48
Негізгі ойға өз көзқарасын білдіреді және оны бағалайды.
Мәтіндерден негізгі ұғымдарды анықтай отырып, жинақы мәтін (компрессия)
құрастырады.
Құрмалас сөйлемдердің (аралас) жасалу жолдарын еске ала отырып, жазба
жұмыстарында орынды қолданады.
Тыңдалым
Таңертеңгісін қабылдайтын ең бірінші ас бір стақан су болуы керек. Мейлінше таза,
жылы су үшуге тырысыңыз, себебі жылы су асқазанды ас қалдықтарынан тазартып,
ағзадағы барлық жүйелерді бір қалыпқа келтіреді. Стаканға лимон шырыны мен бір
қасық балды қоссаңыз да болады. Бұл қоспалар ағзадағы зат алмасуды жақсартады.
Таңғы асты 15-30 минуттан соң ішу керек. Күні бойы су үшуді қолға алыңыз. Егер
рұхсат етілсе, бір күнде 2 литр таза су ішкен дұрыс. Әр сағат сайын бір стақан су ішуге
ден қойыңыз. Сонда сіз ісінудің азайғанын, алқынудың жоғалғанын, өзіңізді ширақ
сезініп, тамаққа тәбет ашылғанын байқайсыз.
Күніне 4-5 рет шағын мөлшерде тамақтануды үйреніңіз. Ас қабылдау арасындағы ұзақ
уақыт тамақты артығымен жегізіп, құмарлықты арттырады.
Жатар алдында көп тамақ жеуге әуестенбеңіз. Сағат кешкі 18:00-ден соң тамақ ішпеу
керек деген қағиданы ұстанып, қарныңыз ашып қалмасын. Ең соңғы ас қабылдау
жатардан үш сағат бұрын болуы керек. Егер сіз түн ортасында ұйықтайтын болсаңыз,
кешкі асты 21:00-де қабылдаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: