Бағдарламасы мен әдістемелік нұСҚаулары нұр-Сұлтан 2022 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі



бет4/14
Дата21.06.2022
өлшемі1,02 Mb.
#146906
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
МУ по произ практике каз (2)

4 тәжірибенің мазмұны

Тәжірибе өту орнында студент өндірістен бекітілген жетекшісімен бірге тәжірибеден өтетін тиісті орынды белгілейді, сонымен қатар тәжірибе бағдарламасын орындау талаптарымен танысады. Тәжірибені өту барысында студент өнеркәсіптің мамандарына көмектесулері керек және олардың тарапынан берілетін күнделікті тапсырмаларды орындауға міндетті. Өсімдік қорғау және карантин саласындағы негізгі кезеңдер, жүргізілетін маңызды жұмыстар бойынша бекітілген тапсырмалары, көрсетілген тәжірибе өтушінің күнтізбелік жоспары жасалады.


Бос орын болған жағдайда студент төлемақысы бар келісім-шарт бойынша жұмыс жасауына болады.
Мекемеге, фирмаға және т.б. ұйымдарға тәжірибе өтуге келгеннен кейін студент міндетті түрде олардың құжаттарымен, жылдық есептерімен, шолу, бағдарлау, дабыл парақшаларымен, егістік алқаптарының құрылымымен, карантинді объектілердің таралу картасымен танысады. Өсірілетін сорттардың, тұқымдардың фитопотологиялық жағдайын бағалайды. Мамандармен бірге зерттеу, есептеу, бақылау және қорғау жұмыстарына қатысады. Ауыл шаруашылығы егістіктеріндегі, екпе танаптарындағы фитосанитарлық және карантиндік жағдайға баға береді. Қалыптасқан ауа райы жағдайларына байланысты зиянды және пайдалы ағзалар түрлерінің популяциялық күйіне талдау жасайды. Пестицидтермен өңдеу қажет егістіктердің көлемін сараптайды, қанша пестицид мөлшерінің керектігін есептейді, оларды қолдану тәсілін анықтайды және биологиялық тиімділігін санайды.
Ғылыми-зерттеу ұйымдарында студент зерттеу жұмыстарының бағыттарымен, рұқсаты бар ақпараттық-кітапхана ресурстарымен, ғылыми әдебиеттермен танысады. Студент жетекшімен бірге дипломдық жұмыс тақырыбы бойынша жұмыс жоспарын құрастырады. Топырақ-климат жағдайлары туралы мәліметтер жинақтайды. Студент тәжірибе қоюға қатысады, есеп және бақылау жұмыстарын жүргізеді, биологиялық нысандардың фенологиясын және зерттеу насандарындағы популяциялар динамикасын бақылайды, өнімнің өнімділік-құрылымын анықтайды, тәжірибе нәтижесі бойынша статистика жасайды, тәжірибе нұсқаларының тиімділігін анықтайды.
Шаруашылықта студент өсімдік қорғау бойынша құрылған күнтізбелік және жұмыс жоспарымен, технологиялық картамен, егістіктің тарихы жазылған кітабымен: соңғы 2 жылда қолданылған пестицидтер туралы мәліметтермен, есептермен, басқа да агрономиялық жадығаттар және құжаттармен танысады.
Шаруашылықтағы негізгі өсірілетін дақылды өңдеуге қолданылған технология және қорғау шараларын талдайды. Шаруашылықтың топырақ-климаттық жағдайын, оның бірінші дәрежелі зиянкестерге, ауру қоздырғыштар мен арамшөптерге әсерін ескере отырып зерттейді. Өсімдік қорғау және өсімдіктерді химиялық қорғау жұмыстарын дайындау, жүргізу және жұмыстың нәтижелілігін анықтауға қатысады.
Өсімдік қорғаудың интегралды жүйесін жетілдіру және өнімділікті, өнімнің сапасын көтеру мәселесі жөніндегі ауылшаруашылық құрылымдарының резервін анықтау және экономикалық жағдайын талдау.
Өндірістік іс-тәжірибе кезінде студент өндірістің және мекеменің құрылымымен, кәсіпорынның, мекеменің және т.б. инновациялық, маркетинг-менеджерлік қызметімен танысады.
Студент жұмыскерлердің жұмыс жағдайымен, белгіленген жұмыс және демалыс күндерімен, ауылшаруашылық жұмыстары барысында пайдаланылатын пестицидтер және басқа да химиялық жадығаттардың қолданылуы жөніндегі қауіпсіздік ережелерімен, оларды сақтау, транспорттау ережелерімен, танысуға міндетті.
Пестицидтермен (улы химикаттармен), өрт сөндіруге арналған алғашқы құралдармен, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау жұмыстары үшін қорғануға арналған жеке бас заттарымен қамтылу тәртібін білуі тиіс.
Өндірістік тәжірибеден өтуге жауапты өндірістен бекітілген жетекші студенттің күнделігінің толтырылуын, есепті дайындауын және кәсіби мінездеменің берілуін, тәжірибеден өтушіге берілген жеке тапсырмалар мен бағдарламаның орындалғандығын қадағалайды, сонымен қатар берілетін құжаттар мен анықтамаларға жетекші қол қояды және мекеменің мөрі басылады.
Студентпен жинақталған жадығаттар өндірістік тәжірибе бойынша есеп және дипломдық жұмыс немесе жоба жазуға негіз болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет