Бағдарламасы «Мектептен тыс ұйымдар қызметі туралы»


Бағдарламаның өзектілігі, педагогикалық мақсатқа лайықтылығы



бет4/6
Дата12.09.2020
өлшемі43,43 Kb.
#78163
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
С.Б.Дуйсенбаева - багдарлама

Бағдарламаның өзектілігі, педагогикалық мақсатқа лайықтылығы:

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан Халқына Жолдауында «2050 жылы әлемін дамыған 30 елінің қатарына кіру» туралы ел дамуының ұзақ мерзімді жоспарын жариялады. Жоспар 2050 жылға дейінгі қалған жеті бес жылдыққа бөлінді, олардың әрқайсысы ортақ мақсатқа қол жеткізу мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.

Екінші тұжырымдама бойынша келесі бес жылда Қазақстан ұялы байланыс және мультимедиалық, нано және ғарыш технологиялары, робототехника, гендік инженерия, ғылыми-зерттеу және болашақ энергиясын ашу салаларының негізін құру керек.

Ғылымның жаңа бағыттарын игеру үшін біз бүгіннен бастап мамандарды дайындауымыз керек. Сондықтан Қазақстан мұғалімдеріне ең маңызды міндет жүктелген-сыни ойлау дағдылары қалыптасқан, өз бетінше ақпаратты іздеп, терең талдау жасай алатын жас ұрпақты тәрбиелеу.

Қазіргі таңдағы ақпараттық нарықта алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін жаңа технологияларды пайдалану қажет. Осы тұрғыда графикалық бағдарламалардың қолдану аясы да кеңінен таралып келеді. Компьютерлік графика әр түрлі жарнама агенттігінде, әсемдеуші бюрода, редакция және баспаханаларда қолданылады. Графика арқылы өте күрделі суреттерді құрайды, электронды құжаттарда қолданады, объектілердің моделі мен құрылысын зерттейді. Компьютерлік графика өте қарқынды дамып келе жатқан ғылыми индустрия. Сондықтан компьютерлік графикамен жұмыс жасауды кез - келген пайдаланушы білуі керек. 

Бұл бағдарламада Adobe Photoshope бағдарламасының дұрыс бағытта қолданылуы қарастырылып, оның тиімділігі мен мүмкіндіктеріне тереңінен талдау жасалынады.  Бағдарлама оқушыларға Adobe Photoshope графикалық редакторының  түрлерін, олардың қолданылуын анықтауға  көмектеседі және бейнелермен жұмыс жасай білу дағдысын қалыптастыруға көп көңіл бөлінген. Графикалық бағдарламаларды пайдалану арқылы сурет салу және көркемдеу, безендіру жұмыстарын орындауда оқушы графикамен жұмыс жасау және программаның көмегімен құрылатын күрделі иллюстрациялардың маңызы жайлы түсінік алады.

  Adobe Photoshop бағдарламаcында кез келген тапсырманы орындауға арнайы құрал-жабдықтары жәрдемдеседі. Осы құрал-жабдықтарды қолдану жолдарын, бейнелерге түрлі эффектілерді пайдалану жолдарын үйренеді.
«Фото және дизайн» үйірмесінің бағдарламасы 2 жылдық білім беруге бағытталады. Сабақ оқу бағдарламасы 9-12 жас арасындағы мектеп оқушыларына арналған. Үйірме бағдарламасы 1-ші оқу жылына – аптасына

2 рет, 144 сағатқа; 2-ші оқу жылына - аптасына 3 рет, 216 сағатқа есептелген.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет