі принциптердің бірі – оқуға тәрбиелеу принципі. «Ана тілі – ұлы ұстаз» - деп, К.Д. Ушинский бекер айтпаған. Тілді оқи отырып бала халықтың ғұмырлар бойғы рухани өмірімен танысады.
Оқу сабақтарын ұйымдастыра отырып, мұғалім оқушылардың эмоцияларын тұрақтандыруға, туған жерін, Отанын суюге, құрметтеп – қадірлеуге, адамгершілік, еңбекқорлық сияқты көптеген адами қасиеттерге үйретеді. Ақыл – есі кем оқушылардың заттық – бейнелік, сөз бен іс - әрекет және логикалық ойлау қабілеттерінің бұзылыстарын ескере отырып, мұғалім көркем әдебиеттерді оқыту арқылы келесі әдіс – тәсілдерді қолданады: мәтінді толықтай немесе бөліктерге бөліп мәнерлеп оқыту; кейіпкерлердің іс – әрекеттерін салыстыру; мүмкіндігіне қарай мәтінге жоспар құру.
Ауызша сөйлеуге үйрету сабақтарында табиғат жайлы әңгімелесу, ауа – райына бақылау жасау, әртүрлі құбылыстарды зерттеу т.б.
Түзету мекемесінде маңызды орын алатын принциптің келесі түрі - оқу материалын оқушылардың игеруі кезіндегі белсенділіктері мен түсінулері. Бұл принциптің мазмұнын сипаттай отырып, Г.М.Дульнев: «Оқу процессі оқушыларға түсінулеріне оңай, өз беттерінше ойлай алуларына жеңіл, алған білім мен дағдыларын тәжірибе жүзінде белсенді қолдана алуларына сай болу керек» - деп, атап көрсетті. Материялды жетік меңгеру үшін оқушылар белсенді жұмыс істеулері қажет. Арнайы мекемелерде бұл принципті қолдануда кездесетін қиыншылықтарды Г.М.Дульнев атап көрсетті: « Оның негізі оқушыларда пәнге деген қызығушылықтың болмауы, даму деңгейінің төмендігі, алған білімдерін басқа шарттарда қолдана алмаулары, өзін – өзі бақылаудың төмендігі» - деді. Г.М.Дульнев атап көрсеткен себептерге байланысты, арнайы мекемелерде қазақ тілін оқыту басқа пәндерге қарағанда қиындық туғызады. Фонетика, лексика, грамматика, жазу заңдылықтарын білу тілді меңгеруге көмектеседі. Оқу материалын оқушылардың игеруі кезіндегі белсенділіктері мен түсінулері принципі бағдарламадағы негізгі шарттарға сай болуы керек. Біріншіден, бұл принцип балалар сөйлеу тілін тәжірибеде қолдану үшін қолайлы. Екіншіден, бағдарламалар жеңілден қиынға, қарапайымнан күрделіге қарай оқытылады. Үшіншеден, дайындық кезеңінің ерекшелігінде бұл кезде ақыл – есі кем балалардың сөйлеу тілінің кейбір кемістіктерін, жоюымызға мүмкіндіктер туып, бойларында бар икем – дағдыларын белсендендіруімізге болады. Соңғы төртіншіден, оқу бағдарламасын қайталауға болатындығы. Қазақ тілі сабағында оқушылардың ойлау қабілетін белсендендіруге арналған әдістер көп қолданылады. Ол – салыстыру , түсіндіру және дәлелдеу, жинақтау және талдау, аналогия және классификация болып табылады. Ақыл – есі кем оқушылардың танымдық қызығушылықтары төмен, сөздік қорлары аз болса, ондай оқушыларға белсенділіктерін көтеретін тәжірибелік және ойын әрекеттері бар әртүрлі жаттығулар мен тапсырмалар түрлерін, әдістерін қолдануымыз керек. Оқушылар бойында дағды, бағдарламалар арасында бірізділік қалыптастыру үшін «Өзіңді – өзің тексер», «Кішкентай мұғалім» сияқты жаттығулар, әртүрлі ойындар жүргізуге болады. Оқушылардың оқу материалын оқушылардың игеруі кезіндегі белсенділіктері мен түсінулері олардың интеллектуалды дамуларының баяу жүруіне, аналитика – синтетикалық анализатолар бұзылысына байланысты баяу жүреді және тәжірибеде қолдануларына қиындық туғызады. Оқушылардың осы кедергілер негізінде алған білімдері тез ұмытылады, ал естерінде қалған жағдайда оны қолдануда көп қателіктер жібереді. К.Д.Ушинский ана тілге үйрету негізінде «Тілге үйрету деген – дұрыс бақылап, өз ойыңды толық жеткізу» - деді. Бұл қағида әсресе, арнайы мекемелерде тілді оқытуда ескерілуі қажет. Ақыл есі кем балаларда көбінде сөздік қор мен грамматикалық құрылыс жүйесі жеткіліксіз, аз болып, сөз араларында байланыстарының жоқтығы кездеседі. Бұл қателіктерді жөндеу үшін тек грамматикалық білімдерін жетілдіріп қана қоймай, қоршаған орта, қоршаған орта арасындағы өзара әсерлер, әртүрлі құбылыстар жайлы білімдерін толықтыруымыз қажет. Оқыту процесінде сөз бен іс, теория мен практика өзара байланысты болады. Әр түрлі көрнекілікті қолданудың нәтижесінде сабақ әрі түсінікті, әрі қызықты болып өтеді. Көрнекілік абстрактілі ұғымды игеруге әсер етеді.
Сонымен, көрнекілік принципінің оқыту маретиалдарын, әсіресе, теориялық ережелерді терең оқуда, берік есте сақтауда алатын орны ерекше.
Қазақ тілі сабағында оқушылардың қызығушылықтарын ояту үшін табиғи заттар немесе құбылыстар, олардың бейнелері сияқты дәстүрлі шикізат көздерін, сонымен қатар басқа пәндерде қолданылмайтын спецификалық әдістер: мимика, жест, драматизация, дикция, оқудың мәнерлігін қолдануға болады. Көрнекілік принциптерін алғаш зерттеп, оған мәнді үлес қосқан Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский т.б. Осы принцип негізінде алғашқы оқытудың әдістемесін жазды.
К.Д.Ушинский көрнекілік жайындағы ілімді дамыта келіп, көрнекілік - балалардың психологиялық ерекшеліктеріне жауап береді, балалар заттардың пішіні, дыбысы, бояуы арқылы ойлайды деді.
Көрнекіліктің түрлері:
Достарыңызбен бөлісу: |