| 7 |
Center
of
Excellence
МЕКТЕП ТРЕНЕРІНЕ АРНАЛҒАН ОҚЫТУ ҚАҒИДАТТАРЫ МЕН
ӘДІСТЕРІ ТУРАЛЫ НҰСҚАУ
Осы Бағдарлама жалпы білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне кәсіби дамуға қолдау
көрсету мақсатында әзірленген және де мектеп тәжірибесін дамытуда Қазақстан Республикасы
педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары бойынша
біліктілікті арттырудан өткен мұғалімдердің әлеуетін толыққанды пайдалануды көздейді.
Бағдарламаны өздерінің озық тәжірибелерімен бөлісу және де мектептегі әріптестеріне
қолдау көрсету мақсатында Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін
арттырудың деңгейлі бағдарламалары бойынша оқудан өткен мұғалімдер (бұдан әрі – мектеп
тренерлері) жүзеге асырады.
Бұл Бағдарламаның аясында мектеп тренерлерінің басты рөлі:
• Кәсіби
шеберлік және кәсіби даму;
• Тиімді
оқытуға арналған жоспарлау;
• Оқытудағы
уәждеу тәсілдері;
• Барлық мұғалімдерді жұмысқа
тарту және тапсырма беру;
• Мониторинг,
бағалау және кері байланыс;
• Бағалау әдістері.
Мектеп тренерлеріне қойылатын талаптар (төменде курсивпен белгіленген) мұғалімдердің
кәсіби дамуын ұйымдастыру және қолдау көрсетуде пайдалы болатын ақыл-кеңестермен бірге
берілген.
Достарыңызбен бөлісу: