5 ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕНІ ӨТКЕНДІГІ ЖӨНІНДЕГІ ЕСЕПТІҢ РӘСІМДЕЛУІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Өндірістік тәжірибе бойынша жазылған есептің көлемі 40-45 беттен тұрады. Мәтін А4 пішінді ақ қағаздың бір жағына компьютерде Times New Roman әріпімен теріледі, әріптердің ірілігі 14 - кегль, жоларалығы (интервал)-1,0.
Мәтін беттің келесі жиектерін сақтай отырып теріледі: жоғарғы жағынан - 20мм, төменгі жағынан - 20мм, сол жағынан - 25мм және оң жағынан - 15мм орын қалдырылады.
Әр беттің төменгі жағының ортасына нөмір жазылады және нөмірден кейін нүкте қойылмайды.
Титул беті (мұқабасы) бірінші бет болып жалпы беттер санымен бірге есептеледі, бірақ нөмірленбейді. Беттерді нөмірлеу екінші беттен басталады.
Есептің мәтіні тараудан (бөлім), бөлімшеден тұрады. Бөлімшелер тармақтар мен тармақшалардан тұруы мүмкін. Әр бөлімнің мәтіні жаңа беттен басталады.
Бөлім, бөлімше және тармақтар (пункт) араб сандарымен белгіленеді және азат жол шегінісінен басталады. Бөлімдер мәтін бойынша (қосымшамен бірге) ретімен нөмірленеді. Бөлімше немесе тармақтарды нөмірлегенде алдымен бөлімнің нөмірі және бөлімше немесе тармақтардың нөмірі арасына нүкте қою арқылы белгіленеді.
Әр бөлімдегі бөлімшелер ретімен нөмірленеді. Бөлімше немесе тармақтардың нөмірінен кейін нүкте қойылмайды. Дипломдық жобаның бөлімше немесе тармақтардың атаулары болуы қажет. Атаулар бөлім және бөлімшелердің мазмұнын қысқа және нақты сипаттап тұруы тиіс.
Бөлім, бөлімше немесе тармақтардың атаулары азат жолдан басталып, бас әріппен жазылады, соңына нүкте қойылмайды және асты сызылмайды.
Кестенің атауы оның мазмұнын ашып тұруы керек. Кесте атауы қысқа әрі нақты болғаны дұрыс және кесте нөмірінен кейін бір жолда жазылады. «Кесте» сөзі және оның атауы бас әріппен басталады, мәтінде кесте туралы айтылысымен, артынша кестенің өзі қойылады. Кестенің жалғасы келесі бетке көшірілетін болса, келесі беттегі кестенің оң жақ бұрышына «кестенің жалғасы» деп жазылады және кестенің нөмірі көрсетілуі тиіс, мысалы: «1-ші кестенің жалғасы».
Егер кестенің бағанындағы мәтін бір сөзден тұратын болса, оны қайталамау үшін басқа жолдарға тырнақшалар қойылуы мүмкін, егер екі одан да көп сөздерден тұрса оны «сол сияқты» деп көрсетіп, одан кейін тырнақшаларды пайдаланады.
Есептің мәтіні бойынша барлық суреттерге (сызбалар, фотосурет, сұлбалар) атаулар беріледі. Барлық суреттер, олар туралы сілтеме жасалысымен мәтіннің ішіне қойылады.
Мәтінде қолданылған әдебиет көздеріне сілтемелер жасалады және квадрат жақшаның ішіне кезекті нөмірі жазылып көрсетіледі. Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі мәтінде сілтеменің жасалу кезегі бойынша жасалады. Араб сандарымен нөмірленіп, нүкте қойылмай азат жолдан басталады.
Қосымшалар есеп мәтінінің жалғасы ретінде беріледі. Мәтінде қосымшаларға сілтеме жасалады және мәтіндегі сілтеме бойынша орналастырылады. Әр қосымша жаңа беттен басталып, жоғарғы жағында ортада «Қосымша» деген сөз, белгісі және аты жазылады. Атауы бас әріппен басталып, жеке жолда жазылады, мысалы:
«Қосымша А».
Достарыңызбен бөлісу: |