Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды Қр білім және ғылым министрінің



бет1/2
Дата07.02.2022
өлшемі49,72 Kb.
#84789
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2
Байланысты:
домбыра үлгілік


Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына
41-қосымша

Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Домра" пәні бойынша білім беру бағдарламасы
Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Домра" пәні бойынша білім беру бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) "Домра" пәніне оқытудың мақсатын, оқыту нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.
2. Осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:
1) аппликатура – музыкалық аспапта ойнау кезіндегі саусақтардың орналасу және алмасу тәртібі;
2) арпеджио – фортепианода, бірнеше клавишалық (ксилофон, виброфон) және ішекті аспаптарда аккордтардың дыбысы бірінен соң бірі шығатындай аккордтарды орындау тәсілдері;
3) глиссандо – бір дыбыстан келесі дыбысқа сырғуды білдіретін музыкалық термин, штрих; реңктік әсер береді;
4) деташе – ішекті ысқылы аспаптарда орындау тәсілдерінің бір түрі;
5) кантилена – кең, еркін түрде шырқалатын вокалдық және аспаптық музыка. Сондай-ақ, музыканың өзін айту немесе оны орындау нақышы, әншілік дауыстың әуенді орындау қабілеті;
6) қос ноталар – ішекті ысқылы аспаптарда екі немесе одан көп дыбыстарды бір уақытта үйлестіру;
7) лад – орыс музыка ғылымының негізгі түсініктерінің бірі, гармония туралы ілімдегі орталық түсінік;
8) легато – музыкалық аспаптармен өзара байланысын үзбей, бір дыбыстан екінші дыбысқа үзіліссіз ұласу арқылы орындау тәсілі;
9) музыка теориясындағы гамма – ұзақтығы белгісіз дыбыстардың қатары, көршілес басқыштары бір-бірінен толық бір тонға және жартылай тонға артта болады. Мектептің орындаушылық практикасында гамма жоғары немесе төменгі октавалық дыбыстар қатарын білдіреді;
10) нюанс – музыкалық әуенділікті сипаттайтын термин, дыбыстағы әлсіз байқалатын өту: форте – қатты, dolce – нәзік, appassionato – ынтыға және сол секілді;
11) октава – дыбыстар арасындағы жиілік 1:2 қатынасын құрайтын музыкалық интервал, яғни жоғары дыбыстың жиілігі төменнен 2 есе үлкен болады;
12) өлшем, музыкадағы тактілі өлшем – тактідегі үлес санын нұсқаушы, тактілі метрдің сандық сипаты;
13) пиццикато – ішекті ысқылы аспаптарда ысқымен емес, саусақтың ұшымен іліп-қағу әдісі арқылы ойнау тәсілі, сондықтан ысқымен ойнауға қарағанда дыбыс үзілмелі және ақырын шығады. Кейде "пиццикато" деп осы тәсілмен ойналатын музыкалық шығарманы атайды;
14) портаменто (сырғу) – орындау тәсілі, онда келесі нота бірден алынбайды, алайда алдыңғы нотадан қажетті биіктікке қысқа және бірқалыпты өту қолданылады;
15) саусақ қимылының тездігі – музыканттың негізгі қасиеттерінің бірі және оның шеберлігі мен тәжірибелілігінің көрсеткіші;
16) спиккато – ішекті ысқылы аспаптарда қолданылатын музыкалық штрих, ысқыны ішекке ысқылау арқылы алынады, сонда қысқа үзілмелі дыбыс пайда болады;
17) стаккато – дыбыстарды бір-бірінен кідірістермен бөлу арқылы үзілмелі орындауды белгілейтін музыкалық штрих, стаккато – легатоға қарама-қайшы келетін, дыбыс шығарудың (артикуляция) негізгі әдістерінің бірі;
18) тремоло – мелизм түрлері. Ішекті, клавишалық, соқпалы және басқа да музыкалық аспаптарда ойнаудың түрлері: бір дыбысты жылдам көп рет қайталау немесе көршілес емес 2 дыбыстың, 2 дыбыс үндестігінің жылдам алмасуы;
19) үндестілік – ладтың биік орналасуы;
20) флажолет – обертон дыбысын алу мақсатында ішекті ысқылы және шертпелі аспаптарда ойнау тәсілі. Сондай-ақ, флажолет деп обертон дыбысын шығаруды да атайды. Ішекті аспаптарда ішектің ұзындығын 2 бөлетін нүктесін (ішектің дыбысталу биіктігі октаваға жоғарылайды), 4 (2 октава) және жартылай басу жолымен орындалады;
21) штрихтар – дыбыс құрайтын ноталарды, ноталар тобын орындау тәсілі (амалы және әдісі);
22) ырғақ – музыканы уақытпен ұйымдастыру.
3. Бағдарламаның мақсаты: білім алушылардың әртүрлі жанрлар мен стильдердегі шығармаларды домрада орындауға мүмкіндік беретін білім, білік және дағдылар негізінде қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау, олардың джаз стиліндегі әншілік мәдениетін қалыптастыру.
4. Бағдарламаның міндеттері.
Оқыту:
1) домрада ойнауға үйрету (ноталарды парақтан оқу, есту қабілеті бойынша таңдау, ансамбльде ойнау);
2) музыкалық сауаттылықтың негіздеріне үйрету;
3) аспапта ойнаудың негізгі орындаушылық тәсілдерін үйрету;
4) домрада ойнаудың техникалық дағдыларын қалыптастыру;
5) әртүрлі музыкалық-көркемдік мазмұндағы, түрлі стильдер мен жанрлардағы шығармаларды мәнерлі орындауға үйрету.
Дамыту:
1) білім алушылардың есту қабілетін, ырғақ сезімін, музыкалық жадын, көркемдік талғамын, шығармашылық қиялын, әртістік қабілеттерін дамыту;
2) жеке орындаушылық практикасы мен ұжымдық шығармашылық қызмет дағдыларын қалыптастыру;
3) бейнелі ойлауды, қиялды, музыканы эмоциялық қабылдауды, орындаушылық ерік-жігерді және төзімділікті дамыту;
4) музыкалық ой-өрісті кеңейту, музыкалық шығармашылыққа деген танымдық қызығушылықты дамыту;
5) өзі шығарған пьесаларды орындау арқылы музыкалық шығармашылыққа тарту;
6) білім алушының шығармашылық қызмет тәжірибесін меңгеру.
Тәрбиелік:
1) білім алушыны ұлттық және әлемдік музыкалық мәдениет негіздерімен таныстыру;
2) білім алушылардың эстетикалық көзқарастарын, адамгершілік ұстанымын тәрбиелеу және дамыту, мәдени құндылықтармен таныстыру;
3) білім алушылардың музыкалық талғамын, сахналық мәдениетін, сонымен қатар, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі ұйымдастыру дағдыларын тәрбиелеу және дамыту;
4) білім алушыны бейіні бойынша оқу орындарына түсуге дайындау.
5. Бағдарламаны іске асыру мерзімі – тоғыз жыл.
6. Бағдарламаны іске асыруға арналған оқыту уақытының көлемі осы бұйырықтың 1-қосымшасында көрсетілгендей балалар музыка мектептерінің үлгілік оқу жоспарына сәйкес анықталады. Оқыту жеке формада іске асырылады.
7. Бағдарлама домрада ойнау техникасын меңгергісі келетін, орыс, қазақ халық әндерінің өңдеулерін, әлем халықтарының музыкасын және классикалық шығармалардың өңдеулерін орындап үйренгісі келетін балаларды оқытуға арналған.
2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері
8. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізудің негізгі қағидаттары:
1) балалардың табиғи қабілеттерін дамытудағы біртіндеушілік;
2) музыкалық сөздік қорын және техникалық тәсілдерді меңгерудегі қатаң жүйелілік;
3) сабақтардың жүйелілігі және ұдайылығы;
4) оқу процесінің мақсаттылығы.
9. Бағдарлама болашақ музыканттың әрі қарай жүргізетін практикалық қызметіне қажетті көлемдегі домрада ойнау тәсілдерін меңгеруіне жағдай жасайды.
Бағдарлама білім алушының шығармашылық, эстетикалық, рухани-адамгершілік дамуына бағытталған және жеке, ансамбльде, оркестрде орындаушылық дағдыларын меңгеруге, музыкалық өнерді зерттеу және меңгеру барысында өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын алуға мүмкіндік береді.
10. Бағдарлама музыкалық қабілеттері, дайындықтары және жалпы дамуы түрлі деңгейдегі балаларға арналған. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды. Педагог музыкалық білімді меңгерудегі қолжетімділікке, сатылылыққа және жүйелілікке, балалардың бойында музыкаға деген қызығушылығын оятуға ерекше көңіл бөледі.
11. Бағдарлама білім алушының:
1) музыкалық сауаттың қажетті деңгейіне сәйкес музыкалық шығармаларды шығармашылықпен орындауға мүмкіндік беретін білім алушының домрада ойнаудың білім, білік және дағдыларын меңгеруі;
2) білім алушының шығармашылық қызметі тәжірибесін алуы;
3) білім алушының әлем халықтарының рухани және мәдени құндылықтарын меңгеруі;
4) музыкалық білім алуы және музыкалық мәдениетке араласуы;
5) білім алушының бойында музыка өнері саласындағы негізгі кәсіби білім беру бағдарламаларын әрі қарай меңгеруіне ықпал ететін білім, білік және дағдылар кешенін қалыптастыруға ықпал ететін жеке қасиеттерін тәрбиелеуге бағытталған.
12. Психологиялық-педагогикалық қолдау:
1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін-өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;
2) білім алушының бойында оқуға деген оң уәждемелерін қалыптастыруға;
3) білім алушының тұлға ретінде дамуына және өзін-өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін-өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуде көмек көрсетуге;
4) Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.
13. Білім алушыға қажетті орындаушылық дағдыларды және біліктерді үйрету мазмұны, сипаты және стилі жағынан түрлі көркемдік шығармалармен жұмыс істеу процесінде іске асырылады, ал музыкалық тәрбие беру халық музыкасын, қазақстандық, орыс және шетел композиторларының шығармашылығын үйретуге негізделеді.
14. Бағдарламаның ерекшелігі балалардың домрада ойнаудың білім, білік және дағдыларын меңгеруге, шығармашылық қызмет тәжірибесін, жеке және ансамбльде орындаушылық тәсілдерін алуға жалпы дамытушылық бағыты болып табылады.
15. Ұжыммен музыка ойнаудың негізгі практикалық міндеті – ансамбльде ойнаудың арнайы дағдыларын қалыптастыру, ансамбльдің шығаратын үнін есту білігі, біркелкі ырғақтық қағысты есту, келісілген және ауыспалы-икемді ырғақта көркем түрде ойнау, бірге орындау, ансамбль қатысушыларымен өзара әрекеттесу.
16. Бағдарлама білім алушының жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытуға, негізгі және пәндік құзыреттеріне (оқу пәні шеңберінде меңгерілген арнайы білім, білік және дағдылар) қол жеткізуге бағытталған.
17. Бағдарламаның әдістемелік негізі:
1) тұлғаны қалыптастыруға деген тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;
2) оқытудағы жас, жеке-қызметтік, жеке-сараланған және мәселелі-зерттеу тәсілдері;
3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгілеген мазмұны, формалары және тәсілдері;
4) оқытудың дамытушылық мәнмәтініндегі білім алушының шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелерін әзірлеу;
5) көрнекті педгогтер мен музыка танушылардың теориялық ережелері мен әдістемелік нұсқаулары.
18. Оқу материалының мазмұнын іріктеудің педагогикалық қағидаттары:
1) табиғи сәйкестік және қолжетімділік қағидаты білім алушының жас ерекшеліктерін ескеріп, білім алушының музыкалық және рухани-адамгершілік дамуына көмектесетін, тыңдауға, үйренуге, орындауға лайық оқу материалын іріктеп алуға мүмкіндік береді;
2) сабақтастық қағидаты білім алушының музыкалық-орындаушылық қызметі және оның мазмұны деңгейінде оқытудың барлық сыныптары арасындағы байланысты білдіреді;
3) оқытуды дараландыру қағидаты аспапта ойнаудың орындаушылық дағдыларын практикалық меңгерудің негізгі тәсілі болып табылады;
4) шығармашылық қағидаты білім алушының қабілеттерін және бейімділіктерін ашуды болжайды, жетістік жағдайын құруға, өнермен қуана араласуға ықпал етеді.
19. "Домра" пәніне жеке оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, формаларын және репертуар кешенін таңдаудың вариативті болуына жағдай жасайды.
20. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:
1) ауызша (әңгімелесу, айтып беру, түсіндіру, пікірталас);
2) көрнекілік-демонстрациялық (педагогтің аспаппен шығарма орындауы, бақылау, интерактивті және мультимедиялық таныстыру рәсімін көрсету);
3) практикалық (аспаппен жұмыс, дайындық жаттығулары, шығарманы өз бетінше талдау, шығарманың жеке бөліктерімен жұмыс);
4) талдау (салыстыру және жалпылау, қисынды ойлауды дамыту);
5) эмоциялық (ассоциацияларды, бейнелерді, көркемдік әсерлерді таңдау, музыкалық бейнелі ойлауды дамыту) және тағы басқалары.
21. Әдістерді таңдау білім алушының жасына және жеке ерекшеліктеріне, физикалық қабілеттері, шығармашылық қабілеттерінің даму деңгейіне байланысты болады. Оқу процесі қарапайымнан күрделіге қарай құрылады.
22. Сабақтардың формалары:
1) практикалық – ойнау тәсілдері мен дағдыларын аспапта пысықталады;
2) топтық сабақтар ансамбльде ұжыммен музыка ойнау үшін өткізіледі;
3) дайындық-концерттік (дайындық және концерттік нөмірлерді көпшілік алдында көрсету);
4) байқаулар;
5) ойын сабағы (сабақ барысында ойын технологияларын қолдану);
6) экскурсия сабағы.
23. Педагог Бағдарламаны заманауи музыка мектептерінде іске асыруда интерактивті білім беру технологияларын, сабақтардың классикалық және дәстүрлі емес түрлерін қолданады.
24. Педагогтің білім алушымен жүргізетін жеке сабағы сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады. Сабақтардың жеке формалары педагогпен немесе басқа білім алушылармен ансамбльде ойнаумен үйлестіріледі.
25. Сабақ жоспары бір уақытта жүргізілетін теориялық және практикалық сабақтардан құралады.
26. Жұмыстың сабақтан тыс түрлері:
1) ансамбльде ойнау;
2) концерттік, байқаулық қойылымдарға дайындық;
3) шығармашылық және мәдени-ағартушылық іс-шараларға қатысу;
4) филармонияларға, театрларға, концерттік залдарға, мұражайларға бару;
5) музыка қайраткерлерімен, орындаушылармен, композиторлармен кездесулер.
27. Осы Бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың анықталған сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді.
28. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:
1) титул парағы;
2) түсінік хат;
3) оқу қызметін жоспарлау;
4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.
29. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар:
1) білім беру ұйымының аталуы;
2) оқу пәнінің аталуы;
3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;
4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);
5) педагог туралы қысқа мағлұмат;
6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекіткендігін белгілеуге арналған орын.
30. Түсінік хаттың мазмұны:
1) осы Бағдарлама негіздеме ретінде;
2) анықталған сыныпта пәнді оқыту кезіндегі өзекті педагогикалық мақсат пен міндеттер;
3) анықталған сыныптағы оқытудың ерекшеліктері (дамытушылық, түзету-дамытушылық, дарынды балалармен жұмыс);
4) аталған сыныпта жұмысты ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен мәселелер;
5) себептер мен өзгерістердің мақсаттарын көрсете отырып, жеке тақырыптық блоктарды (бөлімдерді) меңгеру мерзімдерін және (немесе) уақытын өзгерту туралы ақпарат.
31. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушылардың қызметтерінің сипатын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан, сыныптар бойынша репертуарлық тізбеден құралады.
32. "Оқу процесін оқу-тақырыптық қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:
1) білім алушыға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;
2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;
3) оқу-көрнекілік құралдар тізбесі.
33. Педагогтің оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.
34. Педагог оқу жұмыс бағдарламасы негізінде әр білім алушыға арналған оқытудың жеке жоспарын құрады. Жеке жоспар білім алушының музыкалық және рухани-адамгершілік дамуының үйлесімді процесін сипаттайды.
35. Білім алушының жеке жоспары әр жартыжылдыққа құрылады, оны білім беру ұйымының басшысы бекітеді, журналға немесе білім алушының жеке іс қағаздарына енгізіледі.
36. Білім алушының жеке жоспарын құру барысында жеке жұмыстың болашақ және ағымдағы міндеттері ескеріледі, оқу жылының басы мен соңындағы оның мінездемесіне сәйкес құрастырылады.
Бір сыныптың өзінде Бағдарламаны іске асырудың жеке жоспарлары, концерттік және емтихандық бағдарламалары күрделілік деңгейі бойынша бірінен бірі біршама ерекшеленеді.
37. Білім алушының жеке жоспары репертуарлық кең үрдісті, халық, классикалық және композиторлық техниканың элементтері бар заманауи музыканы енгізу арқылы репертуарды жаңартуды және байытуды көрсетеді.
38. Оқу процесінің дұрыс ұйымдастырылуы, білім алушының музыкалық-орындаушылық қабілеттерінің табысты және жан-жақты дамуы толығымен алғанда жұмыстың мұқият жоспарлануына, репертуардың дұрыс іріктелуіне тікелей байланысты болады.
39. Педагог әрбір білім алушының музыкалық қажеттіліктерін және дарындылық ерекшеліктерін ескеріп, әрқайсысына жеке репертуарлық стратегия әзірлейді.
40. Педагог музыкалық шығармалардың жеке репертуарлық тізбесін қалыптастырады, шығармаларды жүйеге келтіреді және білім алушының жеке мүмкіндіктеріне сәйкес репертуарды толықтырады.
41. Репертуарлық тізбе қазақ, орыс, шетел музыкасы, көркемдік деңгейі жоғары заманауи композиторлардың балалар мен жасөспірімдерге арналған пьесаларын, мультфильмдерден, балаларға арналған кинофильмдерден алынған танымал әндерді, халық музыкасын қамтиды.
42. Педагог оқу процесінде ладтық, үндестілік, ырғақтық және әуендік ерекшеліктерін ескере отырып, қазақ халық әндері мен күйлерінің өңдеулерін, қазақстандық композиторлардың шығармаларын кеңінен қолданады.
43. Оқу репертуарының әртүрлі жанрдағы және стильдегі шығармаларға қанық болуы музыкалық материалды оқуға, салыстыруға, жүйелеуге оңтайлы жағдай туғызады.
44. Педагог репертуарлық тізбені жүйелі түрде жаңартады және заманауи отандық және шетел композиторлары шығарған үздік пьесаларын қамти отырып кеңейтеді.
45. Педагог күрделілігі төмендеу тапсырмадан мейлінше күрделі тапсырмаға біртіндеп ауысу, білім алушыға музыкалық мазмұны жағынан, сондай-ақ орындау техникасы жағынан қолжетімді болатындай материалдарды таңдай отырып, оқыту әдістемесін және білім алушының репертуарын ойластырады.
46. Педагог репертуармен жұмыстың аяқталу деңгейін бекітеді, шығармаларды үйрену кезеңдерін белгілейді, Бағдарламаның көлемін және күрделілігін түрлендіреді, әр білім алушының тұлғалық және жеке тәсілдерді ескеретін жаңа репертуардың есебінен репертуарлық тізбені толықтырады.
47. Педагог репертуармен жұмыс істеу барысында шығармалардың бір бөлігі көпшілік алдында немесе концертте (емтихандық) орындауға, қалған бөлігі – сыныпта жұмыс істеуге немесе таныстыру мақсатына арналатындығын ескереді.
48. Жеке жоспарға білім алушының музыкалық орындаушылық, көркемдік, техникалық мүмкіндіктерінен жоғары және оның жас ерекшеліктеріне сәйкес келмейтін шығармалар енгізілмейді.
49. Білім алушының музыкалық дүниетанымын кеңейту үшін, сыныпта егжей-тегжейлі оқытылатын шығармалардан бөлек, жұмыстың түрлі аяқталу деңгейіне жол бере отырып, жаттап алуды талап етпей, түрлі сипаттағы пьесалардың қатарымен таныстырылады.
50. Жеке жоспардың міндетті тараулары:
1) гаммалармен жұмыс;
2) этюдтермен және жаттығулармен жұмыс;
3) классикалық және заманауи авторлардың пьесаларын орындау;
4) Қазақстан композиторларының шығармаларын орындау;
5) халық әндерінің және билерінің өңдеулері;
6) ансамбльдің құрамында жұмыс істеу;
7) ноталарды парақтан оқу дағдылары.
51. Әр жарты жылдықтың соңында педагог бекітілген жеке жоспардағы репертуарлық тізбеге енгізілген өзгерістерді көрсетіп, жоспардың орындалуын белгілейді, ал жылдың соңында білім алушының музыкалық және техникалық дамуына, жетістіктері және еңбек қабілеттеріне сипаттама береді.
52. Жылдың соңында берілген мінездеме білім алушы даралығының келесі жақтарын ашып көрсетеді:
1) музыкалық қабілеттерінің деңгейі (есту, ырғақ, жады);
2) білім алушының аспапқа деген орындаушылық аппаратының сәйкестігі;
3) аспапқа икемделу деңгейі;
4) жалпы дамуы, эмоциялығы, қабылдауы, реакциясының жылдамдығы;
5) музыкамен айналысуға көзқарасы;
6) еңбекке қабілеттілігі, жинақылығы;
7) өз бетінше жұмыс істеу білігі;
8) мәтінді талдаудағы сауаттылық дәрежесі;
9) музыкалық шығармаларды меңгеру жылдамдығы;
10) жылдың соңындағы жетістіктері;
11) білім алушының музыкалық-техникалық дамуындағы кемшіліктері және оларды жеңу бойынша міндеттері.
53. Білім алушыны сипаттауда мақсатқа жетуге ұмтылуы, көркемдік қиялының болуы, аспапты еркін игеруі, техникалық жағынан еркіндігінің болуы сияқты жеке қасиеттері көрсетіледі.
54. Өзіндік сабақтар ұдайы және жүйелі түрде жүргізіледі. Жұмыс көлемі балалардың жалпы білім беру бағдарламаларын игеруімен қатар үй тапсырмасына дайындалуға кететін уақыт шығыны ескеріліп анықталады.
55. Жеке үй тапсырмасы бірнеше кезеңмен жүргізіледі, педагогтің ұсынымдарына сәйкес құрылады.
Бірінші кезекте түрлі техникалық тәсілдер қолдана отырып, ең күрделі музыкалық эпизодтар пысықталады. Педагог білім алушының ақыл-ой және дене мүмкіндіктерін ескеріп, қандай да бір шығармаға жұмсалатын уақытты анықтайды.
56. Білім алушының өзіндік сабақтарын белсендіру үшін сабақтың келесі формалары қолданылады:
1) өз орындауын талдау (білім алушы өзінің ойнауын бағалайды, жіберген қателіктерін белгілейді);
2) білім алушының күнделігіне шығармамен жұмысқа қатысты педагогтің маңызды ұсынымдарын жазу;
3) үй тапсырмаларын орындау туралы ауызша есеп беру (білім алушы қиындықтар туралы және оларды жою туралы айтады).
57. Өзіндік сабақтар жүйесі келесі элементтерді қамтиды:
1) ойнауға арналған жаттығулар;
2) жалпы техникалық жұмыс;
3) көркем материалмен жұмыс;
4) қосымша материалмен жұмыс;
5) ноталарды парақтан оқу;
6) есту арқылы әуендер мен аккомпонементті теру.
58. "Домра" пәнінің үлгілік оқу жоспарындағы "Сольфеджио", "Қазақ музыка әдебиеті", "Әлемдік музыка әдебиеті", "Ұжымдық музыка ойнау" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушылардың түрлі көркемдік түсініктерді тұтас түсінуге итермелейді.
3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер
59. 1 сыныптағы Бағдарлама талаптары:
1) білім алушы аспаптың құрылысымен, саусақтардың тар және кең орналасуындағы бірінші позициямен, ноталық сауатпен, қарапайым динамикалық, штрихты және аппликатуралық белгілермен танысады;
2) қойылыммен, мақсатты ойын қозғалыстарын ұйымдастырумен жұмыс жүргізіледі, сол қолға арналған қарапайым жаттығулар машықталады, қарапайым штрих түрлері үйретіледі: бір жаққа соғу (төмен), жан-жаққа соғу, дубль – штрих, қосарланған штрихтар, бір ішектен екінші ішекке өту;
3) білім алушы ыңғайлы үндестіліктегі гаммалар мен үшдыбыстылықты, үш белгіге дейінгі бірінші позициядағы гаммаларды және арпеджионы, жеңіл пьесалардың ноталарын парақтан оқуды, өтілген штрихтарға 6-8 этюдтерді, 10-12 пьесаларды меңгереді.
60. 1 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.
Тақырыптық жоспарлау.
1-тақырып. Аспаппен танысу. Аспаптың құрылымы.
2-тақырып. Отыру кезіндегі негіздер мен ерекшеліктер, ойын аппаратының қойылымы.
3-тақырып. Оң қолды қою. Ойын тәсілдерін меңгеру: төмен қарай соғу, жоғары қарай соғу, төмен, жоғары соғуды кезектестіру. Тремоло.
4-тақырып. Сол қолды қою. Сол қолға арналған қарапайым жаттығулар.
5-тақырып. Музыкалық сауат элементтерімен танысу. Ноталық сауат, скрипкалық кілтте ноталарды оқу.
6-тақырып. Аспапта ойнаудың бастапқы дағдыларын дамыту.
7-тақырып. Медиатормен ойнауды меңгеру. Қарапайым штрих түрлері: бір жаққа соғу (төмен), жан-жаққа соғу, дубль-штрих, қосарланған штрихтар, бір ішектен екінші ішекке өту.
8-тақырып. Қарапайым динамикалық, штрихті және аппликатуралық белгілер.
9-тақырып. Саусақтардың тар және кең орналасудағы бірінші позициясын үйрену.
10-тақырып. Домрада сөздердің ырғағын көрсетумен байланысты, қарапайым ырғақты жаттығу түріндегі музыкалық ырғақты меңгеру.
11-тақырып. Ашық ішектерде және грифте шығарылатын дыбыстарды алмастырумен ырғақты суреттерді ойнау.
12-тақырып. Пьесаларды парақтан оқу.
13-тақырып. Педагогпен ансамбльде ойнау.
14-тақырып. Халық әуендері мен күрделі емес пьесаларды үйрену.
61. 1 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.
1 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:
1) құрылғыны және аспаптың конструктивті ерекшеліктерін біледі;
2) аспапты күтудің қарапайым ережелерін біледі;
3) домрада ойнаудың негізгі дағдыларын меңгереді;
4) музыкалық сауаттың негіздерін біледі;
5) қарапайым динамикалық және штрихті белгілерді біледі;
6) дыбыстың сапасын және ырғақтық нақтылықты бақылау дағдыларына ие болады;
7) парақтан оқудың алғашқы дағдыларына ие болады;
8) қарапайым әуендерді есту арқылы таңдай алады;
9) жеңіл пьесаларды парақтан оқи алады;
10) пьесаларды, өтілген штрихтарға этюдтерді, үш белгіге дейінгі бірінші позициядағы гаммаларды және арпеджионы орындайды;
11) педагогпен ансамбльде ойнайды.
62. 2 сыныптағы Бағдарлама талаптары:
1) музыкалық-бейнелі ойлауды дамыту бойынша жұмыс, қойылымдық-қозғалыстық дағдылармен, жүргізумен және ырғақпен жұмыс әрі қарай жалғастырылады;
2) білім алушы мажорлы және минорлы гаммалар, төрт белгіге дейінгі бірінші және екінші позициядағы "жан-жаққа соғу", "дубль – штрих" және "легато" штрихтарымен арпеджионы меңгереді;
3) ірі нысанды шығарманы үйренуге, ансамбльде ойнауға дайындық жұмыстары жүргізіледі, сахналық өнер көрсету дағдылары дамиды;
4) білім алушы түрлі сипаттағы 4-6 этюдті, 8-10 пьесаны меңгереді.
63. 2 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.
Тақырыптық жоспарлау.
1-тақырып. 1 сынып бойынша өтілген материалдарды қайталау.
2-тақырып. Отыруды тұрақтандыру және орындаушылық аппарат қойылымымен, қолды үйлестірумен әрі қарай жұмыс.
3-тақырып. Бірінші позициядағы саусақтардың артикуляциясын дамыту.
4-тақырып. Екінші позиция, позицияларды ауыстырудағы алғашқы дағдыларды дамыту. Позицияларды ауыстырудағы арнайы аппликатураны қолдану.
5-тақырып. Негізгі штрихтарды (стаккато, легато) орындау технологиясы.
6-тақырып. "Тремоло" тәсілін меңгеру. Медиатормен ойнауды әрі қарай меңгеру. Күрделірек ырғақты суреттерді меңгеру. Орындаушылық аппараттың еркіндігін бақылау.
7-тақырып. Аспапты күйге келтіру.
8-тақырып. Ноталарды парақтан оқу дағдыларын дамыту. Музыкалық және техникалық міндеттерді талдау білігі. Ірі форманы үйренуге дайындық.
9-тақырып. Мажорлы және минорлы гаммалар, төрт белгіге дейінгі бірінші және екінші позициядағы "жан-жаққа соғу", "дубль–штрих" және "легато" штрихтарымен арпеджио.
10-тақырып. Этюдтерді үйрену.
11-тақырып. Түрлі сипаттағы пьесаларды үйрену.
12-тақырып. Ансамбльде ойнау. Концерттік өнер көрсетуге дайындық.
64. 2 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.
2 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:
1) ноталарды және екі октава деңгейінде аппликатураларды жазуды біледі;
2) бірінші және екінші позиция шеңберіндегі "жан-жаққа соғу", "дубль – штрих" және "легато" ноталарды гаммаларды және арпеджионы орындай біледі;
3) өзін бақылаудың алғашқы дағдыларына ие;
4) ноталарды парақтан оқудың алғашқы дағдыларына ие;
5) минорлы гаммаларды біледі;
6) динамикалық бояулардың мағынасын біледі;
7) парақтан оқудың және ансамбльде ойнаудың алғашқы дағдыларына ие;
8) екі октавада гаммаларды орындай алады;
9) концерттік өнер көрсету дағдыларына ие.
65. 3 сыныптағы Бағдарлама талаптары:
1) білім алушылардың музыкалық-бейнелі ойлауын және орындаушылық дағдыларын дамыту, дыбыс сапасы, позицияны ауыстыру, интонация және ырғақ бойынша жұмыс әрі қарай жалғастырылады;
2) білім алушы қосарланған штрихтармен, тремоло және деташе штрихтарымен, неғұрлым күрделі ырғақтармен танысады, саусақ қимылының тездігін дамытуға арналған жаттығуларды, қос ноталарды үйренуге арналған дайындық жаттығуларын меңгереді;
3) білім алушы мажорлы және минорлы гаммаларды, бес белгіге дейінгі бірінші, екінші және үшінші позициялардағы түрлі штрихтармен арпеджионы, сонымен қатар позицияларды біріктіруге арналған гаммалар мен арпеджионы, түрлі сипаттағы 4-6 этюдті, 8-10 пьесаны меңгереді.
66. 3 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.
Тақырыптық жоспарлау.
1-тақырып. 2 сынып бойынша өтілген материалдарды қайталау.
2-тақырып. Меңгерілген терминдерді бекіту. Жаңа терминдерді үйрену.
3-тақырып. Қосарланған штрихтар.
4-тақырып. Тремоло және деташе штрихтары. Күрделі ырғақтар.
5-тақырып. Саусақ қимылының тездігін дамытуға арналған жаттығу.
6-тақырып. Қос ноталарды үйренуге арналған дайындық жаттығулары.
7-тақырып. Позицияларды ауыстыру. Ірі нысанды үйренуге дайындық.
8-тақырып. Ноталарды парақтан оқу.
9-тақырып. Мажорлы және минорлы гаммалар, бес белгіге дейінгі бірінші, екінші және үшінші позициялардағы түрлі штрихтармен арпеджио.
10-тақырып. Позицияларды біріктіруге арналған гаммалар мен арпеджио.
11-тақырып. Этюдтерді үйрену. Білім алушының музыкалық-бейнелі ойлауын және орындаушылық дағдыларын дамыту бойынша жұмыс. Дыбыс сапасымен, позицияларды ауыстырумен, дауыс ырғағы және ритммен жұмыс.
12-тақырып. Әртүрлі сипаттағы пьесаларды үйрену. Білім алушының музыкалық-бейнелі ойлауын және орындаушылық дағдыларын дамыту бойынша жұмыс. Дыбыс сапасымен, позицияларды ауыстырумен, дауыс ырғағы және ритммен жұмыс.
67. 3 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.
3 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:
1) мажорлы, минорлы гаммалар мен бірінші, екінші және үшінші позициядағы арпеджионы орындай алады;
2) ырғақты дәлдікпен жұмыс істей алады;
3) әртүрлі комбинациялардағы тремоло және деташе штрихтарын, пунктирлі штрихтарды меңгереді;
4) мәнерлі ойынды көрсетеді және музыкалық-бейнелі ойлауды дамытады;
5) ноталарды парақтан оқу және ансамбльде ойнау дағдыларына ие болады;
6) дыбыс жүргізумен және дауыс ырғағымен жұмыс істейді;
7) түрлі стильдік бағыттағы шығармаларды біледі;
8) бес белгіге дейінгі гаммаларды орындай алады;
9) концерттік өнер көрсетудің алғашқы дағдыларына ие болады.
68. 4 сыныптағы Бағдарлама талаптары.
1) музыкалық-бейнелі ойлауды, дыбыс сапасы мен орындау мәнерлілігіне қойылатын талаптарды мейлінше жоғары болуындағы орындаушылық дағдыларды, техникалық мүмкіндіктерді, динамиканы және ырғақты дамыту жұмыстары әрі қарай жалғастырылады;
2) штрихтық техниканы және позицияны ауыстырудағы пластиканы дамыту, сол қолдың жүйріктілігі мен артикуляциясын дамыту және алғашқы төрт позициядағы ойнау дағдыларын бекіту жұмыстары әрі қарай жалғастырылады;
3) қос ноталар, табиғи флажолеттер, үш октавалық гаммалар және арпеджио (төртішекті домра) меңгеріледі, түрлі аппликатураларды, жаттығуларды қолданумен арпеджио мұқият үйретіледі, білім алушы оқыту кезеңдеріне белсенді араластырылады (аппликатураны, динамиканы белгілеу, тәсілді, штрихті іздеу, көркем бейнені құрастыру);
4) білім алушы екі октавалық және үш октавалық төрт ішекті домраға арналған мажорлы және минорлы гаммаларды, түрлі штрихтармен, ырғақты суреттермен, динамикалық реңктермен арпеджионы, 6-8 этюдті, 8-9 пьесаны, ірі нысанды 1 шығарманы, ноталарды парақтан оқуды меңгереді.
69. 4 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.
Тақырыптық жоспарлау.
1-тақырып. 3 сынып бойынша өтілген материалдарды қайталау.
2-тақырып. Деташе, легато, стаккато. Позицияны ауыстырудағы пластиканы дамыту. Алғашқы төрт позициядағы ойнау дағдыларын бекіту.
3-тақырып. Сол қолдың жүйріктілігі мен артикуляциясы. Қос ноталарды, табиғи флажолеттерді меңгеру.
4-тақырып. Қалыпты және мейлінше жылдам қарқындағы негізгі штрихтарды дамыту.
5-тақырып. Мажорлы және минорлы гаммалар, түрлі штрихтармен, ырғақты суреттермен, динамикалық реңктермен арпеджио.
6-тақырып. Үш октавалық гаммалар және арпеджио. Түрлі аппликатуралар, жаттығулар қолданумен арпеджионы үйрену.
7-тақырып. Этюдтерді үйрену. Музыкалық-бейнелі ойлауды, дыбыс сапасы мен орындау мәнерлілігіне қойылатын талаптарды мейлінше жоғары болуындағы орындаушылық дағдыларды дамыту жұмыстары. Техникалық мүмкіндіктерді, динамиканы және ырғақты дамытумен жұмыс.
8-тақырып. Әртүрлі сипаттағы пьесаларды үйрену. Музыкалық-бейнелі ойлауды, дыбыс сапасы мен орындау мәнерлілігіне қойылатын талаптарды мейлінше жоғары болуындағы орындаушылық дағдыларды дамыту жұмыстары. Техникалық мүмкіндіктерді, динамиканы және ырғақты дамытумен жұмыс.
9-тақырып. Ірі нысанды шығармаларды үйрену. Музыкалық-бейнелі ойлауды, дыбыс сапасы мен орындау мәнерлілігіне қойылатын талаптарды мейлінше жоғары болуындағы орындаушылық дағдыларды дамыту жұмыстары. Техникалық мүмкіндіктерді, динамиканы және ырғақты дамытумен жұмыс.
10-тақырып. Ноталарды парақтан оқу.
70. 4 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.
4 сыныптың соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:
1) төрт ішекті домрада екі октавалық және үш октавалық мажорлы және минорлы гаммаларды, түрлі штрихтармен, ырғақты суреттермен, динамикалық реңктермен арпеджионы орындай алады;
2) музыкалық-бейнелі ойлауды дамытады;
3) негізгі және үзікті штрихтарды орындау дағдыларын меңгереді;
4) ірі және ауыспалы нысанды шығармаларды орындауға мүмкіндік беретін, техникалық дайындыққа ие;
5) алты белгіге дейінгі гаммаларды орындай алады;
6) түрлі стильдік бағыттардағы шығармаларды орындай алады;
7) парақтан оқу және ансамбльде ойнау дағдыларына ие;
8) фольклорлы шығарманың музыкалық тілінің ерекшелігін тани алады;
9) күрделі ырғақты суреттермен этюдтер мен пьесаларды (триолдар, секстолдар, синкоптар, қос ноталар) орындайды.
71. 5 сыныптағы Бағдарлама талаптары:
1) бұрын меңгерілген ойнау тәсілдерін, штрихтарды бірізді жетілдіру, екі қолдың жеке түрде және олардың үйлесімінің ойын қозғалыстарымен неғұрлым мұқият жұмыс әрі қарай жалғастырылады;
2) "тремоло" тәсілі, тремолодан ұруға және керісінше өту жетілдіріледі, "тремоло" орындауындағы қос ноталарды меңгереді, позициядан позицияға өту техникасымен жұмыс жалғастырылады, мажорлы, минорлы гаммаларды, екі және үш октавалық орындаудағы түрлі штрихтармен, ырғақты суреттермен арпеджионы үйрену, музыканы сандық өңдеу бағдарламаларын қолдану, Microsoft Office және домрада ойнауды үйрену кезіндегі ноталық редакторлар;
3) музыкалық-бейнелі ойлауды, шығармашылық көркем қиялды және білім алушының дербестігін дамыту бойынша жұмыстар жалғастырылады, орындаудың мәнерлілігіне талапшылдық артады, ырғақты міндеттер күрделенеді;
4) білім алушы екі октавалық мажорлы және минорлы гаммаларды, ал төртішекті домраға үш октавалық гаммаларды және түрлі штрихтармен арпеджионы, түрлі сипаттағы 4 этюдті, 8-10 пьесаларды, оның ішінде ірі нысанды шығарманы, неғұрлым күрделі шығармаларды парақтан оқуды, ансамбльде, оркестрде ойнауды меңгереді.
72. 5 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.
Тақырыптық жоспарлау.
1-тақырып. 4 сынып бойынша өтілген материалдарды қайталау.
2-тақырып. Екі қолдың жеке түрде және олардың үйлесімінің ойын қозғалыстарымен жұмыс. Ұсақ техниканы дамытуға арналған жұмыс.
3-тақырып. Әртүрлі техника түріне жаттығулар.
4-тақырып. "Тремоло" тәсілін, тремолодан соғуға және керісінше өтуді жетілдіру. "Тремоло" орындауындағы қос ноталарды меңгеру. Позициядан позицияға өту техникасымен жұмыс.
5-тақырып. Мажорлы, минорлы гаммалар және түрлі штрихтармен және ырғақты суреттермен екі октавалық және үш октавалық орындаудағы арпеджио.
6-тақырып. Күрделі шығармаларды парақтан оқу.
7-тақырып. Музыканы сандық өңдеу бағдарламалары: Microsoft Office [Майкрасофт офис] және ноталық редакторлар.
8-тақырып. Этюдтерді үйрену. Аспапта ойнаудың бұрын меңгерілген барлық музыкалық-орындаушылық дағдыларын дамыту және жетілдіру. Дыбыс жүргізудің сапасымен жұмыс, білім алушының өз ойынын әділ бағалауын қалыптастыру.
9-тақырып. Әртүрлі сипаттағы пьесаларды үйрену. Аспапта ойнаудың бұрын меңгерілген барлық музыкалық-орындаушылық дағдыларын дамыту және жетілдіру. Дыбыс жүргізудің сапасымен жұмыс, білім алушының өз ойынын әділ бағалауын қалыптастыру.
10-тақырып. Ірі нысанды шығармаларды үйрену. Аспапта ойнаудың бұрын меңгерілген барлық музыкалық-орындаушылық дағдыларын дамыту және жетілдіру. Дыбыс жүргізудің сапасымен жұмыс, білім алушының өз ойынын әділ бағалауын қалыптастыру.
11-тақырып. Ноталарды парақтан оқу.
12-тақырып. Ұжымдық музыкада ойнау. Ансамбльде, оркестрде ойнау.
73. 5 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.
5 сыныптың соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:
1) аспапта жеке орындауға тән көркем-орындаушылық, техникалық мүмкіндіктерді біледі;
2) домрада жеке түрде, ансамбльде, оркестрде ойнаудың қағидаларын біледі;
3) Бағдарлама талаптарына сәйкес әртүрлі стилдердердегі және жанрлардағы шығармалардан тұратын домраға арналған репертуарды біледі;
4) музыканың негізгі жанрларын біледі;
5) ноталық мәтінді сауатты оқи біледі;
6) ыңғайлы аппликатураны өз бетінше қоя біледі;
7) үш октавалық гаммаларды орындай алады;
8) мейлінше күрделі штрихтармен орындау дағдыларына ие;
9) әріппен белгіленген аккордтарды оқу дағдыларына ие;
10) музыкалық шығармаларды түсіндіре алады;
11) жеке орындаушы ретінде, сонымен бірге оркестрлерде және ансамбльдерде концерттік өнер көрсету дағдыларына ие;
12) Microsoft Office [Майкрасофт офис] және ноталық редакторлар бағдарламасында жұмыс істеудің алғашқы дағдыларына ие.
74. 6 сыныптағы Бағдарлама талаптары:
1) мажорлы және минорлы гаммалармен, түрлі штрихтармен, ырғақты суреттермен екі және үш октавалық орындаудағы арпеджиомен (төртішекті домраға арналған) жұмысты жетілдіру әрі қарай жалғастырылады;
2) білім алушы виртуозды тұрғыдағы шығармаларда сол қолдың техникасын меңгереді, легато, пиццикато, портаменто, флажолет секілді штрихтардың орындау сапасымен, музыканы, аранжировканы сандық өңдеу бағдарламаларымен, Microsoft Office [Майкрасофт офис] және ноталық редакторлармен: Muse Score [Мюс скор], Sibelius 6 [Сибелиус] жұмыс жасайды;
3) білім алушы әртүрлі штрихтармен және ырғақты топтармен екі және үш октавалық орындаудағы мажорлы және минорлы гаммаларды, түрлі сипаттағы 3-4 этюдті, 6-8 пьесаларды (оның ішінде ансамбльдер), ірі нысанды шығарманы үйренеді.
75. 6 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.
Тақырыптық жоспарлау.
1-тақырып. 5 сынып бойынша өтілген материалдарды қайталау.
2-тақырып. Мажорлы және минорлы гаммалар, әртүрлі штрихтармен және ырғақты топтармен екі және үш октавалық орындаудағы арпеджиомен (төрт ішекті домраға арналған) жұмыстар.
3-тақырып. Виртуозды тұрғыдағы шығармаларда сол қолдың техникасын дамыту.
4-тақырып. Легато, пиццикато, портаменто, флажолет секілді штрихтардың орындау сапасымен жұмыс.
5-тақырып. Ноталарды парақтан оқу. Білім алушының репертуармен өзбетінше жұмысы.
6-тақырып. Музыканы, аранжировканы сандық өңдеу бағдарламалары: Microsoft Office [Майкрасофт офис].
7-тақырып. Ноталық редакторлар: Muse Score [Мюс скор], Sibelius 6 [Сибелиус].
8-тақырып. Этюдтерді үйрену. Техникалық және көркемдік мазмұны бойынша күрделі нұсқада бұрын меңгерілген барлық тәсілдерді жетілдіру. Жаңа тәсілдермен және штрихтармен жұмыс. Аппликатуралық сауаттылықты дамыту. Фразировканың негізгі элементтерін өзбетінше талдау білігі.
9-тақырып. Әртүрлі сипаттағы пьесаларды үйрену. Техникалық және көркемдік мазмұны бойынша күрделі нұсқада бұрын меңгерілген барлық тәсілдерді жетілдіру. Жаңа тәсілдермен және штрихтармен жұмыс. Аппликатуралық сауаттылықты дамыту. Фразировканың негізгі элементтерін өзбетінше талдау білігі.
10-тақырып. Ірі нысанды шығармаларды үйрену. Техникалық және көркемдік мазмұны бойынша күрделі нұсқада бұрын меңгерілген барлық тәсілдерді жетілдіру. Жаңа тәсілдермен және штрихтармен жұмыс. Аппликатуралық сауаттылықты дамыту. Фразировканың негізгі элементтерін өзбетінше талдау білігі.
76. 6 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.
6 сыныптың соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:
1) үш октавалық әртүрлі штрихтармен және топтастырулармен, ырғақты суреттермен мажорлы және минорлы гаммаларды орындай алады;
2) ноталарды парақтан оқу және ансамбльдік ойын дағдыларына ие;
3) шығарманы орындау барысында есту бақылауын іске асыра алады;
4) сахналық мәдениет, концерттік өнер көрсету дағдыларына ие;
5) музыкалық шығармаларды түсіндіре алады;
6) әртүрлі штрихтарды орындау дағдыларына ие;
7) интервалды техника дағдыларына ие;
8) шығарманың стилистикалық ерекшеліктерін жеткізе алады;
9) интервалды техника дағдыларына ие;
10) сол қолдың техникасына ие: трели, позицияларды қосудың әртүрлі түрлері, жасанды флажолеты және қос ноталар;
11) аспапты өзбетінше күйге келтіре алады;
12) Microsoft Office, ноталық редактор бағдарламаларын қолдана алады;
13) берілген музыкалық шығармаға өз көзқарасын және өз түсінігін құрастыра және айта алады;
77. 7 сыныптағы Бағдарлама талаптары:
1) білім алушы әртүрлі штрихті, ырғақты нұсқалардағы гаммаларды, түрлі үндестіктегі хроматикалық гаммаларды меңгереді, саусақтардың жүйріктілігі және штрихті техниканы дамытады;
2) білім алушы неғұрлым күрделі фактура және мазмұнды ірі нысанды шығармаларды меңгереді, емтихан бағдарламасын үйренеді;
3) білім алушы барлық үндестіліктегі хроматикалық гаммаларды, штрихтың барлық түрін қолдана отырып, жылдам қарқындағымажорлы және минорлы гаммаларды, әртүрлі техника түріне 3-4 этюдті, 6-8 пьесаларды (оның ішінде ансамблдер), ірі нысанды 1-2 шығарманы үйренеді.
78. 7 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.
Тақырыптық жоспарлау.
1-тақырып. 6 сыныпта өтілген материалдарды қайталау.
2-тақырып. Әртүрлі штрихті және ырғақты нұсқалардағы гаммалар.
3-тақырып. Түрлі үндестіктегі хроматикалық гаммалар.
4-тақырып. Жылдам қарқындағы мажорлы және минорлы гаммалар.
5-тақырып. Саусақтардың жүйріктілігі және штрихті техниканы дамыту.
6-тақырып. Неғұрлым күрделі фактура және мазмұнды ірі нысанды шығармаларды меңгеру.
7-тақырып. Емтихан бағдарламасына дайындық.
8-тақырып. Этюдтерді үйрену. Білім алушының аспапта ойнаудың бұрын меңгерілген орындаушылық дағдыларын жетілдіру.
9-тақырып. Әртүрлі сипаттағы пьесаларды үйрену. Білім алушының аспапта ойнаудың бұрын меңгерілген орындаушылық дағдыларын жетілдіру.
10-тақырып. Ірі нысанды шығармаларды үйрену. Білім алушының аспапта ойнаудың бұрын меңгерілген орындаушылық дағдыларын жетілдіру.
79. 7 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.
7 сыныптың соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:
1) мажорлы және минорлы гаммаларды, барлық үндестіктегі екі және үш октавалық арпеджионы орындай алады;
2) түрлі үндестіктегі хроматикалық гаммаларды орындай алады;
3) сол қолдың техникасына ие: саусақтардың жүйріктілігі, позицияларды қосудың әртүрлі түрлері, қос ноталар және аккордтар;
4) неғұрлым күрделі штрихті шығармаларды орындау дағдыларына ие;
5) интервалды техника дағдыларына ие;
6) музыкалық шығармаларды түсіндіре алады;
7) шығарманың стилистикалық ерекшеліктерін жеткізе алады;
8) музыкалық шығармаларды өз бетінше үйрене алады.
80. 8 сынытағы Бағдарлама талаптары:
1) техникалық мүмкіндіктерін жетілдіру мақсатында гаммалармен, этюдтармен, жаттығулармен жұмыс, жүйріктілікті дамыту, штрихті және ырғақты алуантүрлілікті кеңейту әрі қарай жалғастырылады;
2) оқу жылының ішінде білім алушы қос ноталарды, әртүрлі үндестіктегі, үйлесімділіктегі аккордты бірізділікті меңгереді, стилдері мен жанрлары бойынша әртүрлі, техникалық жағынан неғұрлым күрделі шығармаларды үйренеді;
3) техникалық мүмкіндіктерін жетілдіру және музыкалық білімді жалғастыруға дайындау мақсатында гаммалар және нұсқаулық-техникалық материалдармен жұмыс жетілдіріледі.
81. 8 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.
Тақырыптық жоспарлау.
1-тақырып. Әртүрлі үндестіктегі және үйлесімділіктегі аккордты бірізділіктер мен қос ноталарды қайталау.
2-тақырып. Стилдері мен жанрлары бойынша әртүрлі, техникалық жағынан күрделі шығармаларды үйрену.
3-тақырып. Фактурасы және мазмұны бойынша неғұрлым күрделі ірі нысанды шығармаларды меңгеру.
4-тақырып. Қабылдау емтихандарының талаптарына сәйкес келетін бағдарламаларды дайындау.
5-тақырып. Этюдтерді үйрену. Білім алушылардың аспапта ойнаудың бұрын меңгерілген орындаушылық дағдыларын жетілдіру. Мәнерліліктің музыкалық-орындаушылық құралдарын қолдану, орындалатын шығармаға талдау жүргізу, әртүрлі орындаушылық техникасын меңгеру, көркемдік дәлелденген техникалық тәсілдерді қолдану.
6-тақырып. Әртүрлі сипаттағы пьесаларды үйрену. Білім алушылардың аспапта ойнаудың бұрын меңгерілген орындаушылық дағдыларын жетілдіру. Мәнерліліктің музыкалық-орындаушылық құралдарын қолдану, орындалатын шығармаға талдау жүргізу, әртүрлі орындаушылық техникасын меңгеру, көркемдік дәлелденген техникалық тәсілдерді қолдану.
82. 8 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.
8 сыныптың соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:
1) мажорлы және минорлы гаммаларды, арпеджионы орындай алады;
2) әртүрлі қос ноталар мен аккордтарды орындай алады;
3) әртүрлі штрихтармен және ырғақты суреттермен жылдам екпінді хроматикалық гамманы орындай алады;
4) интервалды техника дағдыларына ие;
5) музыкалық шығармаларды түсіндіре алады;
6) домрада ойнау кезінде шығарманың стилистикалық ерекшеліктерін жеткізе алады;
7) музыкалық шығармаларды өз бетінше үйрене алады;
8) аспапты өзбетінше күйге келтіре алады;
9) парақтан оқу дағдыларына ие;
10) музыканың, аранжировканың сандық өңдеу бағдарламаларын, Microsoft Office [Майкрасофт офис], ноталық редакторларды қолдана алады;
83. Бағдарламаны игеруден күтілетін нәтижелер.
Түлек:
1) аспап туралы негізгі тарихи деректерді біледі;
2) аспаптың конструктивті ерекшеліктерін біледі;
3) аспапты күту бойынша қарапайым ережелерді және оларды қажет кезде қолдана алады;
4) музыкалық сауаттың негіздерін біледі;
5) ойнау дағдыларының жүйесін және оларды қолдануды біледі;
6) музыкалық мәнерліліктің негізгі құралдарын (ырғақ, динамика, штрих, екпін) біледі;
7) музыканың негізгі жанрларын біледі;
8) домра аспабының оркестрлік түрлерін біледі;
9) аспапта жеке орындауға тән көркемдік-орындаушылық, техникалық мүмкіндіктері біледі;
10) музыкалық шығармалардың түрлі интерпретацияларын біледі;
11) Бағдарлама талаптарына сәйкес түрлі стильдер мен жанрлардан тұратын домраға арналған репертуарды біледі;
5) домрада жеке, сондай-ақ ансамбльде, оркестрде ойнау тәсілдерін біледі;
6) музыкаларын орындайтын композиторлардың шығармашылығының негізгі заңдылықтарын біледі;
7) музыкант-орындаушының сахнадағы жұмыс қағидаттарын біледі.
Түлек:
1) аспапты өзбетінше күйге келтіре алады;
2) музыкалық шығарманы жеткілікті көркемдік жеке деңгейінде сауатты орындайды;
3) аспапта түрлі стильдер мен жанрлардағы музыкалық шығарманы өз бетінше үйрене алады;
4) бірнеше аппликатура нұсқалары ішінен жеткілікті саналы және ыңғайлысын өз бетінше таңдай алады;
5) музыкалық ұжымда өз партиясын орындай алады;
6) аспапта музыкалық шығарманы орындау кезінде көркем бейнені жасай алады;
7) күрделі емес шығармаларды жаттау барысында кездесетін техникалық қиындықтарды өз бетінше жеңе алады;
8) орындаушылық практикада алған теориялық білімін қолданады;
7) орындалатын музыкалық шығармаларды талдай алады.
Түлектің бойында қалыптасқан дағдылар:
1) жеңіл музыкалық шығармаларды есту арқылы таңдау және ноталарды парақтан оқу;
2) ноталар бойынша ойнау;
3) мәнерліліктің музыкалық-орындаушылық құралдарын қолдану;
4) естуді бақылауды және орындау процесін басқару білігі;
5) есту арқылы таңдау және транспонирлеу;
6) орындалатын шығармаларға теориялық талдау;
7) жеке орындаушы ретінде де, түрлі ансамбльдер мен оркестрлерде де көпшілік алдында өнер көрсетулер.
4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері
84. Үлгерімді бақылаудың мақсаты білім алушының Бағдарламаны игерудегі нәтижелілігін анықтау болып табылады.
Білім алушылардың Бағдарламаны игеруін бақылау – бақылау жұмысы, техникалық сынақ, академиялық концерт түрінде, қорытынды аттестаттау – бітіру емтиханы түрінде іске асырылады.
85. Аттестаттау формасы және білім алушылардың сыныптар бойынша көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптары:
1) 1 сынып – екінші тоқсанда: бақылау жұмысы (түрлі сипаттағы 2 немесе 3 шығарма. Техникалық сипаттағы пьеса этюдпен алмастырылуы мүмкін), төртінші тоқсанда: бақылау жұмысы (түрлі сипаттағы 2-3 пьеса);
2) 2 сынып – бірінші, үшінші тоқсандарда: техникалық сынақ (гаммаларды, арпеджионы, этюдтерді орындау, сынып бойынша талаптарға сәйкес терминдерді білу), екінші тоқсанда: бақылау жұмысы (1ірі нысанды шығарма немесе түрлі сипаттағы 2 шығарма (кантилена және техникалық сипаттағы шығарма), төртінші тоқсанда: бақылау жұмысы (түрлі сипаттағы 2-3 шығарма);
3) 3 сынып – бірінші, үшінші тоқсандарда: техникалық сынақ (гаммаларды, арпеджионы, этюдтерді орындау, сынып бойынша талаптарға сәйкес терминдерді білу), екінші тоқсанда: бақылау жұмысы (1 ірі нысанды шығарма немесе түрлі сипаттағы 2 шығарма (кантилена және техникалық сипаттағы шығарма, техникалық сипаттағы пьеса этюдпен алмастырылуы мүмкін), төртінші тоқсанда: бақылау жұмысы (түрлі сипаттағы 2-3 пьеса);
4) 4 сынып – бірінші, үшінші тоқсандарда: техникалық сынақ (гаммаларды, арпеджионы, этюдтерді орындау, сынып бойынша талаптарға сәйкес терминдерді білу), екінші тоқсанда: бақылау жұмысы (1 ірі нысанды шығарма немесе түрлі сипаттағы 2 шығарма (кантилена және техникалық сипаттағы шығарма, техникалық сипаттағы пьеса этюдпен алмастырылуы мүмкін), төртінші тоқсанда: бақылау жұмысы (түрлі сипаттағы 2-3 пьеса);
5) 5 сынып – бірінші, үшінші тоқсандарда: техникалық сынақ (гаммаларды, арпеджионы, этюдтерді орындау, сынып бойынша талаптарға сәйкес терминдерді білу), екінші тоқсанда: бақылау жұмысы (1 ірі нысанды шығарма немесе түрлі сипаттағы 2 шығарма, таңдау бойынша шығарма), төртінші тоқсанда: бітіру емтиханы (түрлі сипаттағы 3 пьеса);
6) 6 сынып – бірінші, үшінші тоқсандарда: техникалық сынақ (гаммаларды, арпеджионы, этюдтерді орындау, сынып бойынша талаптарға сәйкес терминдерді білу), екінші тоқсанда: бақылау жұмысы (1 ірі нысанды шығарма немесе түрлі сипаттағы 2 шығарма), төртінші тоқсанда: емтихан (түрлі сипаттағы 2-3 пьеса);
7) 7 сынып – бірінші, үшінші тоқсандарда: тыңдалым (гаммаларды, арпеджионы, этюдтерді орындау, сынып бойынша талаптарға сәйкес терминдерді білу), үшінші тоқсанда: бақылау жұмысы (1 ірі нысанды шығарма немесе түрлі сипаттағы 2 шығарма), төртінші тоқсанда: бітіру емтиханы (1 ірі нысанды шығарма, 1 қазақстандық композитордың шығармасы немесе қазақтың халық әуенін өңдеу, таңдау бойынша 2 шығарма),
8) 8-9 сынып – бірінші, үшінші тоқсандарда: техникалық сынақ (гаммаларды, арпеджионы, этюдтерді орындау, сынып бойынша талаптарға сәйкес терминдерді білу), екінші, төртінші тоқсандарда: бітіру емтиханы (түрлі сипаттағы 3 шығарма).
86. Музыкалық білім беруде оқыту нәтижелерін бақылау өлшемшарттары пән бойынша ағымдық үлгерім нәтижелерінен және концерттік көрсетілімдерден алған бағаларынан тұрады.
Педагог білім алушының жұмысын бағалау кезінде келесі өлшемшарттарды ескереді: білім алушының аспапты тиісті деңгейде меңгергенін көрсетуі, көркем бейнені толық және сенімді ашуы, орындалатын шығарманың стилін түсінуі және орындаушылық интерпретацияда көрсетуі.
87.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет