1. Жалпыережелер Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру аясында «Дене шынықтыру» пәні бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) «Педагогикалық шеберлік орталығы» жекеменшік мекемесі әзірлеген. Бұл Бағдарлама бойынша оқу тыңдаушыларды Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін реформалау шеңберінде «Дене шынықтыру» пәні бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасымен таныстырады.
Бұл біліктілікті арттыру курсының жалпы мақсаты дене шынықтыру мұғалімдерін жаңартылған білім беру бағдарламасымен, оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдермен және критериалды бағалау жүйесімен таныстыру болып табылады.
«Дене шынықтыру» пәні бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсының ұзақтығы 5 күн, әр күн ұзақтығы 2 академиялық сағаттық төрт сабақтан тұрады. Сабақтардың тақырыптары осы Бағдарламаның «Оқу жоспары» атты 1-қосымшасында ұсынылған оқу жоспарында егжей-тегжейлі баяндалған.