1-тапсырма. Кестені толтырыңыз.
1 Қазір ауылшаруашылық саласы елдің негізгі тамақ
өнімдері түрлері бойынша өз-өзімізді қамтамасыз етеді.
Келісемін Келіспеймін 2 Мақтаарал ауылында жылына 60 мың тонна мақта
өңдей алатын зауыт құрылысы аяқталды.
3 келешекте 10 000 тонна элиталық тұқым материалдарын
дайындауға
мүмкіндігі
бар
зауыт
құрылысы
басталмады.
4 Жалпы
мақта
кластері
бағытындағы
өңдеу
кәсіпорындары, мата шығаруға дейінгі өндірістік желі
кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.
(4 балл) 2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз, өз көзқарасыңызды аргументтер негізінде
дәлелдеңіз.
1.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан өнімдерін экспортқа шығару
туралы не айтасың?
2.
Әлі күнге сыртқы нарықта қазақстандық өнім ретінде сұранысқа ие бола алмай
отырған қандай шикі зат?
(4 балл) Оқылым Шетелдік үздік тәжірибелер Әлемде бұған дейін жиналып қалған полиэтилен қоқысты өңдеудің небір әрекеттері
кездеседі. Филиппин елі осы қалдықтардан қайық жасай бастаған. Бұл қайық елді анда-
мұнда басып қалатын топан су кезінде тұрғындарды құтқаруда таптырмайтын құрал
болып шықты.
Демек, Филиппин елі – өзгелерге үлгі. Ұлыбритания ғалымдары әлемде алғаш рет
өздігінен ыдырап кететін биологиялық пакет жасады. Онымен нан орайды. Орама төрт
жыл ішінде су мен көмір қышқылына бөлініп кетеді. Өндіріске енгізіледі.
Норвегияда жасалған жаңалық бұдан да жағымды. Елдегі дүкендер азық-түлікті кейін
шіріп кететін қауіпсіз биологиялық пакеттерге орап береді. Жүгерінің шырышынан
жасалған бұл пакеттен денсаулыққа зияы жоқ әрі ауыр салмаққа шыдамды. Әзірге
қымбат көрінеді. Бірақ жергілікті тұрғындар экологиялық мәдениетті танытып, бағасына
келіскен.
Мексика да осындай қоқыстан құтылудың амалын тауыпты. Олардың «Куадро»
фирмасы пластик құтыларды, шлангілер мен өзге де полиэтиленнен жасалған
бұйымдарды қайта ерітіп, үй құрастырады. Іргетасы 18 шаршы метр баспананы салуға
1,7 тонна пластик жұмсалады. Мұндай құрылыс материалдарының тапшылығы
сезілмейді. Себебі ай сайын қоқыс төгілетін жерден 3 мың тоннадай пластик жиналады.
Қ.Олжай. «Жер мен аспан»