Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


Оқушыларды wiki-ді пайдалануға тарту



Pdf көрінісі
бет157/411
Дата19.03.2022
өлшемі4,34 Mb.
#136077
түріБағдарламасы
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   411
Байланысты:
2. Мұғалімге арналған нұсқаулық

Оқушыларды wiki-ді пайдалануға тарту 
Бұл оқушылар тобы үшін сабақта wiki-ді пайдалану жаңалық болды. Біз алдыңғы 
сабақта «Википедия» деген не екенін түсінуге бірнеше минут қана бөлдік, бірақ тақырып 
толық ашылған жоқ. Оқушыларды жұмысқа тартып, әрекеттерге қатыстыру үшін, олардың 
біреудің жұмысын өзгертуге және оны өзінің түсінігімен ауыстыруға жеткілікті деңгейде 
сенімді болғаны керек. Сабақтың басында пайда болатын проблемалардың алдын алу үшін, 
мен өзімнің wiki беттеріме белгісіз бір дереккөз араласып кеткендей етіп көрсеттім де, 
тақырыпты қайта қарау кезінде оларды түзетуге сынып оқушыларынан көмек сұрадым.
Менің беттерімді өзгертуде және үй жұмысы ретінде берілген бір-бірінің wiki беттерін 
редакциялау тапсырмасы кезінде де оқушыларда қиындық тудыратындай ешқандай мәселе 
болған жоқ, бұл «өзін-өзі жетілдіру» ретінде қаралды.
Жұмыстың бұл түрін пайдалануға үйренген сынып, кейін бір-бірінің жұмысын емін-
еркін түзете және жақсарта алу мүмкіндігіне ие болды. Менің ойымша бұл олардың wiki-ді 
дұрыс пайдалануын дамытуға көмектесті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   411




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет