Көмекші мектептегі қазақ тілінің негізгі жағдайлары мен әдістері


Арнайы (түзету) мектепте қазақ тілі оқу пәні ретінде



бет3/5
Дата07.02.2022
өлшемі31,59 Kb.
#91482
1   2   3   4   5
Байланысты:
Дарис 1

1.2 Арнайы (түзету) мектепте қазақ тілі оқу пәні ретінде.
Арнайы мектепте қазақ тілі негізгі пәндердің бірі болып саналады. Хат тану, оқу, ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға оқу жылының оқу жоспары бойынша 25-50% уақыты кетеді. Бағдарлама бойынша қазақ тілі мына бөлімдерді өзіне қосады: “Сауаттылыққа үйрету”, “Қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды таныстыру негізінде ауызша сөйлеуді дамыту”, “Оқу және сөйлеудің дамуы”, “Грамматика, жазу қабілеті және сөйлеудің дамуы”. Қазақ тілін оқыту түзетушілік және тәжірибелік бағытта болады. Мазмұны мен құрылысы оны оқу пәні ретінде танытады. Оқу материалының түзетушілік бағыты: ең бірінші балалардың сөйлеу тілін дамыту аясында болады, жоғарыда аталғандай қазақ тілін оқытудың негізгі мақсаты – сөйлеудің қарым-қатынас құралы ретінде қалыптасуы, танымдық іс-әрекеттердің даму мен мектепті аяқтағаннан кейінгі қоршаған ортаға бейімделуі. Оқу үрдісі кезінде баланың жан-жақты дамуы бойынша жұмыстар атқарылуы тиіс. Арнайы логопедиялық жаттығулар және қазақ тілі сабақтарында сөйлеу ақаулықтары, фонетика-фонематикалық елестету қабілеттері түзеледі. 6 жыл уақыт бойы бағдарламаға арнайы бөлім “Дыбыс тілі” енді. Ол дыбыстың дұрыс айтылуына, графикалық мағынасына және фонетикалық түсінігіне арналған жаттығулар жиынтығынан тұрады. Сөздік қордың аздығымен, грамматикалық формалардың дұрыс қолданылмауы қазақ тілі сабақтарында өз шешімдерін табады. Ол сабақ кез-келген сөйлеу тілін дамытуға арналған болсын, оқуға арналған болсын өз барысында жазу мен грамматиканы меңгертуге арналады. Оқушылардың мүмкіндіктерінің шектеулі екендігіне байланысты бағдарлама әр деңгейде пропедевтикалық кезеңнен тұрады. Бұл кезеңде сабақта оқушыларға күнделікті тұрмыспен байланысты тақырыптар беріледі. Сауатылыққа үйрету кезі әліппеге дейінгі кезеңде оқытылады. Ол оқушылардың сенсоматорлық аймағын, сөйлеу кемшіліктерін, қоршаған орта туралы қате түсініктерін, жазу мен оқуын дұрыс қалыптастыруға бағытталады. Жоғары сыныптарда грамматиканы түсінулері тәжірибелік-грамматикалық жаттығулар орындау кезінде байқалады. Ол кезде балаларда бірінші реттік сөйлеу қатынасы фонетика, лексика, морфология, синтаксис саласында қалыптасады. Олар дұрыс грамматикалық түсінік пен орфографиялық ережеге сай дұрыс жазу үшін қажет. Көркем шығармаларды түсіндіру (2,6 сыныптар) көбінесе белгілі бір тақырыпқа, үлкендермен қарым-қатынасына, олардың белгілі бір іс-әрекетіне, табиғаттың маусымдық өзгерістеріне арналуы мүмкін. Одан кейін бұл үрдіс оқумен жалғасады (7,9сыныптар). Оның құрамына хронологиялық рет бойынша қазақ және шет ел жазушыларының шығармаларын оқыту кіреді. Ақыл-есі кем балалар үлкен қиыншылықпен күрделі тақырыптарды түсінулері мүмкін. Сол себепті 1-9 сынып аралығындағы бағдарлама материалдары концентрациялық қағида бойынша құрылады. Бұл қағида бойынша бір тақырып көп жыл бойы жеңіл түрден ауыр түрге өту арқылы түсіндіріледі. Нәтижесінде жаңа түсініктер бұрын өткен материалдар негізінде қайталанады. Мысалы, “Сөйлем” тақырыбы 1-ші сыныптан бастап жыл бойы қайталанады. 1-ші сынып оқушылары сөйлем құрастырады, сурет бойынша әңгіме құрастырып, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді. 2-ші сыныпта сөйлем құрау қабілеттеріне ие болғандықтан, олар тақырып бойынша немесе тірек сөздерге сөйлем құрайды. Күнделікті тұрмыста қолдануларына қажет зат есімдер, үстеулер(кеше, бүгін, оң, сол, жанында т.б.) қолданып, сөйлемдер құрауға үйренеді. 2-ші сыныпты аяқтағанда оқушылар сөйлемнің жүйелі ретін, қалай құрылатынын үйренеді. 2-ші сыныптағы сөйлем құрау қабілеті сақталса, 3-ші сыныпта сөздік қоры одан ары дамиды. Сөйлемдерді одан сайын күрделі етіп құрауды үйренеді. Мысалы,(мен жазамын-мен қаламмен жазамын, сары шар-сары ауа шары т.б.). Осы сыныпта оқушылар сөйлемді күрделі етіп құрауда олар заттардың сын-сапасын біледі, сөздермен бірге септіктерді қолдануды үйренеді. Тек 4-ші сыныпта ғана оқушылар сөйлемдерді дұрыс құрауға тәжірибе жинақтайды. Сөйлемде тек зат есімді ғана емес етістік, үстеу, сын есімді қолдана алатын болады. Бағдарламада дағды дауының әлсіз жақтары да қарастырылады. Барлық сыныптарда салыстыруларды, заттар мен құбылыстардың ұқсас түсініктерін, айырмашылықтарын көрсететін тақырыптар болады. Бағдарламаның әр бөлімінде заттар, құбылыстар, ұғымдар, жануарлар, әріптердің айтылуы мен жазылуын балалар топтастырып үйренулері үшін жіктеледі. Осы тақырыптарды өту барысында ұқсас әріптердің щ және ж,ц және щ ерекшеліктерін көрсететін сөздерге баса назар аударамыз. Құбылыстар мен заттар, түсініктердің сипаты ұқсастықтарын бала түсіне отырып, оларды топтастырып, жіктеп үйренеді. Олардың ұқсастық пен айырмашылықтары, атаулары, грамматикалық және орфографиялық түсініктері қазақ тілі пәнінде оқушылардың дұрыс ойлауына көмектеседі. Материалдардың қиыншылық тудырып, қабылданбауы сол тақырыпқа тағы сағат бөлінуін қажет етеді. Мысалы, сауаттыққа үйрету бір жыл көлемінде жүреді. Материалдың тәжірибелік бағытта болуы маңызды. Ол арнайы ауызшы сөйлеу тілін дамытуға арналған пәндерде 1-4 сынып аралығында болады. Мектепке келісімен оқушылар мұғалім сұрағын естуге, оларға жауап қайтаруға, басқалармен тіл арқылы қарым-қатынасқа түсуге, әңгімелесуге, бір тақырып аясында ой қозғауға үйренеді. Көбінесе, балаларда тіл дамыту сабақтарында сөздік қор көбейіп, байланыстырып сөйлеу тілі дамиды. Ауызша сөйлеуді дамыту мен жазу дағдысын қалыптастыруға үйрету қазақ тілінің басқа тақырыптарға арналған сағаттарында да жалғасады. Ол оқулықтағы «Оқу және сөйлеу тілін дамыту», «Грамматика, ауызша және жазбаша тіл» сияқты бағдарлама бөлімдерінде кездеседі. Ақыл – есі кем баланың сөйлей алу қабілеті қалыпты дамудағы өзімен қатарлас балалардағы сияқты дыбыстар жүйесі мен грамматиканы меңгеруімен, сөздік қорының көбеюінің нәтижесінде жүзеге асатын үрдіс. Ақыл – есі кем балалар мектеп табалдырығын аттағанда сөйлеу қабілетіне ие болып келеді бірақ, интеллектуалды дамуы төмен болғандықтан олардың сөйлеу тілінде қалыпқа сай емес ақаулар болады. Сол себепті де мұндай балаларға түзету жұмыстарын қолдана отырып, тілдерін қалыпқа келтіруге тырысамыз. Мектеп қабырғасындағы бастапқы жылдарда сөйлеуді дамыту тіл сабақтарындағы жоғары да айтылғандай, жаттығулар жүйесін орындау арқылы жүзеге асады, ал жоғары сыныптарда қарапайым теориялық жалпылау негізінде. Арнайы мектептегі грамматика бөлімі лингвотеориялық болып саналмайды. Тәжірибе арқылы оқытылатын грамматика тіл жүйесін оқытуға емес, сөйлеу тілін дамыту мен түзетуге мақсатты түрде бағыталады. Яғни, оқушыларға сөздерді түсіну мен сөйлемді құрай білуге, сөзді қарым – қатынас құралы ретінде еркін пайдалануға жаттықтырады. Ақыл – есі кем балалар білімді тек арнайы мекемелерде ғана алады себебі, қазақ тілі бағдарламасы арнайы мекемелерде ғана оларға тіл туралы грамматика мен жазу жүйесі және кейбір қазақ жазушыларының көркем шығармаларын таныстырып, қарапайым болса да, аяқталған білім беруге бағытталған. Арнайы мекемедегі қазақ тілі пәнінің бағдарламасы келесі тапсырмаларды құрайды:

  1. Оқушыларға берілген мәтінді түсініп, қатесіз оқуға үйрету;

  2. Тілдің дыбыстық құрамын түсініп, сауатты жазуға қалыптастыру;

  3. Оқушылардың жалпы даму деңгейін көтеру;

  4. Оқушыларға өз ойларын ауызша және жазбаша түрде дұрыс жеткізе білуге машықтандыру;

  5. Әр оқушының жеке ерекшеліктерін дамыту.

Арнайы мектепте қазақ тіліне оқытуға үйретуді 3 деңгейге бөлуге болады:
Бірінші деңгей – ақыл – есі кем оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне байланысты оқу жылының бірінші жылымен шектеледі. Бұл ерекшеліктер арнайы оқу бағдарламасын, оқытуда арнайы әдістерді қолдануды талап етеді.
Бірінші деңгейдің тапсырмалары – балаларды зерттеу; оларды мектепке бейімдеу; сөйлеу тіліндегі, есту, көру, қозғалыс анализаторларындағы бұзылыстардың алдын алу; оқу мен жазудың алғашқы дағдысын қалыптастыру; сөздің қор деңгейін анықтау; жай сөйлемдер құрауға үйрету болып табылады.
1 – ші сынып оқушысының жұмыс істейтін материал түрі: дыбыстар мен әріптер, сөздер мен буындар, сөйлемнің жай түрлері, қысқа мәтіндер.
Жұмыстың негізгі әдістері: бірінші деңгейде ойын мен жаттығулар.

  1. және 4 сыныптарда екінші деңгей жүзеге асады.

Бұл кезеңде шешілетін тапсырмалар: алғашқы қарым – қатынас тілін қалыптастыру; туған тілге деген қызығушылықтарын ояту; сөйлеу тілін ары қарай дамыту; сөздік қорды жетілдіру; өз ойын анық жеткізе алуға үйрету; орфографияның негізгі заңдылықтарын меңгерту; ғылыми стильдегі және көркем әдебиеттердегі мәтіндерді мәнерлеп оқу, түсіну дағдыларын қалыптастыру.
Негізгі әдіс – оқу мен жазудағы жаттығулар құрылысы жүйесінің сан алуан түрлі болуы. Ойын негізгі әдістің бірі болып қала береді. Қоршаған орта туралы білімдері көбейе түсіп, өз әсерлерін сөйлеу тілі арқылы жеткізуге үйренеді.

  1. – ші деңгейдің тапсырмалары (5-9 сыныптар): оқу техникасын қалыптастыру; көбінде тез оқуға үйрету; оқыған мәтіннің мазмұнын айта білу; жоғары сынып оқушылары өз ойларын сауатты, бірізділікпен айтуға және жазуға, орфографиялық заңдылықтарға сай жазуға үйренеді;

3 – ші деңгейдегі негізгі жұмыс әдісі: күрделендірілген жаттығулар жүйесі; тапсырмалар қиындатылған түрде, оларды өз беттерінше орындау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет