АКТ-ны қалай қолдану керек Технологиялық білім сыныпта АКТ-ны қолдану жөніндегі білімдерді қамтиды.
Мектептегі технологияларға мыналар жатады:
• Теледидар бағдарламалары;
• Сандық теледидар;
• Интернет/ WWW;
• Ұялы телефон;
• Ұтқыр қондырғылар;
• Компьютер/ноутбук.
Сандық видеоны қолдану Бағдарламалық жасақтама (БЖ) Windows-тың көшірмелерінің көбісінде видеоны редакциялауға мүмкіндік беретін тегін
және қолданыста өте жеңіл Windows MovieMaker бағдарламалық жасақтамасы бірге жүреді.
БЖ тегін болуына қарамастан, видеоны редакциялауда таптырмайтын құрылғы. Осы БЖ-ның
бізге ұсынатын мүмкіндіктері құны жүздеген фунтқа жететін басқа бағдарламалар ұсынатын
мүмкіндіктерден еш кем түспейді. Бірақ бұл құрылғыда қолданушылардың көбі әдетте қолдана
бермейтін бірқатар жоғары техникалық функциялар жоқ. БЖ орнатылған iMovie деп аталатын
Macintosh компьютерінің көбісінде осыған ұқсас функциялар орналастырылған.
Кейде бейнекамераны қолдану қиын болып жатады, дегенмен Сізде камерамен бірге
жүретін диск және қолдану жөніндегі нұсқаулық болса, жұмысыңыз жеңілдейді. Бағдарламалық
жабдықтарды сенімді түрде колданудың жалғыз жолы – оларды пайдалануды бастау. Ол үшін
кез келген қысқа бейнеклипті жүктеп алып, өзіңіздің бағдарламалық жасақтамаңызға енгізіп,
онымен мұқият жұмыс істеңіз. Бұл жұмыс алғашында біраз уақытыңызды алуы мүмкін, бірақ