4 КІРІСПЕ Осы «Мұғалімге арналған нұсқаулық» «Тиімді оқыту мен оқу» Қазақстан Республикасы
педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) зерде-
леу және меңгеруге көмектесетін негізгі материал болып табылады. Аталған Бағдарламадан
күтілетін нәтижелер
оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп , соның нәтижесінде еркін,
өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары
жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын
қамтиды.
Мектеп әкімшілігі мен білім беру жүйесін басқару органдарының мұғалімдерді тиісті ре-
сурстармен қамтамасыз ету қызметінен гөрі, оқушыларды тәрбиелеу, дамытуға бағытталған
мұғалімнің сыныптағы күнделікті жұмысы оқыту үдерісі мен оқушылардың оқу нәтижелеріне
көбірек ықпал етеді (Barber and Mourshad, 2007). Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін
өрістетудегі